Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Мұхтар Шаханов – ірі қоғам қайрткер


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Мұхтар Шаханов поэзиясы 8
1.1 Мұхтар Шаханов өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі 8
1.2 Мұхтар Шахановтың лирикасы 18
1.3 Мұхтар Шаханов поэзиясының философиялық ой-түйіндері 23
1.4 Мұхтар Шаханов поэзиясындағы «Ұлт» концептісі арқылы патриотизм дүниетанымын таныту 28
2 М. Шаханов "XXI ғасырдың рухани реформаторы" немесе әлем таныған ақын 36
2.1 М. Шаханов өлеңдеріндегі жаңашыл бағыт 36
2.1 Шаханов шығармаларындағы ұлттық бояулар 39
2.3 Ақын және ұлт мұраты 45
2.4 Шахановтың Алашорда үкіметіне көзқарасы 54
Қорытынды 57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 61

Кіріспе
Мұхтар Шахановтың есімі халқымызға көрнекті мемлекет қайраткері және талантты ақын ретінде жақсы белгілі. 70-80 жылдардағы қазақ поэзиясының есігін қаққан қазақ ақыны өзінің даралығымен бірден көзге түсті. Сол кезеңдегі қариялар Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Сафуан Шаймерденов сияқты көрнекті қаламгерлдерден әділ бағасын алған Мұхтар Шаханов, жаңа ғасырда да шығармашылық қуатын әлем халқына түгел дерлік мойындата білді. Оған Ш.Айтматов, Расул Ғамзатов, Гебзе, Е.Евтущенколардың ой-байламдары куә. Мұндай мысалдар дипломдық жұмыстың ішінде молынан кездеседі.
Мұхтар Шаханов мемлекеттік тілдің қолданылу аясына деген кейбір олқылықты тұстарын өлеңмен өрнектеген еді. Бұл - қайраткер ақынның халық үшін қылған қызметінің поэзиясынан көрініс тапқан бір парасы ғана. Мұхтар Шаханов күрескер ақын.

1 Мұхтар Шаханов поэзиясы
1.1 Мұхтар Шаханов өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі
Жомарт көңіл қазақтың сыршыл сезімін бұғаулауға ешқандай күш атаулының шамасы жетпес, сірә. Сайын дала төсін ән-күйге бөлеген, сал-серілігі басым халықтың тіршілік әлемінің сыр-сипаты да өзгеше. Оның сұлу сурет болып көз алдыңа елестеп, мың бояу түске боялып, қиял дүниеңді бір сергітіп тастайтыны хақ.

1.2 Мұхтар Шахановтың лирикасы
60-80 жылдары өлең өңіріндегі ерікті ұйқасты көбірек пайдаланып, оны түрлендіре түсуге көп тер төккен ақындардың бірі - Мұхтар Шаханов. Ол өзінің ғажайып сазды лирикасын стильдік ізденіс жолына саналы түрде бұрды. Әрине, ол жеміссіз болған жоқ. Оның үстіне Мұхтардың жаңашылдығы көбінесе "өнерден-өмірге" принципіне орай айқындық табатындай. Әр кезде де солай, кезеңнің бауыздау шындығына екінің бірі қол соза бермейді. Өйткені ол қиынның қиясы. Ол үлкен қажыр-қайратты талап етеді. Өзгеше жаратылыс, бөлекше сезім-күйді керек етеді. Шаханов шығармашылығы өзінің өмірімен тікелей қарым-қатынасқа түсумен оқшау тұр. Өлең сияқты қасеитті өнерді буы бұрқыраған өмірдің бүгінгі сауалымен суарады. Сол сияқты өмірдегі әділетсіздіктің, тоғышарлықтың уақытқа қарай түлеп алған жаңа түрлерін зерделілікпен зерттеп, өлең қуатымен батыл әшкерелейді. Оның ақын ретіндегі жаңашылдығы осы арада. Яғни, оның шығармашылығынан ежелгі өлең лебінен гөрі, өмір лебі көбірек еседі. Жұрты маңайына үйрететін де, оның өлеңіндегі осы тірі тағдыр. Мықтап ойланатын, түйінді тұс.

