Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 85 стр.

Полный просмотр работы

Бастауыш білім берудегі педагогикалық технологияларға шолу

МАЗМҰНЫ
1 Қазіргі педагогикалық технологиялар - объективті қажеттілік 3
1.1 Қазіргі педагогикалық технологиялар - объективті қажеттілік 3
1.2 Білім беру жүйесіндегі технологиялардың даму генезисі 8
2 Бастауыш білім берудегі педагогикалық технологияларға шолу 15
2.1 Дәтүрлі педагогикалық технология 15
2.2 Ойын технологиялары 26
2.3 Ұжымдық оқыту технологиясы 33
2.4 Топтық технологиялар 47
2.5 Тұлғаға бағдарлы педагогикалық технология 60
2.6 Ынтымақтастық педагогикасы 62
2.7 Ізгілендіру технологиясы 72
Әдебиеттер тізімі 82
ГЛОССАРИЙ 84

1 Қазіргі педагогикалық технологиялар - объективті қажеттілік
1.1 Қазіргі педагогикалық технологиялар - объективті қажеттілік
Қазіргі замандағы білім жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған педагогикалық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.
Педагогикалық технологиялардың көкейтестілігін анықтауда төмендегі қайшылықтарды атауға болады:

Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.
Дәстүрлі оқу пәндерінде шоғырландырылған мақсат пен міндеттер қойылмайды, пәнді меңгерудің басты міндеті болып, ғылыми міндеттерді фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту деңгейінде (кей кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) ғана қалады. Мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерін зерттеу, когнитивті ауқымдағы (Б.Блум) білім беру мақсатының технологиясымен сәйкес, мұғалімнің зейіні мен меңгерілген материалды «Білімділігіне» және «Түсініктілігіне» шоғырланады, ал талдау-жинақтауға, оқушылардың әрекетін өздік бағалауына, мұғалім іс-әрекетіне аз деңгейде назар аударылатынын көрсетіледі.
Педагогтің кәсіби даярылығындағы технологиялық қағида болашақ мамандығына бағдар беретін оқытудың мақсат, мазмұн, оқыту әдістерінің бірілігі болып табылады.

1.2 Білім беру жүйесіндегі технологиялардың даму генезисі
Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы болып табылады.
Технологиялардың пайда болуы ең алдымен әртүрлі теориялық және тәжірибелік іс-әрекет аймақтарына техникалық прогрестің енуімен байланысты. А.С.Макаренко бүкіл әлемдік танымал «Педагогикалық поэмасында»: «Біздің педагогикалық өндірісіміз ешқашан технологиялық логикада құрылған жоқ, әрқашан рухани үгіттеу логикасы бойынша құрылған. Тек сол себепті ғана бізде педагогикалық өндірістің барлық маңызды бөлімдері жоқ: технологиялық процесс, операциялар есебі, конструкторлық жұмыстар, құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер, теріске шығару»,- деген.

Педагогикалық технология - бұл педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе қағидаларында құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы қағидаларды жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Педагогикалық технологияға белгілі ғалым В.П.Беспалько «Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба»,- деп анықтама береді. Мұнда ғалым педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарайды.
В.М.Монахов «Педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі» деп түсіндірді.
Қоршаған ортамен оның қарым-қатынастарына қатысты балаға ғылыми негізделген әсер ету. Н.Е.Щуркова бұл жағдайда педагогикалық технология тек қана тәрбиелік жұмысқа қатысты болады және өзімен қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды. Педагогикалық технология бұл көзқарастан – бұл табиғи және тепе-тең педагогтің іс-әрекеті, жетіліп келе жатқан жағдайды сипаттайды. Психологиялық-педагогикалық және оның жоғарғы руханилығы деңгейінде қазіргі заман мәдениетімен байланыста болады.

