Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

Сығанақ алғашқы қазақ мемлекеті – Ақ Орданың астанасы

Бүгінгі күнге дейін «Көшпенділер отырықшы өркениет жасамаған, сондықтан олар мемлекеттілік деңгейіне көтеріле алмаған» деп қарайтын сыңыржақ пікірдің сеңі бұзылмай отыр. Әттеген-ай дейтін бір жағдай мұндай пікірді қолдаушылар европалықтар былай тұрсын, отандық тарихшыларымыздың арасында да кездеседі.
Көшпенділік ол тек экзотика емес, ол адамдардың өмір сүріп отырған төл табиғаты, жер-суы, ауа-райы, тұрмыс салтына орай көк тәңірінің адамзатқа берген сыйы, өркениеттің ерекше құбылысы. Кезінде «Көшпенділерді малы мен бірге өріп, бірге жусаған қауым» деп таныған немістің таңдаулы философтары Ф. Гегель және И. Кант табиғатпен тайталасып өмір сүрген қауымға европалық сырт көзбен сүзе қарамай көшпенді халықтың өз өмірімен етене танысқан болса олар тіптен өздері де көшпенділердің ортасында қалып қоюы мүмкін еді. Көшпенділер делінетін жұрт өзгеге ұқсамайтын сындырлы өркениет жасады. Деректерге жүгініп көрелік.

Мүбәрәк-Қожа кезінен Ақ Ордада басталған бүліншілік 16-17 жылға жалғасты. Тек 1351-1361 жылдар аралығында Ақ Орданың 8 ханы өлтірілді. Бүліншілік 1361 жылы Орда тағына Шымтайұлы Орыс ханның келуі арқасында тынышталды. Орыс ханның таққа келуі Ақ Орда мемлекеті және оның астанасы Сығанақтың өрлеу дәуірі болып табылады.
Түрік тілінде жазылған, авторы белгісіз «Аноним Искандердің» тұжырымына жүгінсек «Орыс хан Ақ Орданы түбегейлі дербес мемлекетке айналдырды» [ ]. XIV ғ. екінші жартысында Ақ Орда мемлекеті «Орыс хан ұлысы» атанған тұстары бар. Орыс хан Сығанақта хан сарайын салдырды. Қазақтың алғашқы қарулы қолы «Алаш мыңдығын» жасақтап, ақ қара ала ту алып жауға шапты.

Ақ Орданың астанасы ретінде Сығанақтың нағыз шарықтап өскен кезеңі Орыс ханның тұсы. Орыс ханның атында ақша соғылды. Орыс ханның елі тарихи әдебиетте «Алаш елі» атанды [ ]. Ш.Уәлиханов және А.И.Левшиндер Орыс ханды «Алаш хан» деп атап, оны қазақ хандарының атасы деп тануы тегіннен тегін емес [ ]. Қазақ түсінігінде «Алаш» ұғымы «қазақ» атауының баламасы болып табылады. Сондықтан Алаштың астанасы Сығанақты қазақтың астанасы деп тануға толық мүмкіндік бар.

Сығанақты астана еткен Ак Орда мемлекеті қазақтың алғашқы мемлекеті ғана емес, қазақ халқы оның ұлттық ой санасы қалыптасуының ұйытқысы (концентрат) болып табылады. Олай болуының себебі мынада:
1. Ақ Орда Жошы Қыпшақ ұлысының әскери сол қанаты ретінде қазақ даласының төрінде, бұрынғы қыпшақ хандығының негізінде құрылды. Билікке Шыңғыс хан әулеті өкілдері келгенімен қазақ қоғамының дәстүрлік сыр-сипаты орасан өзгерістерге ұшыраған жоқ.
2. Ақ Орданың территориясы (Ертістен Сырдәрияның құйғаны, Саураннан-Арал, Қараталдан Төменге (Тюмень) дейінгі) қазіргі Қазақстан аумағының көлемді бөлігін (шамамен 60-65%) қамтиды.
3. Ақ Орда халқының негізгі бөлігін қазіргі қазақ халқын құрап отырған байырғы тайпалар (Үйсін, Қаңлы, Дулат, Арғын, Қыпшақ, Найман, Жалайыр қатарлы) құрады.

Әдебиеттер:
1 Уәхит Хамзаұлы Шәлекенов. Түріктің отырықшы өркениеті. - Алматы; Қазақ университеті. 2003, 100-б.
2 Майдар Д. Турчин П., Сайн-Эр. Д. Градостроительство МНР. - УБ, 1983. - С. 3
3 Цолмон С. Монголын Алтан Ордон Улс. - УБ., 2006., 119.
4 Жүсіп Баласұғын. Құтты білік. - Алматы, 1986. 602-605-бб.
5 Бартольд В.В. Худуд ал-Алам . Рукопись Туменского Л. 1930; Ninorsky V. Hudud al-alam. The region of the World. A/ Pershian Geography., 372, A. N.982, A.D. London, 1937. p.44
6 Академик В.В. Бартольд работы по исторической геграфии. Соч., Т. ІІІ. - С. 229.
7 Д′Оссон К. От Чингисхана до Тамерлана. – Алматы, 1996. - С. 116.
8 Амар А. Монголын товч түүх, УБ, 1989, 144-б.
9 Тизенгаузен В.Г. СМИЗО. Т. 2. - С. 130, 211.
10 Греков В.Г. Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. - М.Л., 1950. С. - 316
11 Артыкбаев Ж.О. Материалы к истории правящего дома казахов. - Алматы, 2001. - С. 42-45
12 Валиханов Ч.Ч. Собр.соч., в пяти томах. Т.2. - С. 160-161; Левшин А.И. Описание киргиз-казчьих или киргиз-кайсакцких орд и степей. 4-1. - СПБ, 1832. - С. 274-275;
13 Тарих-адамзат ақыл ойының қазынасы: он томдық. Т. З. Ортағасырлақ тарихи ой – 2005, 370-371-бб;
14 Абд ар-Раззак Самарканди. «Қос жарық жұлдыз туылып, қос өзеннің қосылағн жері» атты еңбегіннен. СМИЗО. Т. 2. - С. 197.
15 Лома. Монголын Боржигин овгийн түүх. (Моңғолдың Боржығын тайпасының тарихы). Хөх хот. 2000., 106-б.
16 Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч., в пяти томх. Т.4. - Алма-Ата, 1987. - С. 14.
17 Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера земли. - М., 1997. - C. 231-232.