Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 81 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Тіліміздегі тұрақты сөз тіркесінің көркем шығармада қолданылуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСІ 11
1.1 ҚАЗАҚ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ РӨЛІ 11
1.2 КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДІК ОРАЛЫМДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ 17
1.3 ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫМЫ 32
2 ТҰРАҚТЫ ТІРКЕС ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ 37
2.1 ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР МЕН ТІЗБЕКТЕР 37
2.1 КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ҚОЛДАНЫСЫ (Ж. Аймауытов, О. Бөкей, І.Жансүгіров шығармалары бойынша) 40
2.3 ӘДЕБИ ТІЛІ СӨЗДІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 61
2.4 С.ЖҮНІСОВ ШЫҒАРМАЛРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ТІЛІ 70
ҚОРЫТЫНДЫ 78
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 81

КІРІСПЕ
Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі тарихи бел-белестер, ұлы өзгерістер, сыры ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жетеді. Ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші – көркем әдебиеттің де шынайы болмысы, шеберлігі оның тілі арқылы көрінеді. Ал осы тілдің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігі – фразеологизмдер болғандықтан, әлем жұртшылығы XXI ғасырдың табалдырығын аттаған бүгінгі таңда әдеби тілдің фразеологиялық қорын зерттеудің теориялық және практикалық жағынан да өз негізі бар.

1 ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСІ

1.1 ҚАЗАҚ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ РӨЛІ
Фразеология деген грамматикалық термин гректің фразис (сөйлемше), логос (ілім)-деген сөздерінен біріктіру арқылы жасалған. Тіл ғылымындағы қазіргі мағынасы тұрақты сөз тіркестері деген ұғымды береді. Сондықтан фразеология деудің орнына кейде грамматикада тұрақты сөз тіркестері деп те қолданылады.
Тілдегі жеке сөздер грамматиканың қарамағына еніп, белгілі морфологиялық тұлғаларды қабылдап, өзара бір-бірімен тиісті грамматикалық байланысқа түсіп, сөз тіркестерін құрайды. Сөйлемдегі сөздер, ең алдымен, өзара байланысқан бірнеше тіркестерден тұрады. Мысалға Бұл оқиға бір кішкене қалада болған еді (A. K,.) деген сөйлемді алатын болсақ, бұл сөйлемде жеті сөз бар. Ол сөздер өзара байланысқан бұл оқиға, бір кішкене, кішкене қалада, болған еді, оқиға болған еді, қалада болған еді деген жеті түрлі сөз тіркестерін құрап тұр. Бірақ тіркестер тарихи қалыптасқан, жігі ажырамайтын тұрақты тіркестер емес, әрбір сөздің бастапқы мағыналары мен грамматикалық мағыналары толық сақталған, морфологиялық тұлғалары мең тіркестегі орындарын ауыстырып қолдануға келетін ерікті тіркестер.

1.2 КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДІК ОРАЛЫМДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Фразеологизмдердің көркем әдебиет тіліндегі маңызы мен рөлі туралы тұжырымды ойды біз Х.Кәрімовтің еңбегінен кездестіреміз. Автордың пайымдауынша: “Әдеби шығарма тілін көркемдеп, жандандырып, нәр беруші амалдардың бірі – халық тіліндегі тұрақты фразеологиялық тіркестер. Олар тілдегі бейнелі экспрессивті-эмоциялы бояуы қанық амалдардың қатарынан орын алады. Олар – ұлттық психикалық өзгешелігінің негізінде қалыптасқан образды ойлау тілінің үлгілері, халықтық даналыққа суарылған өткір құралдар” [1, 134].

1.3 ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Лексикалық құрамның толығуында басқа да тілдік бірліктердің әсері болып отырады. Бұлардың қатарына тұрақты тіркестерді де жатқызамыз. Өйткені, Ә.Болғанбаев пікірінше, «фразеологизмдер бір бүтін единица ретінде қолданылуы жағынан лексикалық единица – сөзге ұқсайды» [21,189]. Тілдік бірліктердің ішінде фразеологиялық құрылымдардың алатын орны ерекше. Олардың лексикалық тұрғыдағы қызметі барынша баяндалып отырды, баяндалып та отыр. Тілдік бірлік бір ғана қызмет атқарып қоймайды. Дұрысы – өзінің негізгі қызметінің үстіне қосымша қызметке ие болуы орын алады.

