Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банк ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 41 стр.

Полный просмотр работы

Банктік карточкалар

Жоспар
Кіріспе 3
І тарау. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама 5
1.1 Банктік карточкалардың ұғымы мен оның түрлері 5
Қорытынды 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 41

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының төлем системасының ұйымдастырылуы жетілдіріліп келеді. Төлем системасындағы есеп айырысу операциялары экономикадағы ақша массасы мен оның қозғалысын реттеуге және оған бақылау жасауға ықпал етеді. Есеп айырысу операциялар банктік операциялар ішінде ең көп қолданылады. Төлем құралдары ішінен артынан шыққан банктік карточкалар қазіргі таңда кең өріс алуда. Төлем карточкалардың көптен қолдануы «көлеңкелі» экономика көлемінің азаюына және ақша айналымыныңбір бөлігінің легалдандыруына ықпал етуі мүмкін.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерімен шығарылатын банктік карточкалардың мәнін және оны қолданудың проблемаларын зерттеу.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыста бір қатар міндеттер белгіленеді:
1. Коммерциялық банктердің банктік карточкаларына жалпы теориялық сипаттама беру;
2. Банктік карточкалармен есеп айырысу есебіне талдау жүргізу.
3. Банктік карточкалардың қолдануымен операциялардың жаңа түрлерін жетілдіру.
Зерттеу тақырыбы – Қазақстан Республикасының төлем системасының ұйыдастырылу процесіне банктік карточкалардың алатын орнын айқындау. Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, бес бөлімі бар үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшалардан тұрады.

І тарау. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама
1.1 Банктік карточкалардың ұғымы мен оның түрлері
Пластикалық карточка – бұл ақпараттың қазіргі жоғары технологиялық алып жүрушісі. Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық карточка – бұл Қазақстанның төлем жүйесінің болашағы. Пластикалық карточка жақында тек қана қолма – қол ақшаларды емес, құжаттарды да ауыстырады (жеке куәлік немесе төл құжат орнына – карта суретімен). Барлық әлемде 2,5 миллиардтан астам адам тауарлар мен қызметтерге төлем жасау, жалақы алудың құралы және есептеудің тағы басқа түрлері ретінде пластикалық карточкаларды таңдады. Ендеше, пластикалық карточка қолма – қол ақшалармен еспетеуге қарағанда, қолайлы, әрі сенімді болып табылады. Пластикалық карточкалар шартты түрде:

Visa Business – корпоративтік карточка болып табылады және кәсіпорындардың қызметкерлеріне компанияның балансына жататын іссапарлық, өкілдік және өзге де шығыстарды ақша аудару арқылы төлеуге мүмкіндік береді. Карточка жоғалатын жағдайда сізге бар болғаны карточканы шұғыл түрде ауыстыру немесе қолма – қол ақшаны беруді ұйымдастырады. Сіздің компанияңыздың:
Қызметкерлердің қаражатты жұмсауын талдауға;
Іссапарлық және өкілдік шығыстарды жоспарлауға;
Іссапарлық шығыстарға қаражатты ақша аудару тәсілімен беруге мүмкіндігі бар;

Visa Gold анағұрлым мәртебелі карточка қолайлылық пен сервистің жоғары деңгейін бағалайтындарға арналған. Visa Gold ұстаушыларына айтарлықтай шегерімдер мен жеңілдіктер беріледі. Карточка ұстаушыларының көрсететін қызметтерінің міндетті түрлерінің қатарына карточка жоғалатын жағдайда шұғыл қызмет ету, жоғалғанның орнына уақытша карточканы тегін алу мүмкіндігі және т.б. кіреді. Visa Gold карточкасының иесі қаржылық жағынан қабілеттілігін атап көрсетеді және анағұрлым қаржылық мол мүмкіндіктерді береді.

Авторландыру өткiзiлген соң кассир карточка және импринтер көмегiмен слип деп аталатын арнайы түбiртектi құрады. Импринтер орнына электронды терминал қолданылуы мүмкiн. Бұл жағдайда тиiстi құжат электронды терминал түбiртегi деп аталады. Халықаралық тәжiрибеге сәйкес слип (электронды терминал түбiртегi) кем дегенде келесi деректерден тұруы тиiс:
— сауда ұйымының сәйкестендiргiштерi (нөмiрi);
— операция өткiзу күнi;
— операция сомасы;
— операция валютасы;
— операция эмитенттерi авторландыруды бекiтетiн код;
— банктiк карточка деректемелерi:
— карточка ұстаушының қолы.

Сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары арқылы операцияларды жүзеге асыру кезінде келесі өткізбелер құрылады:
• Слиптерді алғанда және өңдегенде карт-шоттан сома транзиттік шотқа жазылады.
Дт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары»
Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»
• Слиптерді алғанда және өңдегенде карт-шоттан сома транзиттік шотқа жазылады (шетел валютасындағы слип сомасы):

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 30.03.1995
2. «Қазақстан Республикасының Үлттық банкі туралы» Қазақстан
Республикасыньщ заңы. 30.03.1995
3. Мақыш С.Б. Коммерциялык банктер операциялары. Алматы:
ИздатМаркет, 2004ж.
4. Питер С. Роуз. Банковский менеджмент. (Перевод с английского 2-го изд.-М:Дело,1999)
5. Сейтқасымов Г.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: Экономика, 1996ж.
6. Сейткасымов Г.С. Банковское дело. Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998ж.
7. Орысша-қазақша қазіргі экономикалык терминдердің түсіндірме
сөздігі. /жауапты редактор: Досаев Қ.О./ Алматы: Экономика, 1999ж