Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Азаматтық құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Полный просмотр работы

Азаматтық құқықтық қатынастар

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ 5
1.1. Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны 5
1.2. Азаматтық-құқықтық қатынастардың түрлері 6
2 МҮЛІКТІК ИГІЛІКТЕР МЕН ҚҰҚЫҚТАР АЗАМАТТЫҚ–ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ОБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ 9
2.1. Мүліктік игіліктер мен құқықтар 9
2.2 Азаматтық құқықтық қатынастар ретіндегі мүліктік емес игіліктер мен құқықтар 16
3. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ, ӨЗГЕРУ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУ НЕГІЗДЕРІ 19
3.1. Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы 19
3.2. Азаматтық-құқықтық қатынастарды өзгерту және тоқтату негіздері 22
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

KIPIСПЕ
Азаматтық құқық нормалырының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық-құқықтық қатынастардың мынандай түрлерін ажыратады:

Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтармен ғана байланысты болады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді.
Курстық жұмыстың мақсатына сай мына міндеттері орындалады:
азаматтық-құқықтық қатынастар мазмұны және олардың түрлерін қарастыру;
азаматтық-құқықтық қатынастар ретіндегі мүліктік және мүліктік емес қатынастарға сипаттама беру;
азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздерін талдау.
Курстық жұмыс кіріспе, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.
Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетел авторларының ғылыми еңбектері, басылымдары және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері мен заңдылықтары қолданылды.

1 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1. Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны
Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымынан бұл — құқыққа қабілетті адамдар арасындағы заң нормалары реттеген қатынас деген түсінік келіп шығады. Демек, құқықтық қатынастар тууы үшін құқықтық норма болуы тиіс, ал ол осы түрдің құқықтық қатынастарының және оның қатысушылары бола алатын субъектілердің құқық қабілеттілігінің пайда болуын көздейді. Алайда мұндай мән-жайлардың болуы өзінен-өзі белгілі бір қатысушылар арасында белгілі бір құқықтық қатынастарды туғыза қоймайды. Бұл — оның пайда болуының қажетті абстрактілік алғышарттары ғана.
Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар (олар құрған ұйымдар — заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болады. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормаларды реттейді, олар құқықтық қатынастар нысанына ие болады. Құқықтық реттеудің нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қатынастармен қатар, әлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар пайда болмайды. Құқықтық қатынастар дегеніміз — бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана.

1.2. Азаматтық-құқықтық қатынастардың түрлері
Азаматтық-құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық-құқықтық қатынастардың мынандай түрлерін ажыратады:
1) мүліктік қатынастар;
2) мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;
3) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар.

2 МҮЛІКТІК ИГІЛІКТЕР МЕН ҚҰҚЫҚТАР АЗАМАТЫҚ–ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ОБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ
2.1. Мүліктік игіліктер мен құқықтар
Мүліктік және мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу мұндай қатынастардың қатысушыларына құқықтар мен міндеттер беру жолымен жүзеге асырылады. Шын мәнінде, құқықтық қатынастар дегеніміз - бұл адамдардың құқықтармен және міндеттермен өзара байланыстылығы. Азаматтық - құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды.

2.2 Азаматтық құқықтық қатынастар ретіндегі мүліктік емес игіліктер мен құқықтар
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте "тұлғалар" деген жинақтаушы термин пайдаланылады.

3. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ, ӨЗГЕРУ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУ НЕГІЗДЕРІ
3.1. Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы
Құқықтық қатынастар пайда болуы үшін нақты адамдар арасында нақты құқықтар мен міндеттер туғызатын нақты мән-жайлар қажет болады.
Азаматтық-құқықтық қатынастарды өзгерту немесе тоқтату үшін де осындай мән-жайлар қажет болады.
Мұндай мән-жайларды заңдық фактілер деп атайды. Өзіндік адрес иесі жоқ құқықтық нормадан өзгеше, заңдық факті қашан да дербес бағытты болады. Сондықтан оны құқықтық қатынастардың нақты алғышарты деп тануға болады.
Сонымен, заңдық факті дегеніміз - заң құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын онымен байланыстыратын мән-жай.

