Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Ж. Аймауытовтың қазақ әдебиетін дамытудағы қызметі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Ж.Аймауытов шығармашылығы – қазақ өмірінің айнасы 8
1.1 Ж. Аймауытовтың шығармашылық жолы 8
1.2 Ж. Аймауытов шығармашылығы – әдебиетші-ғалымдардың ізденісінде 12
1.3 Ж.Аймауытов – әдебиет сыншысы 23
2 Ж. Аймауытов шығармаларын талдау және оны мектепте оқыту әдістемесі 31
2.1 Ж.Аймауытов романдарына талдау 31
2.2 Ж.Аймауытовтың «Күнекейдің жазығы» повесінің тілдік-стилистикалық сипаты 39
2.3 «Әнші» әңгімесіне әдеби талдау 43
2.4 «Қазақ әдебиеті тарихында Ж.Аймауытов шығармашылығының алатын орны» және оны орта мектепте оқыту ерекшелігі 45
2.5 «Ж.Аймауытов шығармаларын жаңа әдістемелік технологиялармен меңгертудің тиімді жолдары» 49
2.6 Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларының көркемдік ерекшелігін таныту және шығармаларын сыныптан тыс оқытудың ерекшелігі 55
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911-1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады.

1 Ж.Аймауытов шығармашылығы – қазақ өмірінің айнасы
1.1 Ж. Аймауытовтың шығармашылық жолы
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады, «Абай» журналын шығаруға ат салысады.

1.2 Ж. Аймауытов шығармашылығы – әдебиетші-ғалымдардың ізденісінде

Қазақ әдебиетінде Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы басылым беттерінде әр кез сөз етіліп, зерттеу нысаны болғаны белгілі. Ақын шығармашылығы әр жанрды қамтыған. Қаламынан туған поэзиялық, прозалық, драмалық туындылары, аудармалары мен тәлім тәрбие тақырыбындағы еңбектері идеялық-көркемдік дәрежесі биік, көтерген мәселелері маңызды, ізденіс іздері айқын туындылар болып табылады.

1.3 Ж.Аймауытов – әдебиет сыншысы
Ұлттық сөз өнеріне, оның өрісті өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан – Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби мұра мен оны зерттеу ісіне, тарих пен таным арнасына, сын мен сыншы сипатына биік талап, жоғары жауапкершілікпен қарады. Өз еңбектерінде бұл бағыттарға адалдық танытты.

2 Ж. Аймауытов шығармаларын талдау және оны мектепте оқыту әдістемесі
2.1 Ж.Аймауытов романдарына талдау
Жүсіпбектің «Қартқожа» романы тұңғыш рет 1926 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шықты. Бұл –қазақ кедейінің өмірін, оның әлуметтік арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелеуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы елеулі шығармасы. Онда қазақ ауылының ревалюция алдындағы және әлуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күрестен кейінгі жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленеді. Әсіресе жазушы осы тартыстар талқысында қазақ кедейінің қоғамдық теңсіздік сырларын түсінуге жетіп, әлуметтік әділетсіздіктің себептеріне ой жіберуін нанымды суреттейді. Шығарманың негізгі кейіпкерін де Жүнісбек осы тұрғыдан көрсетеді. Бұл –автордың таптық позициясының өткірлігін және ұстанымдылығын танытады.

2.2 Ж.Аймауытовтың «Күнекейдің жазығы» повесінің тілдік-стилистикалық сипаты
Тіл – этностың бүкіл рухани, мəдени байлығының негізгі көрсеткіші. Кез келген тілдің көрінісі этностың тарихына, мəдениетіне, шаруашылығына байланысты болып, сол тіл туралы мол деректер беретіні белгілі. Ұлттық болмыс пен танымды бойына сіңірген тылсым дүние сырын бейнелейтін қазақ тіліндегі сөз маржандарының табиғатын тануда тіл байлығымыздың ең өзекті саласының бірі ретінде этнолексика ерекше назар аудартады. Осы орайда этнолексиканы тануда соңғы жылдарда өріс алып келе жатқан этностың өзіндік болмысы мен танымын, этнос бейнесін «тіл əлемі» арқылы ғана танытатын этнолингвистикалық зерттеу саласын айрықша атауымызға болады. Тілді мəдениетке қатысты зерттейтін, сонымен бірге тілдің қызметіндегі жəне дамуындағы тілдік, этномəдени жəне этнопсихологиялық факторлардың өзара əсерін, бір-бірімен байланысын қарастыратын тіл білімінің жаңадан дамып келе жатқан саласы – этнолингвистика. «Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте» этнолингвистиканың кең түрдегі ұғымына мынадай анықтама берілген:

2.3 «Әнші» әңгімесіне әдеби талдау
Жазушы Ж.Аймауытов өзінің «Әнші» әңгімесі Әміре Қашаубаевтың әншілік өнеріне арналған шығарма. Жазушы бейнелей бастаған тұрмыстың қысқаша суретінің өзі-ақ («бізді қазақтан басқа кім мекендесін» деп тұрған бет-аузы қисық, көздері сығырайып тұрған жапырайған, тәукеншік үйшіктер, жаман-жұман баспаналарды басып кететіндей қоразданған байлардың салауатты көк шатырлы сарайлары) оқырманға көп нәрсені аңғартқандай.

2.4 «Қазақ әдебиеті тарихында Ж.Аймауытов шығармашылығының алатын орны» және оны орта мектепте оқыту ерекшелігі
Кезінде Ж.Аймауытов туралы ақиқатты көп жағдайда айтуға болмайтын болды. Жазушының өмір сүрген ортасы, қоғамдық-әлеуметтік жағдай, заманының күрделілігі мен қайшылығы оның шығармаларының көп уақыт жабық күйінде қалуына әкелді.

2.5 «Ж.Аймауытов шығармаларын жаңа әдістемелік технологиялармен меңгертудің тиімді жолдары»
Оқу жүйесінедегі тың тәсілдер жүйесі – тиімді технологиялардың енуі-бүгінгі күн талабы. Оқу-тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру озық технологиялардың жетістігі екендігі атап көрсетуге болады. Әр сабақтың мазмұнына, әдіс-тәсілдеріне қарай оқытудың жаңа технологияларын (Венн диаграммасы, «Қарлы кесек» ойыны, топтастыру, ой қозғау стратегиясы, кейіпкер бейнесін ашуға байланысты семантикалық карта, тестілердің түрлері: өзара байланысты тест, сатылы тест, сәйкестікті табу тесті, сұрау-тапсырмалар жүйесі, сабақ үлгілері, кейіпкер бейнесін жасау жұмыстары) нақты мысалдар беру арқылы көрсету тиімді.

2.6 Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларының көркемдік ерекшелігін таныту және шығармаларын сыныптан тыс оқытудың ерекшелігі
Жүсіпбек Аймауытовтың портрет жасаудағы тәсілі алуан түрлі екеніне қарамай, түп негізі бір дерлік. Өйткені, ол портрет жасай отырып, әрбір кейіпкердің өзіне тән мінез-болмысындағы, түр-кескініндегі ерекшелігін, даралығын қатаң сақтауға тырысады. Жазушы портрет жасауда әр түрлі тәсілдер қолданады. Автор адамды тұлғалауда, портрет жасау кезінде ұзақ баяндаулар қолданбайды. Кейде кейіпкерлердің портретін басқа бір кейіпкердің көзімен, қабылдау психологиясымен береді.

ҚОРЫТЫНДЫ
ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді. Уақыт үні Жүсіпбек Аймауытов еңбектері бойында да орын тепті.