Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жаралыстану ғылымдары

Тип: Реферат

Объем: 22 стр.

Полный просмотр работы

Әлемнің жеті кереметі

Жоспар
1. Мысыр пирамидалары 3
2. Вавилондағы аспалы бақ 6
3. Эфестегі Артемидасының ғибадатханасы 8
4. Галикарнасс мавзолейі 11
5. Родос алыбы 14
6. Александрия маягі 17
7. Олимпиадағы Зевс мүсіні 20

1. Мысыр пирамидалары
Ежелгі Египет. Ғажайып пирамидалар.....
Сәулетшілер.Олардың көпшілігінің есімдері өздері жасаған ескерткіштерде тасқа қашалған. Бұл ескерткіштердің ой жетпес асқаралы міндетінің өзі египеттіктердің көз алдында оларды жасаушыларды да тұлғаландыра түсті.
Және олар өз еңбегі мен даңқын түсінетін. М: б.ғ.б. XYI ғ. өмір сүрген атақты сәулетші Иненидің бұйрығы бойынша храмға ойып жазылған мынадай сөздерді оқуға болады:

Биіктігі 60 метр бұл пирамида жоғарылаған сайын кішірейе беретін бірнеше мастабадан /орындық/ тұрады. Бұған дейін болмаған ұлылық әсетіне осылай қол жетті. Одан кейінгі пирамидалар енді толассыз үшкірлене беретін, шыбын тайып жығылатындай жылтыр, жоғары нүктеде бір деммен табысатын қабырғалары арқылы ешбір тоқтаусы көкке өрлей береді.
Солардың ішіндегі ең атақтысы, биігі Хеопс пирамидасы. Бүкіл әлемдік өнерде ұлы мақсат мейлінше дәл, мейлінше айбынды, сонымен бірге мейлінше мүлтіксіз бейнелеген сәулет ескерткіші. Таста мәңгі бейнеленген керемет күш, ғаламат геометриялық абстракция. Ақылға сыймас ажалды тәлкек етудің өжет дәлелі жүздеген мың адамадрдың коллективтік еңбегімен осындай зәулімдер жасаған адамзат кемеңгерлігі ұлылығының өшпес куәсі. Олар патшаларды мадақтау үшін салынды, бірақ оларда тұтас халықтың қуатты, мүмкін саналы түрде болмаса творчестволық еркі өз бейнесін тапты.

2. Вавилондағы аспалы бақ
Вавилонның аспалы бағы пирамидаға қарағанда жастау. Бұл аспалы бақ грек әлеміне қарағанда Мысырдың көне дүниесіне жақын. Егер пирамидалар талайдың ғұмырына куә болып, ғасырларды көктей өтер, аспалы бақтың құдіреті де боркемік қыш қабырғасы кешікпей Вавилонмен бірге құлады. Вавилонның құрылысшылары салған аспалы бақ төрт қабаттан тұрады. Әрбір қабаттың жаппасы 25 метрлік колонналарға жалғасып жатыр. Қабаттардың табанына тас тақталар төселіп, оның үстіне қамыс жайылған. Су өтпес үшін қамыс үстіне асфальт пен қорғасын құйылған.

3. Эфестегі Артемидасының ғибадатханасы
Сонымен Эфес Артемидасының ғибадатханасына қысқаша тоқталар болсақ. Біздің айтылар әңгіме екі ғибадатхана, екі сәулетші және екі қылмыскер туралы айта кеткен жөн болар. Мұнда зұлымдық пен мейірімділіктің қайсысының бел алғандығын айрыу да оңай емес. Грек әлеміндегі ең дамыған, байлыққа бөккен, оған қоса Шығыс мәдениетімен толыға құлпырған Эфес қаласы. Иониядағы грек қалаларының ішіндегі көрнекіліктерінің бірі болатын. Сонымен тереңірек танысар болсақ, соңғы уақытта ғибадатхана әлденеше рет салынады.

4. Галикарнасс мавзолейі
Кейінгі классикалық грек архитектурасының ең ғаламат зор ескерткіштерінің бірі- парсы провинциясының билеушісі ???? Галикарнас қаласындағы (Кіші Азияда) мазары еді. «Мавзолей» сөзі де соның атынан келіп шықты. Мовзолейді сәулетшілер Сатир мен Пифий салды, ал оның мүсіндік безендірілуі бірнеше шеберлерге тапсырылды. Олар Скопас (басшылық етті), Пракентель, Лисипп – кейінгі классикалық ең ұлы грек мүсіншілері еді. Бұлардың әрқайсысы өзінің дүние жайлы жарқын да, дара түйсігін, өзінің сұлулық мұратын, өзінің мінсіздік жөніндегі ?? бейнеледі. Сөйтіп олар жеке, өздері ғана ашқан жаңалық арқылы мәңгілік – жалпы адамзаттың асқар биікке жетті. Олардың әрқайсысының творчествосындағы бұл жеке қасиеттер дәуірмен үндесіп жатты, сөйтіп олар замандастарының өздерінің жеке сезімдерімен, аңсаған армандарымен сай келетін жай күйін бейнеледі.

5. Родос алыбы
Родостықтарға Поликраттың шабуылы өтіп кеткесін өздерінің желеп, жебеушісі ретінде Гелистің мүсінін салуға пәпу жасады. Родостықтар өздері тұрақ еткен арал осы құдайдың тілегімен теңіз түбінен көтерілді дейтін.

6. Александрия маягі
Александр Македонский есімімен байланысып жатқан кереметтердің бірі – Александрия маягі. Александрияның ірге тасы біздің жыл санауымызға дейінгі 332 жылы Ракотис деп аталатын Мысыр қалашығының орнына қаланып, Нілдің атырауына жайыла салынған.
Александрия аймағы дүние жүзіндегі ең бір халқы сапырылысқан, іскерлері көп мекен болғандықтан да қолайсыздау еді. Нілдің жойқын лай ағындыларынан пайда болатын құм қайрақ пен тас шөгінділерінің ортасынан жол тапқыш шебер лоцмандарға ұдайы зәру болатын. Ақыры теңіз жолының қауіпсіздігі үшін Александрия кірер ауыздағы Фарус аралынан маяк салуға шешім қабылданады. Біздің жыл санауымызға дейінгі 285 жылы арал мен құрлықтың арасына бөген салынады да архитектор Сострат Книдский іске кіріседі.

7. Олимпиадағы Зевс мүсіні
Олимпиадағы Зевс мүсіні – Еуропа құрлығындағы әлемнің жалғыз ғана кереметі. Зевстің Олимпиаға тікелей қатынасы болған. Бұл өңірдің әрбәр тұрғыны дәл осы жерде билікті балаларынан қызғанып, оларды тірілей жұтқысы келген қанішер Кронды туған ұлы Зевстің жеңгенін жақсы білетін. Әр халықтың қиял-ғажайып ертегілерінде мейірбан жанның ұшарасатыны сияқты, нәресте Зевске де бір қамқор тап болып аман қалады. Кронның әйелі Фея күйеуінің алдына Зевс деп, тас кесекті қойғанда Крон сол тасты жұтып жіберген. Сірә, Крон өз балаларын бітеудей жұтса керек.