Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері

Жоспар
Кіріспе 3
I. Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі және макроэкономикалық үлгілер 4
1.1 Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі 4
1.2 Макроэкономикалық үлгілер 4
1.3 Макроэкономикалық тепе – теңдіктің теориялары 6
Қорытынды 9
Пайдаланған әдебиеттер 10

Кіріспе
«Макроэкономика» пәні экономикалық оқу орындарында оқытылатын негізгі теориялық базалық курстың бірі болып есептеледі.
Макроэкономика ғылым ретіңде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді.

I. Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі және макроэкономикалық үлгілер
1.1 Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі
Макроэкономика теориясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәні үй – шаруашылықтары мен фирмалардың берілген экономикалық шарттарда шешім қабылдау және сол «берілген» шарттарда өзара қызметтері арқылы қалыптастыру механизмдері болып табылады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әр түрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады.

1.2 Макроэкономикалық үлгілер
Макроэкономикалық үлгі - әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгі күнделікті өмірдің оңайлатылған бейнесін көрсетеді. Себебі макроэкономикалық зерттеу жүргізуде нақты өмірдің барлық жақтарын бір уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бірде – бір макроэкономикалық үлгі нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейді. Бірақ осындай жалпылама үлгілердің арасында экономикаға әсер ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық айнымалылардың көлемі анықталады.

1.3 Макроэкономикалық тепе – теңдіктің теориялары
Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты теңселуі мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін талдау қажет.
Бір жағынан – нарықтық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның «экономикалық динамикасы» тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан – нарықтық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыз байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің тербелуі және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде «экономикалық тепе – теңдікті» қамтамасыз ететін фактроларды анықтау қажеттілігін тудырады.

Қорытынды
Қорытындылай келе қарастырылып отырған «Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері» деп аталатын реферат Негізгі бөлімі мынадай үш бөлімнен тұрады.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика Алматы, 2003.
2. Ж.Ә. Күлекеев., К.С. Есенғалиева., Н.Б. Тастандиева. Микро – макроэкономика терминдерінің орысша қазақша сөздігі. Алмат, 1995.
3. Н.Қ. Мамыров., Ж.Ә. Күлекеев., Г.К. Султанбекова. Микроэкономика. «Экономика».
4. Н.Қ. Мамыров., К.С. Есенғалиева., М.Ә. Тілеужанова. Микроэкономика. «Экономика», 2000.
5. С.Р. Тоқсанбай., - Толық экономикалық орысша қазақша сөздік. «сөздік – словар», 1990.
6. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов., «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе 2004