2 ТҰРАҚТЫ ТІРКЕС ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
2.1 ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР МЕН ТІЗБЕКТЕР
Фразеологизмдерге тон үш түрлі ортақ белгі болғанымең бұлар бір-бірінен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы бірінен ап-айқын көрінсе, екіншісінсн көмсскі, үшіншілерінен өте солғындау болып кездеседі, Сондықтан фразсологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады Зерттеушілср бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардыц ара қатысына қарай жіктеп бөлсе скіншілері құрылым-құрылысы жағынан, үшіншілер атқаратын қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Орыс тілі білімінде академик В. В Виноградовтын, классифнкациясын негізге алып бөледі. Бұл классификацияны Отандық тіл- ғылымына басшылыққа алғалы 30—40 жылда уақыт өтті. Қазақ тіл біліміндс де осы классификацияны бірден-бір арқау етіп келе жатырмыз.

2.1 КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ҚОЛДАНЫСЫ (Ж. Аймауытов, О. Бөкей, І.Жансүгіров шығармалары бойынша)
Қазақ халқының рухани жан-жақты дамуына, ұлттық ерекшелікке, ұлттық болмысқа өз шығармаларымен зор үлес қосқан ақын-жазушылардың туындыларын зерттеп, олардың қаламына іліккен, қаламынан туған көркемсөз үлгілерін талдап, таразылап, анықтау қазіргі кезде өзекті мәселе екендігінде дау жоқ. Әр қаламгер заман озған сайын тілдік қолданыстар, соның ішінде фразеологизмдерді құлпыртып, жаңғыртып, жаңартып қолданады. Ж.Аймауытұлы, Б.Майлин және О.Бөкей көркемсөз үлгілерінің ішінде фразеологизмдерді сол қалпында немесе жаңғыртып, жаңартып, соны қырымен шебер пайдаланды. Ж.Аймауытов, Б.Майлин, О.Бөкей өздерінің шығармаларында фразалық тіркестерді талғаммен, ұтымды пайдалануы шығарманың тілін әрі бай, әрі образды, әсерлі етеді.

2.3 ӘДЕБИ ТІЛІ СӨЗДІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
М.Жұмабаев шығармаларындағы тілдік құралдардың қолдану мақсатын айқындау, шығарма шырайын кіргізетін сөздердің экспрессивтік-эмоноциалдық бояуын көрсете отырып, олардың көркемдік-стилистикалық қызметін саралау, соның негізінде М. Жұмабаев шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктерін көрсету, сол арқылы қаламгердің көркем шығармаларының басқа суреткерлерден ерекшеленетін стильдік қолтаңбасын анықтау, үшін біраз поэзияллық шығармаларын мен прозалық шығармларын салыстыра талдағанымызда көркем шығармадағы лингвомәдени тілдік бірліктерді айқындап, олардағы ұлттық сипаттық басымдығы, метафораның фразеологиялық тіркестермен арақатынасы фразеологияның бейнелігін тудырудағы метафораның орны және оның жазушы тіліндегі қолданыс ерекшеліктері байқалды.

2.4 С.ЖҮНІСОВ ШЫҒАРМАЛРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ТІЛІ
Қай халықтың болмасын асыл сөздің ең тамаша үлгілері, ғажайып үрдісі ауызша жасалған әдебиетте сәулеленген. Өкінішке орай, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті арасындағы байланысты мұқият қадағалап, жаңа әдебиеттің қалыптасуына, дамуына қосқан фольклордың ықпалын қалыпты зерттеу бізде бір ізділікті, тұтас бірлікті танытпайды. Байырғы ауыз әдебиетінің жазба әдебиетіндегі көрінісін тексеру, кешенді зерделеу тек қана фольклористердің ғана үлесі емес. Ол бүкіл әдебиеттану ғылымына ат салысушы қаламгерлердің маңызды міндеті.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ әдеби тілі тарихывда ерекше кезең больш саналатын XX ғасырдың басында пайда болған көркем проза қысқа уақыттың ішінде шын мәніндегі жазба көркем прозаның сипатын ала бастады десек, бұл туындыларды қазақтың алғашқы прозалық шығармалары деп тануымыздың бір ұшы оның көркем түр тапқан тілдік-стильдік қасиетінде жатыр. Халық даналығынан туған көкейге қонымды көркем сөз орамдарын-фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді мейлінше мол қолдануы алғашқы көркем проза тілінің ерекшелігі болып табылады. Түрі жағынан оларды көркем прозалық шығарма дөрежесіне жеткізіп тұрған да - осы тіл ерекшелігі екендігіне көз жеткіздік. Себебі фразеологизмдер — тілдік бірліктердің ішінде аккумулятивтік қызметі ерекше байқалатын, әдеби тіл дамуы кезеңдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын тілдің ажырамас бір бөлігі. Көркем кестелі фразеологизмдермен салынған сұлу суреттер арқылы алғашқы прозалық шығармалардың тілі де, стилі де таза халықгық тілдің тамаша үлгісінде болғандығы дәлелденді.