Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2005

Полный просмотр работы

Кәсіпорын («Адал АӨК» АҚ)


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы 5
2 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы 8
3 Шығарылатын өнімнің ассортименті мен сапасы 9
4 Кәсіпорынның технико – экономикалық көрсеткіштері 12
5 Кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастыру 16
ҚОРЫТЫНДЫ 18
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 20

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың қазіргі жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің тиімділігін тұрақтандыру және көтеру экономиканың басты міндеті болып отыр. Осыған байланысты кәсіпорын қызметінің көлемдік сипаты, өндіріс шығынын және тиімділігін анықтау әдісі экономиканы басқарудың түрлі дәрежесіндегі менеджер мен экономист жұмысының негізгі мағынасы болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы әлемдік тәжірибені ескеретін, қазіргі заманға сай құқық нормаларымен реттелген, нақты түбегейлі реформалау негізінде елдің тұрақты өркендеген өмір жолына түсуге мүмкіндік беретін әлеуметтік – экономикалық, конституциялық, мемлекеттік, құқықтық дамудың жаңа кезеңіне өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық – инновациялық даму стратегиясында айтылған. Аталған стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейінгі мемлекеттік экономикалық саясатты қалыптастырып, экономиканың шикізаттық бағыттан өңдеу салаларына бет бұруға мүмкіндік беретін экономика салаларын диверсификациялау арқылы тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.

1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
Зерттелуші кәсіпорын «Адал АӨК» АҚ – Алматы қаласындағы сүт өнімдерін өндірушілердің ішінде ең танымалысы болып табылады. Себебі оның өндіретін өнімдері басқа кәсіпорындарға қарағанда өзінің сапасымен ерекшеленеді.
«Адал АӨК» Акционерлік қоғамы – Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданы, Космос ауылында орналасқан. Бұл кәсіпорын 2000 жылы 5 – ші қаңтарда Алматы облысының Әділет басқармасымен қайта тіркелген және бұрынғы «Асыл» шаруа қожалығының базасында құрылған.

3 Шығарылатын өнімнің ассортименті мен сапасы
Зауыт өнімі тұтынушылардың көп бөлігіне қол жетерліктей, себебі елдің басқа аймақтарынан әкелінетін немесе басқа кәсіпорындар шығаратын өнімнің бағаларына қарағанда біршама төмен. Зауыт ұжымы үнемі өнімнің жаңа түрлеріне көп көңіл бөледі. Бүгінгі күні «Адал АӨК» АҚ өнімнің кең ассортиментін шығарады.Олар 1 кестеде келтірілген.

Жалпы жоғарыдағы 3 – кестеде келтірілген технико – экономикалық көрсеткіштерді қарастыратын болсақ, өнімді өткізуден түскен түсім 2004 жылы 260633 мың теңге болса, 2005 жылы ол 362648 мың теңгені құраған, яғни 44,7% - ға немесе 112015 мың теңгеге көбейген.
Ендігі көрсеткіш өткізілген өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 184222 мың теңге болса, 2005 жылы 288364 мың теңге болған, яғни 56,5% - ға немесе 104142 мың теңгеге көбейген.
Жиынтық табыс 2004 жылы 66411 мың теңге болса, 2005 жылы ол 74284 мың теңгені құраған, яғни 7873 мың теңгеге немесе 11,9% - ға көбейген.
Кезең шығындары 2004 жылы 47033 мың теңге болса, 2005 жылы 51316 мың теңгені құраған, яғни 9,1% - ға немесе 4283 мың теңгеге өскен.
Негізгі қызметтен түскен түсім 2004 жылғы 19378 мың теңгеден 2005 жылы 22968 мың теңгеге өскен, оның өсімі 18,5% - ды құрады.
Ал қосымша қызметтен түскен түсім 2004 жылы 6012 мың теңгені құраса, 2005 жылы 9602 мың теңгені құрады, яғни 3590 мың теңгеге немесе 59,7% - ға өсті.

5 Кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастыру
Компанияның тиімді маркетингтік стратегиясын жасап шығарудың басты мақсаты нарықта тауарды жылжыту бойынша бірқатар шараларды жасап шығару жолымен өндіріс көлемінің өсімін қамтамасыз ету.
Компанияның маркетингтік стратегиясы сусындар нарығындағы оның құрылтайшыларының жеткілікті үлкен тәжірибесін ескере отырып жасалады. Тиімді жұмыс істеу үшін өткізу бөлімі құрылған, оның негізгі міндеті болып потенциалды тұтынушылық сұранысты зерттеу, нарыққа тауарларды жылжыту механизімдерін жасап шығару және дайын өнімді өткізуді тікелей жүзеге асыру табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылға арналған Жолдауының негізгі түпнегізі – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы. Бәсекелестік – экономиканың тиімді дамуының негізгі механизмі. Нарықтық экономиканың негізгі буыны немесе оның болуының алғышарты – нарықтағы кәсіпорындар болып табылады. Сондықтан бүгінгі таңда кәсіпорындардың қызметін тиімді ұйымдастыру мен оңтайлы басқарудың мән мағынасы өсуде. Сол кәсіпорындар неғұрлым дамыған, сапалы қызмет етсе ол экономикаға оң әсер етеді. Демек, қазіргі уақытта кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту қажеттілігі алдыңғы орынға шығып отыр.