Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық негізгі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Отбасы құқығы негіздері

МАЗМҰНЫ
1 ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ 3
1.1. Отбасылық құқықтық қатынастар 3
1.2. Неке 4
1.3. Отбасы 7
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 9

1 ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Отбасылық құқықтық қатынастар
Отбасылық құқықтық қатынастар - құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар.
Неке отбасы заңдары:
некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;
отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке - отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді. Бүл мәселелер негізінен ҚР "Неке және отбасы туралы" (17 желтоқсан 1998 ж.) заңымен реттеледі.

1.2. Неке
Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағы.
Неке қию тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын (АХАЖ) мемлекет органдарының кітабына жазылады да, некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

Соттан басқа, өзара келісім білдірген және т. б. жағдайларда некені бұзу азаматтың хал актілерін жазатын органдарда төмендегі жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
кәмелетке толмаған, балалары жоқ жұбайлардың некесі;
заңда белгіленген тәртіп бойынша хабар-ошарсыз кетті деп танылған адамдармен неке;
әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам¬дармен неке;
қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдармен неке.

1.3. Отбасы
Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Ата-аналар мен балалардың өзара құқықтары мен міндеттері баланың заңда белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған тегіне негізделеді.
Куәландыру жолдары:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Баққұлов С. Құкык негіздері. Оку құралы. ҚазМСҚА. Алматы. 2001 ж.
2. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997 ж.
3. Жамбылова P. Заң терминдерінін казақша-орысша, орысша-казакша аныктамалык сөздігі. Алматы, 2001 ж.
4. Найманбаев С. Салықтык құкық. Оқу күралы. Алматы, 1996 ж.