Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 38 стр.

Полный просмотр работы

Қағаз ақшалар және оның ақша айналысы

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қағаз ақшаның пайда болуы 5
2 Ақша айналысының сипаттамасы және ақша жүйесінің негізгі заңдылықтары 9
3 Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар,олардың айналыс заңдылықтары 21
4 Қазақстан Республикасындағы ақшалар және ақша нарығы 26
5 Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы 31
Қорытынды 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 38

Кіріспе
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі,айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.

1 Қағаз ақшаның пайда болуы
Қағаз ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ. Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектептің өкілднрі ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.

2 Ақша айналысының сипаттамасы және ақша жүйесінің негізгі заңдылықтары
Ақша айналыс құралы қызметінде тауарлардың өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауысып отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша делдал рөлін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды.

Инфляция философиясы мынаған саяды: оның тереңдеуінің арқасында экономиканы уақытша қозғалту факторынан ұдайы өндіріс процесін тежеуге айналады. өндіріс қарқыны төмендеп, экономикалық өсу пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта механизмі бұзыла бастап, елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайын ұйымдастыруды бұзып, экономикалық қылмыс, көлеңкелі экономика және т.б.белсенділігін арттырады.
Инфляция баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағымдағы кезең үшін инфляция деңгейі төмендегідей болып анықталады. Ағым кезеңіндегі баға индексінен өткен кезеңдегі баға индексі алынып, өткен кезеңдегі баға индексіне бөлінеді.

3 Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар,олардың айналыс заңдылықтары
Ақшаның номиналистік теориясы меркантилистердің металлизмге қарсы іс-әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты металл монеталарды, банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстыру біртіндеп орын алды. Ақшалар мен металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдық құрамын белгіледі.

4 Қазақстан Республикасындағы ақшалар және ақша нарығы
Қазақстанның жаңа тарихи шежіресінді ұлттық валютаның енгізілгені шын мәнісінде бетбұрысты кезең болды. Нақ 1993 жылдың 15-қарашасында біздің еліміз нағыз экономикалық және қаржылық тәуелсіздік алды. Теңгенің енгізілуімен бізде егеменді мемлекеттің соңғы белгісі пайда болды.
Ұлттық валютаны енгізгенге дейін Қазақстанның саяси ұстанымы ТМД елдерінің экономикасын біріктіруге бағытталған еді. Шындығында, бірыңғай валютаны пайдалана отырып, кооперацияның артықшылықтарын толайым қолдануға және өзара тиімділікпен ынтымақтасуға болар еді. Алайда, Қазақстандық басшылық пен ТМД-ның басқа Ресейлік рубльдің енгізілуі шын мәнісінде ыдыраудың басталуын білдіреді және басқа мемлекеттердің өз ұлттық валюталарын енгізуге итермеледі.