1.3 Мұхтар Шаханов поэзиясының философиялық ой-түйіндері
М. Шахановтың ақындығы мен ойшылдығы бір бөлек әңгіме болса, философтығы бір басқа дүние. Бізге керегі – М. Шаханов поэзиясының, яғни өлеңдерінің ой-ілімдері. Оның өзі де, ойы да әлемді шарлап кеткен. Сөйтіп барып ой түйген, содан барып, адамзат туралы толғанысқа түскен, әлемге жауар бұлттай түнеріп тұрған зұлымдықтан, апаттан құтқару үшін дабыл қаққан. Мұндай ерлік – Мұхтар Шаханов сияқты санаулылардың қолынан ғана келмек.

1.4 Мұхтар Шаханов поэзиясындағы «Ұлт» концептісі арқылы патриотизм дүниетанымын таныту
Қазіргі тіл ғылымында концепт терминінің қарастырылуы лингвистика мен философияның өзара әсерінің күшеюіне байланысты. Логикада концепт термині ұғым, түсінік терминдерімен бірдей мағынада қолданылады. Сондықтан концепт ұғымын адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі ретінде тани отырып, біздің дүниетанымыздағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивтік бірлік ретінде қарау қажет [32.218.].

2 М. Шаханов "XXI ғасырдың рухани реформаторы" немесе әлем таныған ақын
2.1 М. Шаханов өлеңдеріндегі жаңашыл бағыт
Мұхтар Шахановты ірі ауқымдағы қоғам қайраткері ретінде жақсы білгенімізбен, соңғы жылдардағы поэзиясына үңіліп, саралап зерттеу жасаған қазақ сыншылары жоққа тән. Ақынның жаңа ғасыр басталғалы туған жырлары дүйім дүниені таңырқатып келеді. Бірақ, сол "руханият төңкерісшілері", яғни поэмалары мен тың туындылары қазақ эдебиетінде лайықты бағасын алмай жатыр. Бұл әдебиеттанушы сыншыларымыздың самарқаулығы десек артық айтқандық емес.

2.3 Ақын және ұлт мұраты
а) Космополитизммен күресу немесе ұлтсыздықтың алдын алу
"Тарих жоқ тек оны жасаушы тұлғалар ғана бар" деген Черчиллдің тұжырымын ақиқат етіп алсақ, ақын немесе тарихи тұлғаны бір-бірінен ажыратып қарау мүмкін еместей. Ақын алдымен қоғам қайраткері болса, онда оның шығармаларынан да өзі өмір сүрген дәуірінің жасампаз істері мен бармақ тістетер өкініштерін анық көруге болады.

2.4 Шахановтың Алашорда үкіметіне көзқарасы
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады», - деп атап көрсеткен. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту [53.221]. Бұндай күрделі екі мәселені жүзе асыру үшін ана тілімізді толыққанды меңгеруіміз қажет-ақ. Ал тілімізді толыққанды меңгеру үшін өткен тарихымызға талдау жасамасақ тағы да болмайды. Тарихты білмей бүгінгіні құру, болашақты болжау мүмкін емес. Яғни, тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр. Мұхтар Шаханов «Тарихты білмеу – тамырсыздық» - дей келе:

Қорытынды
Шын ақын өмірі бір адамның басынан кешкендерімен шектелмейді. Ақын көптің өмірін сүреді, көп көргенді көре алады, көп сезгенді сезе алады. Бұл – ақын сезімі жалпы және жеке адам сезім-күйінің жиынтығы деген сөз. Ол жеке адам көңіл-күйін заман рухымен жалғастырады. Жалпылық пен жекелікті осылай тұтастыра алғанда ғана ақын азаматқа айналады, өзінің ақындық, азаматтық тұлғасын қалыптастырады.