Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Орта ғасырлық Батыс Европадағы саяси-құқықтық ілім (VI-XVғ.ғ.)

Эволюциялық даму нәтижесінд қарай тарихшылар орта ғасырлар кезеңін үш дәуірге бөледі:
1 Ерте феодалдық кезең (V—XI ғ.ғ. ) Бұл кезде феодализм қоғамдық-экономикалық формация ретінде қалыптасты, әлсіз ұйымдасқан ірі мемлекеттер пайда болды, олар біртіндеп саяси батыраңқылыққа ұшырады.
2 Феодалдық қоғамның дамыған және гүлденген кезеңі (XI ғ. ортасынан — XV ғ. соңына дейін). Бұл кезде бір орталыққа бағынған сословиелі — өкілді монархиялар өмір сүрді.
3 Кейіңгі орта ғасыр (XV ғ. СОҢЫ — XVII ғ. басы) Феодалдық қоғам әлсіреп, дағдарысқа ұшырады, капиталистік қатынастар пайда болды, абсо-лютті монархиялық билік орнады.

Фома Аквинскийдің айтуынша барлық зандар субординация тізбектері арқылы байланысқан. Бұл заңдардың ең шыңында бүкіл әлемді басқарушы қүдайлық сананың жалпы принциптері, универсальды нормалар — мәңгі заңдар тұрады. Мәңгі зандар құдайдан келген, ол өздігінен өмір сүреді, басқа заңдар мәңгі зандар негізінде пайда болған.
Табиғи заңдар — мәңгі зандардың адам санасындағы бейнеленуі болып табылады. Табиғи зандарды нақтылауға адамгершілік (позитивті) зандары қызмет етеді Оның мақсаты — адамдарды күшпен жәнс қорқытумен зұлымдыққа жоламауды және қайырымдылыққа жетуге мәжбүрлеу болып табылады.
Заңның келесі түрі — құдай заңы Библияда берілгсн жәнс ол екі жағдайда кажет. Сондықтан да ақиқатты құдайдан да іздеуге тура келеді.

Сол кездегі италияндық республикалардағы саяси институттардың тәжірибесіне сүйене отырып, Марсилий Падуанский мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамдардың сайланбалы принципін ұсынды. Ол мемлекеттік құрылымның ең үздігі деп таныған монархиянын өзінде де бұл принципті колдануға болады деп есептеді. Оның айтуынша мүрагерлікпен келген мо-нархқа қарағанда, сайлау арқылы билікке жеткен монархтың өкілеттілігі де, билігі де ауқымды және әділ болмақ.
Орта ғасырлардағы феодалдық езгі мен зорлық-зомбылық, теңсіздік және қайыршылық өмір қаналушылардың наразылығын туғызды. Қоғамдық санада үстем болған христиан дінінің ықпалы бұл наразылықтарға өзінің діни сипатын берді.