Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 29 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Абай шығармалары – дәуір ұраны


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Абай шығармалары – асыл мұра 4
1.1 Абай шығармаларындағы салт-дәстүр мен әдет-ғұрып көрінісі 4
1.2 Абай шығармаларындағы киім атауларының лингвистикалық сипаты 8
2 Абай шығармаларының ерекшелігі 15
2.1 Абай қарасөздерінің ерекшелігі 15
2.2 Абай шығармаларындағы афоризмдер сипаты 21
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29

КІРІСПЕ
Даналық өлшеміне айналған ойшыл Абайдың ой дүниесі біздің негізгі идеялық, ұлттық қаруымызға айналып, қазіргі заманғы сын таразысынан өтіп, бүгінгінің биігінен түспей, ертең де еңселі болуы үшін әлі де зерттеп-зерделей, танып-таразылай береріміз заңдылық, айнымас ақиқат.
Бүгінгі ғылыми нысанда Абай тақырыбы әр қырынан зерттелу үстінде, шешімін табуды қажет ететін мәселелер әлі де жалғасуда. Мұхтар Әуезов: «Абай кешкен өмірді, Абай қалдырған мұраны тану керек, зерттеу керек дегенді бәріміз де түсіндік. ...Тегінде Абай шығармасының аздығынан кенде боп жүргеніміз жоқ» [2,251 б.] – дей келе, Абай тақырыбын әрі қарай байыптай түсуге шақырады. ... «Ал Абай жәйін зерттеушілерге өзгеше бағалы, өзі соны және үлкен ғылымдық, тарихтық қасиеті зор бір алуан істер бар. Енді бір кезек көңіл бөлгенде соған бөлсек екен. Ол – Абайдың дәуірін танытар мағлұматтар. Бұған үлкен де, ұсақ та нәрселер кіреді. Бірақ бәрі-бәрі де Абай өлеңдерінің ішіндегі көп-көп өзгеше жолдардың сырын, нәрін, мәні-жөнін танытады [2,252-253 б.].

1 Абай шығармалары – асыл мұра
1.1 Абай шығармаларындағы салт-дәстүр мен әдет-ғұрып көрінісі
Әр халықтың рухани өміріндегі ең ерте қалыптасқан ұлттық белгісінің бірі – оның әдет-ғұрып, салт-дәстүрі. Сонымен қатар, олар өмір тіршілігінің әлеуметтік-моральдық мазмұн-сипатын иеленген сыры терең құбылыс болып танылады. «Тіл – халық өмірінің материалдық және рухани байлығын бойына жиған, оның наным-сенімдерін, дәстүрін көрсететін, ұрпақтан-ұрпаққа беріп отыратын баға жетпес байлық». Тіл, сондай-ақ, дәстүр жалғастығына арқау да бола алады. Тарих ғылымының зерделегеніндей, «ұрпақ алмасуы тоқтамаған жерде дәстүрлік сабақтастық үзілмейді». Дәстүр сабақтастығының, мәдениет сабақтастығының айғағын Абай шығармалары болмысынан айқын аңғара аламыз.
Лингвомәдениеттану саласында маңызды орын алатын тіл мен мәдениет арақатынасы мәселесі ғалым Ж.А.Манкеева зерттеуінің басты нысанына айналған. ...»Әр тіл – өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе» [1,91б.].

1.2 Абай шығармаларындағы киім атауларының лингвистикалық сипаты
Абай шығармалары эстетикалық сипаттағы немесе адамның рухани әлеміне әсер ету құралы ғана емес, суреткердің шығармашылық шеберханасынан қазақ халқының ұлттық болмысы мен салт-санасы, тұрмыс-тіршілігінің суретін танып, жалпы мәдениеті жайлы мол мағлұмат алуға болады.
Абайтанушы ғалым Р.Сыздықованың атап көрсеткеніндей, Абай өз заманын, қазақ қоғамын, мәдениетін, экономикалық тұрмыс-тіршілігін тарихшы немесе өнертанушы болып баяндамайды, ақын болып сөзден сурет салып, сөз кестесін, өлең өрнегін тоқиды. Соның бірі – халықтың рухани-материалдық мәдениетіне қатысты лексиканың бір түрі киім-кешек атауларының қолданылу мақсатына байланысты.