5 Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы
Ақша реформасы деп – мемлекеттік ақша жүйесіне өзгеріс енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді.
Ақшаның сатып алу қабілеті төмендеп, ол құнсыздана түскен сайын оның айналыстағы мөлшері бірнеше есе өсіп, үлкен сандармен (миллиард, триллион) есептелді. Сондықтан есеп жұмысын жеңілдету мақсатында екі рет демонинация жүргізілді, яғни ақшаның көрсеткіштерін кеміту арқылы оған өзгеріс енгізілді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Атбаева,Гүлдана. Атауы әріден келген теңге тәуелсіздіктің тарихына айналды: [Қаражат] // Алтын орда. 2005-4-10қараша. -4б.
2. Бағалы қағаздар рыногы туралы. Қазақстан Республикасы Заңының ресми мәтіні. Алматы: Жеті жарғы, 2004. -192б.
3. Байназаров, Ғалым. Теңгенің атасы - бір теңге! Бәрі де содан тарайды: [Қай елдің валютасының тағдыры сол елдің экономикасына, бюджетінің қуаттылығына байланысты болады] // Нұр Астана. -2005. – 17 қараша. -3б.
4. Бисенғазиев, Мұқыш Бейсенғазыұлы. Макроэкономика: (Мемлекеттің экономикалық саясат негіздері). Лекция курс /Батыс Қазақстан мем ун-ті. Орал: [Б.Ж.], 2000ж. -170б.
5. Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы: Қазақстан Республикасының Заңы / жауапты шығ.: Б.Хайдаров, Г.Емелина. –Алматы: Жеті жарға, 2005. -68б.
6. Ғабжәлелов, Хайрола. Теңге-тәуелсіздігіміздің тірегі: [Оны өзгертудің астарында қандай мақсат бар] /Боқаев, Қуанбек //Қазақ әдебиеті. -2006. 15-21 қыркүйек. -6-7б.
7. Жалпы экономикалық теория : оқулық / Ө.Қ.Шеденов; Жұбанов аиын. Ақтөбе мем. Ун-ті. Толықтырылған және қайта өңделген 2-басылым.. –Ақтөбе: 2004. -455б.
8. Кеулімжаев, Қуантхан Кеулімжайұлы ж.б. Бухгалтерлік есеп принциптері: оқу құралы / Кеулімжаев, Қуантхан Кеулімжайұлы, Эжібаев Зоя Нұртілеуовна, Құдайбергенова, Нұрадин Айыпұлы; рец. Ә.Д. Дәулетбеков, К.А. Тайгашинова.-Алматы: Экономикс С, 2003.-360б: таб.
9. Қазіргі экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздік-анықтамалық /құрастырған: М.Р. Насырова. –Алматы, 2003.880б.
10. Қасен, С.Д. , Әсіл, Б.Ө. Бағалар және баға құралуы: Оқу құралы/ҚР білім және ғылым министірлігі С Сейфуллин атын. Қазақ аграрлық ун-ті. – Астана. -2002. – 143б.
11. Қаржылық есеп: оқу құралы / Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева. –Алматы: Экономика, 2001. 330б.: кесте.
12. Мамыров, Нұрғали, Тілеужанова, Манатжан. Макроэкономика: оқулық /ҚР білім және ғылым министірлігі, Т.Рысқұлов атын. Қазақ Экон. Ун-ті. –Алматы: Экономика, 2003. 432б.
13. Оспанов, А. «Ел экономикасының жақсаруымен бірге теңгеміздің де құны артып, тұрақтанып келеді. [15-қараша-Ұлттық ақша –Теңге күні.] //Арқа ажары.- 2006. -14 қараша. -1б.
14. Өмір мен ақша: Ақшаны дұрыс қолданудың негізгі ережелері/ құрастырған: Қ.І. Есенберлин; ред.Б.Ж. Жүсіпова. –Алматы: Көшпенділер; 2002. -128б.
15. Самрат, Жақсыбай. Бәсекегеқабілетті болу-стартегиялық мақсат [Парламент палаталарың бірлескен отырысында депутаттар Елбасының Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша 50 елдің қатарына қосу жөніндегі стратегиясын жүзеге асыру мақсатында жасалған Үкіметтің 2006-2008 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын мақұлдады.] //Егемен Қазақстан. -2006. -17 ақпан. -1-2б.
16. Теңге: шежіре, естеліктер / құраст. Х.Ғабжалелов.-Алматы.: Атамұра, 2003.-212 Төлешова, Гүлнәр Қуанышқызы. Дамыған қаржылық есеп: Оқулық /ҚР білім және ғылым м-тірлігі. –Алматы: Юрист, 2005. 320б.
20. Уоттс, Майкл. Нарықтық экономика әліппесі/ауд. Н.Оразбеков; ред. М.Әкімжанов. –Алматы: Қазақстан, 1995. -96б.
21. Экономкалық саясат: лекциялар /Д.Қ. Қабдиев, Т.Қ. Оралтаев, Ә.Е. Ескендіров. –Алматы: Экономика, 2002. 170б.
22. Ілиясов, Қ.Қ., Құлпыбаев,С. Қаржы: оқулық.-Алматы: LEM, 2005.-552б.