Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 6 стр.

Полный просмотр работы

Ерекше өндіріс (ерекше сипаттағы істер)

Ерекше өндірістің түсінігі және мәнісі. Ерекше өндіріс бойынша істерді қарастырудың тәртібі. Заңды маңызы бар фактілерді анықтау. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп немесе өлді деп жариялау. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектелген немесе жоқ деп тану. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп орналастыру туралы істерді қарау бойынша өндіріс. Баланы асырап алу туралы істерді қарау. Жылжитын мүлікті иесіз деп тану немесе жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншікті тану. Азаматтық хал актілерін жазудағы қателіктерді анықтау. Жоғалған бағалы қағаздарға құқықты қалпына келтіру. Нотариаттық әрекетке немесе одан бас тартуға шағым келтіру.

Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз беруші мен мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды.
Ерекше өндіріс бойынша істерді қарастырудың тәртібі. Ерекше жүргізілетін істерді осы кодекстің 31-38 тарауларында белгіленген алыныстармен ж-е толықтырулармен қоса талап қою ережелері бойынша соттар қарайды. Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз беруші мен мүдделі адамдардың қатысуымен қарйды.

Азаматты әрекет қабілеттілігі шектелген немесе жоқ деп тану. Азаматты әрекет қабілеттігі шектеулі деп тану туралы арыз қабылданғаннан кейін судья процесте козғалған іс бойынша азаматтың мүдделерінің білдіру білдіру және қорғау үшін рәсми өкіл адвокат тайындайды.
Ресим өкіл-адвокаттың заңды өкіл өкілеттігі болады.Адвокатураның қызметін реттейтін заңдарға сәйкес мұндай адвокатың заң көмегі тегін жасалады.

Жоғалған бағалы қағаздарға құқықты қалпына келтіру. Бағалы қағаздарды көрсетушіге берілетін бағалы қағазды немесе ордерлік бағалы қағазды немесен ордерлік бағалы қағазды жоғалтқан адам заңда көрсетілген жағдайларда соттан жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы және ол жөніндегі құқықтарды қалпына келтіру туралы өтініш жасай алады. Тиісінше сақтамау салдарынан немесе басқа да себептермен құжаттың төлем төлеу белгілері жоғалтылған жағдай да құжат жөніндегі құқықтардың қалпына келтірілуі мүмкін.