2 Бастауыш білім берудегі педагогикалық технологияларға шолу
2.1 Дәтүрлі педагогикалық технология
Математика 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сандарды 4-ке қосу және сандардан 4-ті азайту кестесі.
Сабақтың мақсаты:
1. Санға 4-ті қосып, одан 4-ті азайтуға жаттықтыру, математика теңдігін дәлдікпен дұрыс шешуге баулу.
2. Оқушылардың жан-жақты ойлауын, есептеу дағдыларын дамыту.
3. Ойын элементтері арқылы пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекіліктер: Ауызша санауға арналған мысалдар жазылған карточкалар, есеп жазылған қағаз, «Мысық пен тышқан» ойынына арналған үлгілер.
Сабақтың барысы:

Сауат ашу 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Фф дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды Фф дыбысы жєне єрпімен таныстырып, «Ферма» мәтінін түсініп оқуға жаттықтыру.
2. Оқушылардың сөздік қорын, сөйлемдер құрауда сөздерді сабақтастыру дағдысын дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, қонақжайлылыққа адам еңбегін бағалай білуге тєрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, заттар.
Сабақтың барысы:

Математика 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Екі амалмен шығарылатын есептер.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды екі амалмен шығарылатын есептерді шығаруға үйрету; екінші ондықтағы бір таңбалы сандарды қосу кестесі жайлы білімдерін бекіту.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: 2 тәрелке, 25 кәмпит.
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындалуы. Зейіндерін іскерлікке аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Есептің шартын оқу. Олардың шешуін тексеру. Есептердегі амалдарды айқындау. Есеп неге бір амалмен шығады? Неге бір есеп азайту, бір есеп қосу амалымен шығарылады?
ІІІ. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру.
Бес түрлі жай есеп түрлерін шешіп қайталау. Тақтада 3 оқушы карточка бойынша сұралады. Олар өз беттерінше есепті шешіп, шешуін түсіндіреді.

2.2 Ойын технологиялары
Математика 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Кестелік көбейту және бөлу.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың көбейту кестесі және соған сәйкес бөлу жайлы білімдерін бекіту; жақшалы және жақшасыз өрнектердің мәнін дұрыс табуға жаттықтыру. Арифметикалық амал тәртібін еске түсіру;
2. Оқушы дүниетанымын кеңейту.
3. Сабақта оқушылардың белсенділіктерін арттыру; Математикаға, білімге деген қызығушылығын арттыру.

2.3 Ұжымдық оқыту технологиясы
Ұжымдық өзара оқыту технологиясын (ұйымдастырылған - диалог, байланыстырушы диалог, талгенизм таланттар және дарындылар, оқудың ұжымдық тәсілі, ауыстыру құралында оқушылардың жұппен жұмысы) А.Г.Ривин және оның оқушылары мен ісін жалғастырушылар (В.К.Дяченко, М.Д.Брайтермен, А.С.Соколов т.б.) жасап шығарған. Мұндай технологияда оқу материалын дайындау оқу мәтіндерін, қосымша және анықтама, сабақ тақырыбы бойынша (немесе сабақтар циклі бойынша), оқу мазмұнын меңгеру бірлігіне бөлу (авторлық нұсқада ойлау сағаттары), мақсатты тапсырма жасау, оның ішінде үй тапсырмаларын жасау жатады. Оқушылар екі кезеңді бағдарға алады:

Үйге берілген тапсырма және жаңа сабақ материалдары негізінде дайындалған 3 сұрақтан тұратын тапсырмаларға 4 оқушыдан топтасып 6 топ 10-15 минут бойына бірлесе отыра, жазбаша жауаптарын даярлайды. Әрбір топтың жауаптарын басқа топ мүшелері оқып, бүкіл сынып болып талдап, қорытындылай келе бағалайды. Ұжымдық жұмыс барысында басты нәтиже: күнделікті оқып, қайталауға мәжбүр болып, жүйелі оқуға қалыптасады, тәрбиесі жақсарады.
Сабақтың түрлерін, құрылымын ғылыми және әдістемелік тұрғыдан түрлендіріп оқытулар нәтижелі, мақсатты болатындығын айтқан жөн. Ұжымдық жұмыс барысында оқушылардың жазбаша және ауызша жауаптарын, олардың қызыға оқып, қайталайтындығын байқау қиын емес.
Маңыздысы жауаптары жүйелі, формула, түсініктер, мысалдар, есептеулер түсіне оқуға ұмтылғандарын білдіреді. Ұжымдық оқыту, жұмыс істеу барысында алда туындайтын қиындықтар жоқ емес, атап айтқанда бұл жұмысты әдістемелік ұйымдастыруда:
- оқушыларды үлгерімі, тәртіптері, талаптары, ынталары бойынша бөлуде;
- оқушыларға даярланатын сұрақ тапсырмаларды даярлауда және нәтижелерін талдап бағалауда;
- сабақтың тақырыптарына байланысты әрбір жеке оқушыға нақты сұрақтар даярлауда күрделі және қарапайым, қиын және жеңіл, жай және ойландыратын, дәлелдеуді қажет ететін, қорытып шығаратын, жаза салатын т.б.;
- жұмыстың әрбір кезеңдерін де уақытша ұйымдастырулар, түрлендірулер;
- әрбір топтың жұмысына объективті және негізделген бағалау;
- жұмыс барысында оң нәтижелерді бөліп алу және оны игеру, ұжымды болса дамыту, жетілдіру, іс-жүзінде пайдалануға жету жолында еңбек ету.
Сабақта топтық оқытудың педагогикалық мақсаты оқушылардың өз бетінше, әрбір оқушының жеке өзінің оқуын жүзеге асыруда, олардың танымдық белсенділігін арттыру, әрбір жеткіншектің қайырымдылығын дамыта түсу, бірін-бірі түсінуге жеткізіп, сезімталдықтарын жетілдіріп, қол ұшын беруге әзір екендігін күшейте беру.
Сонымен, оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы, ең алдымен мұғалімнің өз міндетіне, қатынасына, көзқарасына, шеберлігіне байланысты. Бала мектеп табалдырығын оқып-үйренуге деген үлкен ынтамен, ықыласпен аттайды. Оларды қабілетті және қабілетсіз деп бөлуге болмайды. Ал мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру деп емес, ең алдымен, оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.

2.4 Топтық технологиялар
В.К.Дьяченконың айтуы бойынша топтық оқыту тәсілдерінің ұйымдастыру жүйесі аралас болуы мүмкін: топтық, жұптық, жекеше. Осылардың ішінде топтық оқытудың маңызы басымдырақ. Топтық технологиялардың сынып-сабақтық ұйымдастыру, дәріс-семинарлық жүйе, дидактикалық ойындар, бригада-зертханалық әдістер тәрізді формалары бар. Бұл формалар негізгі ұжымдық шартардың орындалуын жүзеге асырады. Оқушылар ортақ мақсатты түсініп, міндеттерді дұрыс бөліп ала білуге, өзара дұрыс қарым-қатынас және бақылау жасауды үйренеді. Топтық оқытудың психология-педагогикалық негіздемесі:

Қазақ тілі 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем түрлерін пысықтау.
Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдерді бір-бірінен айыра білулерін, қажетті сөйлем түрлерін қара білулерін тиянақтау.
2. Балалардың сөйлемді дұрыс құра білу дағдысын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Әртүрлі ойындар арқылы пәнге сүйіспеншілік, экология-валеологиялық тәрбие беру.
Көрнекіліктер: Үнтаспа, аттардың, ағаш пен жапырақ суреттері, сызбалар, оюлар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Сәлемдесіп, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Мақсат қою.
Балалар, біз бүгін сендердің сөйлем және оның түрлерін меңгергендеріңді пысықтаймыз. Бүгінгі сабағымыз жарыс сабақ түрінде өтпекші. Ол үшін үш қатардың әрқайсысы бір-бір ауыл болады.
1- қатар - Абай Құнанбаев ауылы.
2- қатар - Ыбырай Алтынсарин ауылы.
3-қатар - Жамбыл Жабаев ауылы.
Әр ауылдың ақылшы ақсақалдары бар. Олар топ жетекшілігі қызметін атқарады. Әр дұрыс жауапқа ою беріліп, соңынан саналады.

