Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан территориясындағы ерте феодалдық мемлекеттер

Жоспар
1 Түрік қағанаты дәуіріндегі саяси-құқықтық қатынастар 3
2 Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің, Найман және Керей ұлыстарының қоғамдық-саяси құрылысы 5
Әдебиет 9

1 Түрік қағанаты дәуіріндегі саяси-құқықтық қатынастар
ІV-ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде Көне Түрік империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип – түрік тілдес халықтардың іргесі қаланды.
Бірінші қаған Құтлұқ болды. Оны Елтебер қаған деп атады. Оның жақын көмекшісі, әрі кеңесшісі түріктердің тамаша ерлік істері мен өсиеттерін құлыптастарға жаздырып қалдырған Тоныкөк болды. Қапаған қағанның тұсында (691-716) екінші Түрік қағанаты өзінің әскери-саяис қуатының гүлдену дәрежесіне жетті. Түрікте Қытайға бірнеше сәтті жорықтар жасады, қидандарды, Енисей қырғыздарын талқандап, Туваны бағындырды. Осылай Қапаған қаған Орталық Азияның билеушісіне айналды. Оның әскерлер Соғды жерлеріне дейін барды. Білге мен Күлтегін қағандардың тұсында да түріктердің қуаты артып тұрды. Ішкі соғыстардан 744 жылы екінші Түрік қағандығы құлап, Ашина әулетінің билігі тоқталды.

2 Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің, Найман және Керей ұлыстарының қоғамдық-саяси құрылысы
Қарлұқ, Оғыз,Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің, Найман және Керей ұлыстарының қоғамдық-саяси құрылысы.
Түрік қағанаттарынан соң Қазақстан территориясында Қарлұқ мемлекеті (756-940), Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қарахан мемлекеті (942-1210), Қарақытайлар мемлекеті (1228-1213), Найман және Керей ұлыстары, Қыпшақ хандығы (ХІ ғ-ң басы – 1219) сияқты мемлекеттер өмір сүрді. Бұл мемлекеттерді Түрік қағанаттарының заңды жалғасы деуге болады. Себебі Түрік қағанатындағы халықтар кейін осы мемлекеттердің құрамына кірді. Олардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті, діни наным-сенімдері де ұқсас болды. Түргеш, сонан соң Қарлұқ қағандықтары кезінде Қазақстанға ислам дінін таратушы араб әскерлері кірді. Қарахан мемлекетінде ислам мемлекеттік дінге айналды.