Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 40 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе 3

1 Саяси партияларды құқықтық құбылыс ретінде зерттеудің теориялық негіздері 4
1.1 Саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде пайда болуының және дамуының мәселелері 4

2 Саяси партияның түсінігі және функциялары 9
2.1 Партиялық жүйелердің мәні және типологиясы 17
2.2 Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық институт ретінде қалыптасу кезеңдері 22

3 Саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуын құқықтық реттеу 30

Қорытынды 37

Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі 40

Кіріспе

Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар.

1 Саяси партияларды құқықтық құбылыс ретінде зерттеудің теориялық негіздері

1.1 Саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде пайда болуының және дамуының мәселелері

Саяси партиялар сияқты әлеуметтік-құқықтық феноменді зерттеу кезінде бірден байқалатын факт – олардың рөлі мен мәніне берілетін бағаның әртүрлілігі. Мұндай артық эмоция отандық және шетелдік ғалымдардың барлығына тән. Тіпті ұзақ тарихы бар, классикалық американдық партия жүйесін зерттеушілердің өздері де саяси партиялар туралы ой-пікірлерінде бірқалыптылықты ұстанбайды. Әсіресе бұл «саяси партиялар –демократия» деген өзара байланыс қағидасын бағалау кезінде анық білінеді. Біреулері партияларды қоғамның демократиялануының өкілдері ретінде, тіпті демократиялық қоғамның өзін-өзі басқаруын жүзеге асыратын құрал ретінде даңқа бөлейді.
Мысалы, Дж. Брайтс «локомотивке бу қандай керек болса, Америкадағы үкімет механизмін қозғалысқа келтіру үшін партиялардың рухы мен күші сондай қажет» [1]. Кейбіреулері саяси партияларды демократиялық процестерді жаратушы деп тіпті ары кетті. Мысалы, Е. Шатцнейдердің айтуынша «Саяси партиялардың ықпалының өсуі, қазіргі заманғы басқарудың негізгі белгілерінің бірі екендігі даусыз. Партиялар шын мәнінде демократиялық басқарудың пайда болуында басты рөл ойнайды. Сондай-ақ біріншіден, саяси партиялар демократияны дүниеге әкелді, екіншіден, қазіргі демократияны саяси партияларсыз елестету мүмкін емес» [2]. Бірақ осылармен қатар, саяси партияларға қажеттілік жоқ немесе олар демократиялық саяси өмірдің түбіне жетеді деп есептейтін екінші топ бар. Тіпті кейбір зерттеушілер саяси партиялардың қызметіне тыйым салу қажет деп есептейді. Республикашылдардың негізін салған тұлғалар саяси өмірдегі ұйымдасқан топтарға күдікпен қараған. Дж. Медисон партиялардың құрылу процесін «топтардың апаты» деп атаған [3].

2 Саяси партияның түсінігі және функциялары

Дамыған демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекеттің міндетті атрибуты ретінде идеологиялық және саяси әралуандылықтың конституциялық деңгейде танылуы, Қазақстандағы қоғамдық-саяси ұйымдардың, қозғалыстардың және саяси партиялардың жедел дамуына жағдай туғызды. Оның ішінде, тек саяси партиялар ғана халықтың көңіл-күйін анықтаудың сенімді «құралы» болып табылады [30].
Қазіргі уақытта демократиялық мемлекеттердегі саяси партиялар, мемлекеттік билік органдарының қалыптасуына және олардың жұмыс жасауына шешуші ықпал жасайды. Ұлттық саясатты жасау, оны жүзеге асыру үшін тиісті ресурстарды табу, тиісті шешімдер қабылдау бүгінгі таңда саяси партияларсыз еш мүмкін емес. Тіпті демократия немесе халық билігі дегеніміздің өзі қоғамдық ұйымдардың дәл осы түрінің белсенді қызметі, яғни, олардың сайлаушылардың даусы үшін, саяси және әлеуметтік басымдықтар үшін күрестегі ашық бәсекелестігі, олар ұсынып отырған саяси бағыттар мен бағдарламалардың плюрализмі, олардың бірін-бірі сынауы және т.б. [4. 150 бет].