2.5 Тұлғаға бағдарлы педагогикалық технология
Тұлғаға бағдарлы технология мектептегі білім беру жүйесінде баланың табиғи әлеуетін жүзеге асырып, жан-жақты дамуы үшін ұрыс-жанжалсыз және қауіпсіз жағдай тудыруды басты мақсат етіп қойып отыр. Бұл технологияның негізінде ізгілік философиясы жатыр. Педагогтің міндеті - өз мүмкіншілігін барынша жүзеге асырғысы келетін, өмірде болатын әртүрлі жағдайлардан жауапкершілікпен жол таба білетін тұлғаны тәрбиелеу.
Тұлғаға бағдарлы технология адамды танып-білуге ізгіліктілігімен, жүйкелік емдік бағытымен, баланың жан – жақты, азат, шығармашылық жағынан дамытуды мақсат етіп қоюымен ерекшеленеді.

2.6 Ынтымақтастық педагогикасы
К.Д.Ушинский, Н.П.Пирогов, Л.Н.Толстой, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко, Ж.-Ж. Руссо, Я.Корчак, К.Роджерс, Э.Берн идеяларының негізінде ынтымақтастық педагогика туындады.
Ынтымақтастық педагогикасының 3 мақсаттық бағыты анықталған:
1. Педагогикалық талап етуден педагогикалық қарым-қатынасқа көшу.
2. Балаға ізгілік-жеке тұлғалық тұрғысынан қарау.
3. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Ынтымақтастық қарым-қатынас жүйесінде негізгі орынды «мұғалім - оқушы» алады. Мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы – оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім де субъект. Ендеше бұл екі субъект бірге әрекет етіп ешқайсысы бір-бірінің үстінен қарамайды. Ынтымақтастық педагогикасының төрт бағыты бар.
1. Балаға ізгілік - тұлға тұрғысынан қарау. Мектептің білім беру жүйесінің орталығына жеке тұлғаның барлық қасиеттерін дамыту қойылған. Мектеп мақсаты – жеке тұлғаның толық және азат дамуы үшін ішкі күшпен мүмкіншіліктерді ояту. Тұлғаға оқу-тәрбие үрдісін бағыттай отырып, жаңа көзқараспен қарау, педагогикалық қарым-қатынастың ізгіліктілігі және жариялылығы нәтиже бермейтін әдістерден бас тарту, жағымды Мен – тұжырымдамасын қалыптастыру ізгілік жеке тұлға тұрғысынан қарау идеяларын біріктіреді.
2. Дидактикалық белсенді және дамытушы кешен. Баланы «қалай» және «неге» оқыту керек деген сұрақтардың жаңа мүмкіншіліктері ашылады. Оқу мазмұны жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде қарастырады. Оқыту қорытылған білім-білік дағдылары және ойлау қабілеті бойынша жүргізеді. Интеграция вариативтілік жағымды жағдай тудырады.
Оқу үрдісін формасы мен әдістерін жетілдіру бірқатар педагог жаңашылдардың авторлық жүйелерінде, атап айтқанда В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің азат таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованың алдын-ала тапсырма беру, П.М.Эрдниевтің ірі блоктар идеясы, В.А.Сухомлинскийдің сыныптағы зияттық фоны, Л.В.Занков бойынша жеке тұлғаны дамыту, И.П.Волковтың шығармашылық және орындаушылық қабілеттері сияқты дидактикалық идеяларында ашылады.
3. Тәрбие тұжырымдамасы. Ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдамасы қазіргі заман мектептеріндегі тәрбиенің дамуына сәйкес: білім мектебін тәрбие мектебіне айналдыру, оқушының жеке тұлғасын тәрбие жүйесінің орталығына қою, жалпыадамдық құндылықтарды қалыптастыру, тәрбиенің ізгілік бағыттары, баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық мәдени дәстүрлерді жаңғырту, жеке тұлғалық және ұжымдық тәрбиені ұштастыру.

