Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 32 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері


ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

I Меншік қатынасының теориялық негіздері 4
1.1 Меншіктің мәні және элементтері 4
1.2 Меншік қатынастарының даму заңдылықтары 10
1.3 Меншіктің ұйымдық-құқықтық түрлері мен формаларына сипаттама 12

ІІ Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері 16
2.1 Экономикадағы жекешелендіру процесінің шетелдік тәжірибелері 16
2.2 Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесіне талдау және оның нәтижелері 19

ҚОРЫТЫНДЫ 30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 32

КІРІСПЕ

ХХІ ғасыр табалдырығында Жаңа Тәуелсіз мемлекеттердің қоғамдық дамуындағы аса маңызды мәселелердің бірі – меншік қатынастарын жан-жақты қарастырып, шаруашылықтардың даму жолдарын объективті зерттеу. Бүгінгі таңда негізгі мәселе.
Бұл меншік мәселесі өте күрделі және көп мәселелердің бірі - өтпелі дәуірдегі меншік құралымы мен шаруашылық жүйесінің тәуелді қатынастарын және жаппай жекешлендіру және оның әлеуметтік - экономикалық нәтижелерін реттеу - басқару шараларына тікелей қатысы бар ғалымдар Ашимбаев Т.А, Нысанбаев Б.Н, Нәрібаев К.Н, Арынов Е, Әубәкіров Ж.А, Жатқанбаев Е.Б, Қалиев Г.А, т.б жұмыстарын атауға болады.

I Меншік қатынасының теориялық негіздері

1.1 Меншіктің мәні және элементтері

Меншік ұғымының мәнін анықтауда негізгі қағида "қандай да болмасын өндіріс жеке адамдардың қоғамдық форма (түр) шеңберінде және де сол арқылы табиғат заттарын иемденуі. Осы тұрғыдан, меншік ( иемдену) - өндіріс шарты қағидасы тавтологиялы (құрғақ қайталау) пайымдау болып көрінеді.
Меншіктің бұл анықтау облысы, оны кез - келген политэкономиялық ұғымдарға тән заңдылық - мән , мазмұн, форма тәуелділігі шеңберінде талдауды қажет етеді.
Мән дегеніміз - құбылыстың ішкі құрамдас элементтерінің өзара бірлігін, ал мазмұн — ішкі, сыртқы факторлар әрекеттерінің ерекше формадағы көрінісі, байланыс заңдылықтары.
Олай болса, форма тұрғысынан алып қарасақ мән, мазмұн қасиеттерінің көріну сипаты, сандық - сапалық көрсеткіштері экономикалық ұғымының (ғылыми категория) ерекше болмасы ғана, сыртқы көріну ерекшелігі. Форма – іс - қызмет түріне тікелей тәуелді.

1.2 Меншік қатынастарының даму заңдылықтары

Ғылыми талдаудың ерекшелігі нәтижесінде меншік қатынастарының пайда болуы және қазіргі өмір сүру жағдайлары мен іс-қызмет ету шарттарын(жағдайларын) айқындау кез-келген қоғамдық құрылысқа қатысты нәрсе. Буржуазиялық жеке меншік немесе социалистік мемлекеттік меншік қатынастарының пайда болу, даму заңдарына сәйкес келуі тиіс. Бұл кез-келген реформаларды тұрпайы(анайы)қорғаудан да анағұрлым күрделі міндет.
Еңбек пен капитал қайшылығы әсірелеп көрсету немесе олардың үйлесімділігін ғана бейнелеу нақтылы өмірдің қайшылықтарын ғылыми талдауға, әлеуметтік реттеуге бөгет жасайды. Мәселелен, К. Маркс меншікті - "адамдардың қауымдастығы арқылы жүзеге асатын жеке адамдардың табиғи еңбек жағдайларына және өзіне тән (жағдайларды) ұдайы өндірудің объективті шарты" деп пайымдайды. Ғылыми ұғым күрделі қатынасты көрсете отырып өзіндік мәнге ие болды: меншік дегеніміз - қажеттіліктер мен мүдделер жүйесінің адамдардың өмір сүру жағдай - шарттарым (өндіріс факторларымен) қайшылықты бірлігі.

1.3 Меншіктің ұйымдық-құқықтық түрлері мен формаларына сипаттама

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына тапталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.
"Меншік" ұғымын 2 мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтар мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар . Меншік - қоғам өмірінің негізгі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік, құқығы - қондырманың элементі болып саналғанымен, қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа(базис) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты,экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз.

ІІ Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері

2.1 Экономикадағы жекешелендіру процесінің шетелдік тәжірибелері

Қазақстанда шағын жекешелендіру аяқталған болатын. Бұл бағдарлама бойынша кептеген объектілер жекешелендірілген еді. Қазіргі кезенде жекешелендіру процесінің тиімділігін артыру үшін Қаржы министірлігі меншіктің бірыңғай мемлекеттік реестірін құрды. Қай мемлекет болсын, қай меншік иесі болсын өзінің қарамағында не байлықтың бары білгісі келетіндей заңды құбылыс. Әрине, мемлекет байлығы әртүрлі. Заңды тұлғалар түріндей меншіктен басқа жер, оның қойнауы, су, табиғи ресурстар, жануарлар, өсімдіктер әлемі және тағы басқалар. Бара-баражер реестірін, республикамыздың табиғи байлығы реестірін құры көзделуде. Бұл әрине, көп жұмысты қажет етеді. Бірақ, онсыз еліміздің барлық нақты активтері туралы толық мағлұматқа ие болу мүмкін емес. Бүгінгі күні реестірде 23000-дай заңды тұлғалар тіркелген. Бұл тізім күн сайын толығуда. Тақауда реестірге заңды тұлғалардың жылжымайтын мүліктері, көліктері туралы да мағлұматтарды кіргізу туралы шешім қабылданды.

2.2 Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесіне талдау және оның нәтижелері

Еліміз егемен болып, дербес даму жолына түскен алғашқы айларында - ақ мемлекеттік басқару органдары қайта құрылды. Олардың қатарында өкілеттілігі Президенттің 1991жылғы 22-сәуі-рінде №318 жарлығымен бекітілген Қазақ КСР Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі: мемлекеттік комитеті де болды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Осы курстық жұмыста тоқталған мәселелерге жалпы тоқталып, қорытындылау жасап өтсек. Менің тақырыбымның өзекті мәселесі ретінде өтпелі дәуірдегі меншік қатынастары болған соң, қорытындыны өтпелі кезеңнен бастағанды жөн көрдім.
Өтпелі дәуірдің ғаламдық стратегиясы - коғамдық дамудың әлемдік заңдылықтары негізінде даму тенденцияларын айқындаумен негізделеді.