2.1 Партиялық жүйелердің мәні және типологиясы

Қазақстандағы саяси партиялардың рөлі мен ықпалының өсуі конституциялық құқық ғылымында партиялық жүйелерді зерттеуді өзекті мәселеге айналдырып жіберді.
Әдетте, ғылыми әдебиетте «жүйе» деп (гректің systema – бөліктерден құралған бүтін) бір-бірімен байланыста болатын және белгілі бір тұтастықты құрайтын элементтердің белгілі бір көптігін айтады [48].
Бүгінгі күнде «партиялық жүйенің» барлығы мойындаған анықтамасы жоқ.
Америкалық зерттеуші Дж. Лапаламбараның пайымдауынша, партиялық жүйе дегеніміз «екі және одан да көп бәсекелес партиялардың, ашық және еркін сайлауда бір-бірімен күрес жүргізу жағдайы». Бұл жерде партиялық жүйені сипаттайтын келесі элементтерді көрсетуге болады: 1) партиялардың белгілі бір санының болуы; 2) сайлаудағы олардың бәсекелестігі [36. 47 бет]. Оның бір партиялы мемлекеттерде партиялық жүйе жоқ деп айтқан пікірін де көп зерттеушілер қателік деп бағалайды.
С. Ньюмен партиялық жүйені «Өзінің жеке басқару жүйесін қалыптастыруға партиялардың құқығы» деп түсінеді. Бұл жерде екі түрлі ұғымның бірлігі туралы сұрақ туады: партиялық жүйе және басқару жүйесі [36. 48 бет].

2.2 Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық институт ретінде қалыптасу кезеңдері

Соңғы жылдары жүргізілген түбірлі экономикалық және құқықтық реформалар қоғамдық сананың саяси әралуандығына алып келді. Мемлекеттегі саяси партиялар рөлінің өсуі олардың құқықтық институт ретінде қалыптасуына жол ашты. Қазақстан азаматтары саяси партиялардың толыққанды құқықтық институт ретінде қалыптасқанының куәсі болды.
Конституциялық құқықтық ғылымда бұл құқықтық феноменнің көптеген анықтамалары бар. Алайда олардың барлығы бір-бірінен біршама ерекше болғанымен мәні бойынша ұқсас болып келеді, яғни, саяси партияларды заңды түрде тану олардың ерекше құқықтық мәртебесін бекіту және т.б.
В. Евдокимовтың пікірі бойынша, «Саяси партиялардың институционализациясы олардың ерекше құқықтық институт ретінде қалыптасуының және оның қызметінің регламентін білдіреді» [36. 42 бет].
В. Даниленко партиялардың құқықтық институционализациясы, бұл «олардың құрылу және тіркелу тәртібі, қызметінің негізгі бағыттары, мақсат-мұраттары реттелетін, олардың ішкі ұйымдасуы мен қаржыландыруы сұрақтары шешілетін, партия қызметі ұйымдастырылатын және бағытталатын құқықтық базаның құрылуы» деген пікір айтады [55].

3 Саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуын құқықтық реттеу

Сайлау институты демократиялық, құқықтық мемлекет қалыптастыру жағдайында халық билігін жүзеге асыратын шынайы механизмге айналады. Нақ осы жерде әртүрлі саяси күштердің өкілдері болып табылатын саяси партиялардың мүдделері тоқайласады.
Демократиялық мемлекеттердегі саяси партиялар мен олардың кандидаттарының сайлауға қатысуының құқықтық қағидалары мыналар:
мүмкіндіктер теңдігі – барлық кандидаттарға сайлауға, теле-радио уақытқа және өзге де сайлауалды акцияларды өткізу үшін берілетін максималды шығындардың теңдігі;
мемлекеттік аппараттың бейтараптығы – атқарушы органдардың сайлау алдындағы күреске араласпауы; лауазымды тұлғалар сайлау кампаниялары кезінде өзінің абырой-беделін не өкілеттігін белгілі бір кандидатты немесе партияны қолдауға не кемсітуга пайдаланбауы тиіс.
Бұл қағидаларды Қазақстанда жүзеге асыру сөз жоқ, елімізде демократиялық сайлауды орнықтыруға өз септігін тигізеді.
Отандық саяси партиялардың сайлауға қатысуының құқықтық аспектілеріне назар аударатын болсақ, біз алға жылжу жоқ деп біржақты айта алмаймыз. Бұл, әсіресе, сайлау заңнамасына қатысты мемлекетіміздің үлкен демократиялық қадамдарға баруы, саяси партиялардың құқықтары мен міндеттерінің кеңеюімен сиаптталады.

Қорытынды

Демократиялық бастауларға негізделген саяси жүйенің тиімді жұмысы, саяси партиялардың қоғамдық және мемлекеттік өмірге араласуынсыз мүмкін емес. Олар әлеуметтік топтардың ұстанымын жүзеге асыратын және азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің арасын тікелей байланыстыратын ең қолайлы өркениетті құрал болып табылады.
Партиялар әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтау, негіздеу және білдіруді жүзеге асырып қана қоймай, сонымен бірге, осы мүдделерді біріктіру арқылы қоғамның жалпыұлттық консолидациясына жол ашады. Кез келген мемлекеттегі демократиялық даму деңгейін нақ осы саяси партиялар анықтайтыны белгілі.

Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі

1. В.Н. Хропанюк. Теория государства и права. Уч. Пособие. М., 1993.
2. Н.И. Матузова, А.В. Малько. Теория государства и права. М., 1997.
3. С.С. Алексеев. Общая теория права. М., 1994.