2.7 Ізгілендіру технологиясы
Ресейдің білім беру академиясының академигі Шалва Александрович Амонашвили өзінің эксперименттік мектебінде ынтымақтастық педагогикасын әзірлеп, жүзеге асырды. «Мектеп өмірі» технологиясы оның педагогикалық іс-әрекетінің өзіндік қорытындысы болып табылады.
Ш.А.Амонашвили технологиясының мақсаттық бағыттары:
- Баланың тұлғалық қасиеттерін ашу арқылы бекзат адам тәрбиелеу және дамыту, қалыптасуына ықпал ету.
- Бала жүрегі мен жан дүниесін ақ пейілдендіру.
- Баланың танымдық күшін дамыту және қалыптастыру.
- Терең және толық көлемді білім алып, дағдыларды қалыптастыру үшін жағдай туғызу.
- Тәрбие идеалы - өзін-өзі тәрбиелеу.
Ынтымақтастық педагогикасының жеке тұлғалық тұрғысынан қарау ережелері, баланың өмірде құбылыс ретінде қызмет ететін өз жолының болуы, бала табиғат пен ғаламның жоғары шығармашылығы болғандықтан шексіздік пен мықтылықты көрсететіндігі, баланың дамуға, үлкеюге, бостандыққа деген ынтасы – осының барлығы негізгі концептуальдық ережесі болып табылады.

Әдебиеттер тізімі:
1. Селевко Г.К. Опыт системного анализа современных педагогических систем // Школьные технологии. – 1996. - № 6. – С. 3-43.
2. Гоноболин Ф.Н. Книга об учителе. – М.: Просвещение, 1965. – 260 с.
3. Кулюткин Ю.Н. Психологические проблемы образования взрослых // Вопросы психологии. – 1989. - № 2.
4. Инновационное обучение: Стратегия и практика / Под ред. В.Я.Ляудис. – М.: МГУ, 1994. – 203 с.
5. Внутришкольное управление: теория и опыт педагогических управленческих инноваций / Под. Ред. Н.В.Горбуновой. – М.: Новая школа, 1995. – 107 с.
6. Муртазина Э. Педагогические основы конструирования учебных деловых игр: Дис. ... канд.пед.наук. – Л., 1990.
7. Беспалько В.П. Элементы теории управления процессом обучения. – М.: Просвещение, 1971.
8. Маркова А.П. Формирование мотивации учения. – М.: Просвещение, 1975.
9. Пидкасистый И.П. Технология игры в обучении. – М.: Просвещение, 1992.
10. Габрусевич С., Зорин Г. От деловой игры – к профессиональному творчеству. – Минск, 1989.
11. Габай Т. Учебная деятельность и ее средства. – М., 1988.
12. Соловьева А. Деловая игра «Суд над традиционной лекцией». Новые технологии обучения: деловые игры. – 1991
13. Дъяченко В.К. Сотрудничество в обучении. – Просвещение, 1991.
14. Коллективная учебно-познавательная деятельность школьников // Под.ред. И.Б. Первина. – М.: Педагогика, 1985.
15. Лиймитес Х.И. Групповая работа на уроке. – М.: Просвещение, 1975.
16. Миртов А.В. Сочинение в школе. Уроки коллективного творчества // Литература в школе. - № 6.
17. Поливанов Н.И., Ривина И.В. Принципы и формы организации совместной учебной деятельности // Психологическая наука и образование. – 1996. - № 2.
18. Амонашвили Ш.А., Загвяязинский В.И. Паритеты, приоритеты в теории и практике образования // Педагогика. – 2000. - № 2.
19. Беспалько В.П. Элементы теории управления процессом обучения. – М., 1971.
20. Кукушкин В.С. Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособие для учителя. (Серия « Учение с увлечением») – Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2004.- 384 с.