3.2. Азаматтық-құқықтық қатынастарды өзгерту және тоқтату негіздері
Құқықтық қатынастарға қатысушылардың еркіне тәуелді болумен қатар, заңдық фактілер кейбір өзгеше белгілері бойынша белгілі бір топтарға бөлінуі мүмкін. Заңдық фактілердің құқықтық қатынастардың дамуына ықпал етуіне қарай оларды құқықты туғызатын, құқықты тоқтататын және құқықты өзгертетін фактілерге бөлуге болады.
Мұның алғашқысы бұрын мұндай заңдық байланысы (шарт, зиян келтіру) болмаған адамдар арасында құқықтық қатынастардың тууына әкеп тірейді. Екіншісі (мерзімінің өтуі, шарттың бұзылуы) - заңдық қатынастардың тоқтатылуына әкеп соғады. Үшіншісі — қалыптасқан құқықтық қатынастардың мазмұнын өзгертуге себепші болады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен қорытындылай келе, азаматтық құқық қатынастар дегеніміз азаматтық құқық нормалырының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастарды айтамыз.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың мынандай түрлерін ажыратамыз:
1) мүліктік қатынастар;
2) мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;
3) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар.
Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі материалдық игіліктер мен құқық немесе мүлік болып табылады. Меншік қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатып алу-сату, айырбас, займ және т.с.с.) делдалдық жасайтын қатынастар мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастарға жатады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нормативтік әдебиеттер:
30 тамыз 1995 жылы Республикалық Референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конститутциясы, (7 қазан 1998 жылғы өзгерістер және толықтыруларымен).- Алматы: Қазақстан, 1998. - 96 б.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.- Алматы: ЖШС «Баспа», 2001.- 400 б.
Негізгі әдебиеттер:
“Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығы” Төлеуғалиев Ғ.И., Алматы 2001 жыл
“Азаматтық құқық” Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, 2003 жыл
“Субекты гражданского права” М.К. Сулейменов., Алматы, 2004 год.
“Субекты гражданского права” Грешников ., Алматы 2003 год
Советское гражданское право: в 2 ч. Учебник. /Отв. Ред. В. А. Рясенцев. –3-е изд., перераб. и доп.-М.: Юридическая литература. Ч. 1, 1986.- 559с.
Советское гражданское право: в 2 ч. Учебник. /Отв. Ред. О. А. Красавчикова. –3-е изд., перераб. и доп.-М.: Высшая школа, 1985.- 544с.
Гражданское право. Учебник. В 2 т. /Отв. Ред. Е.А. Суханов. - М.: Изд-во БЕК. Т.1, 1994.-431 с.
Гражданское право: Курс лекций. Учебное пособие. /Отв. Ред. О.Н. Садиков. - М.: Изд-во БЕК. Ч. 2:Обязательственное право. - 1997. –687с.
Гражданское право. Учебник. В 2 т. /Отв. Ред. Е.А. Суханов. - М.: Изд-во БЕК. Т.1, 1993.-383 с.
Советское гражданское право. Учебное пособие: в 2 ч. /Отв. Ред. О. А. Красавчикова. –М.: Высшая школа, 1968.- 519с.
Советское гражданское право. Учебник. /Отв. Ред. О. Н. Садиков. - М.: Юридическая литература, 1983.- 464с.
Советское гражданское право: в 2 ч. Учебник. /Отв. Ред. В. Т. Смирнов. –2-е изд., перераб. и доп. - Л.: Изд-во ЛГУ. Ч. 1, 1982.- 414с.
Советское гражданское право. В 2 т. Учебник. /Отв. Ред. В. П. Грибанов. –М.: Юридическая литература. Т.1, 1979.- 552 с.
Гражданское право Республики Казахстан: (Общая часть). Учебное пособие. /Отв. ред. Г. И. Тулеугалиев, К. С. Мауленов.- Алматы: Гылым. Т.1, 1998. –227 с.
Гражданское право Республики Казахстан: (Общая часть). Учебное пособие. /Отв. ред. Г. И. Тулеугалиев, К. С. Мауленов. –2-е изд., перераб. и доп. - Алматы: Гылым. Т.1, 1999. –227 с.
Гражданское право. Учебник. /Под ред. А. П. Сергеева, Ю. К. Толстого. –3-е изд., перераб. и доп.-М.: ПРОСПЕКТ. Ч.1, 1998.- 631с.