2 Абай шығармаларының ерекшелігі

2.1 Абай қарасөздерінің ерекшелігі
Абай халқының даналығын жете меңгерген, дала данагөйі әлемдік ақыл-ой шыңына көтеріле алғанын өлеңдері мен қарасөздері өзегінен таба аламыз. Абай шығармаларының өміршең болуының бір себебі – даналық дүниетанымында екені ақиқат. Абай философиясы – оның ойлау биігінің, пайым-парасатының өлшемі, ал философиялық ілімнің өзі адамзаттың ой құдыретінің биік көрінісі екендігі шүбәсіз. Абай ақыл-ойының жүлгесі дала философиясындағы «көне көздердің» терең ой иірімдеріне жетелейді. Осы мәселеге орай, ұлы Абайдың әлемдік ой алыптары мен ой таластырған, «сөз жарыстырған» дүниетанымын, олардың шығармаларын салыстыра отырып, көз жеткізе аламыз. Абай қарасөздері – ұлттық рухтың бірегей көрінісі, рухани биіктіктің өлшемі. Ұлы Абай қазақтың тілі мен ойының мәйегі, пайым-парасатының деңгейіне айналған шығармаларды ұрпаққа мұра етті. Абайдың бізге қалдырған рухани мұрасында әлемдік философиялық ой қазынасына қосылар құнды пікір-пайымдаулар мол және ол жайлы үнемі айтылып келеді. Философиялық сырын тарқатқан зерттеулер де бар. Ойы терең, мәні құнды еңбектердің қатарында қарасөздер қомақты орын алады.

2.2 Абай шығармаларындағы афоризмдер сипаты
Қазіргі таңда қазақ тіліне әлеуметтік сұраныстың жоғарылауы сөйлеу тіліне тән ұлттық ерекшеліктерді айқындауды қажет етіп отыр. Сөйлеудің жалпыланған түрлерінің болуы ойлаудың адамзатқа тән ортақ логикалық құрылымымен байланысты. «Сөйлеу әрекетінде жалпылылықпен қатар әр ұлттың дүниетаным ерекшелігінің тілдік бейнесі беріледі. Ұлттық ерекшеліктің белгісі, ең бірінші, сөйлеу актісінің берілуінен көрінеді. Сөйлеу актілерінің тілдік көрінісі ұлттық ерекшелікке бай» [17,149б.]. Сондай құндылықтар қатарына біз афористік ойлау үлгілері жатады. Қазіргі жоғары қарқынмен дамыған, ақпараттар ағыны тасқындаған, техникасы қарыштаған заманда, уақыты шектеулі тіл тұтынушының қолдануына ықшам әдеби жанр – афоризмдер өте ыңғайлы, яғни ойына ой қосу, пікір түю, ойын өзгеге жеткізу сияқты функция атқару үшін афоризм көмегі керек-ақ. Ол өзінің толықтай түйінімен де қазақ ұлтының менталитетіне өте жақын келеді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Абай өз халқының рухани мәдениеті мен ой-санасын жаңа сатыға көтерді, жаңа рухани кеңістік ашты, шындықты көркем тұрғыда игерудің бұрын белгісіз болып келген үлгілерін өрнектеді. Біздің дәстүрлі мәдениетіміздегі үлгілерден түбірлі айырмашылығы бар үлгілер жасады. Ол жаңаша ойлау мен тың көзқарас негіздерін, басқа этникалық және эстетикалық құндылықтарды қалыптастырды. Мәдениеттің кейінгіге мирас болар табиғатына қатысты алғанда, Абай тіліндегі лексика көркем эстетикалық қызметте де, ең бастысы, халықтың тарихи-мәдени тұрмысынан хабардар етер ақпарат көзі ретінде де талдап-танылуы міндет. Абай шығармаларының мәтіні ұлттық мәдени құндылықтарды тек сипаттап қана қоймайды, кейінгі толқын Абайдың тілі арқылы ұлттың дүниетанымы мен болмысынан хабардар болып, дүниенің ұлттық тілдік бейнесі көмегімен олардың мазмұнына қанығады.