Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 31 стр.

Полный просмотр работы

Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны

Мазмұны
Кіріспе 3
І бөлім. Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны 5
1.1 Инфляцияның анықтамасы және мәні 5
1.2 Инфляция деңгейін өлшеу 5
ІІ бөлім. Инфляцияның түрлері және оның себептері 8
2.1 Инфляцияның түрлері 8
2.2 Инфляцияның пайда болу себептері, көрсеткіш нысандары және экономикалық зардаптары 10
2.3 Инфляцияның ерекшеліктер 14
2.4 Инфляцияға қарсы саясаттың әдістері 16
III бөлім. Қазақстан Республикпсында инфляцияның пайда болу себептері мен мәні 20
3.1 Қазақстандағы инфляциялық жылдар 20
3.2 Қазақстанда инфляцияға қарсы саясатымен оның қолдану
ерекшеліктері 21
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер 31

Кіріспе
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Алтын немесе күміс айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.

І бөлім. Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
1.1 Инфляцияның анықтамасы және мәні
Инфляция латынның “inflation “ – “қампиған “ деген сөзі,- қағаз ақшаның құнсыздануы мен пайда болатын әлеуметтік –эканомикалық процесстер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтермелеуімен байқалады. Бұның өзі, барлық бағаның арнайы көтерілуін көрсетпейді. Олардың баға индексімен өлшенетін жалпы деңгейі өседі. Инфляция - кешенді себептерден туындайды және олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады.

1.2 Инфляция деңгейін өлшеу
Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді. Есімізге түсірсек, жалпы бағалық мерзім баға индексі арқылы анықталады.

ІІ бөлім. Инфляцияның түрлері және оның себептері
2.1 Инфляцияның түрлері
Инфляцияның бірнеше түрлері бар . Баға өсуі қарқыны өзқарасы тұрғысынан нфляцияны төмендегідей түргеге бөлуге болады :
а) баяу инфляция;
ә) қарқынды инфляция;
б) ұшқыр инфляция.

2.2 Инфляцияның пайда болу себептері, көрсеткіш нысандары және экономикалық зардаптары
Инфляция тек қағаз ақшаға тән және ол экономиканың кез келген үлгісінде де орын алады. Көбінесе, инфляция айналымдағы ақшаның көбеюімен бейнеленеді. Бірақ кейде, инфляциялық ахуал, айналымдағы ақшаның саны бірқалыпта қалған күнде де туады. Мысалы, егер елде тауар өнімінің көлемі азайып кетсе, онымен тікелей байланысты тауар айналымының көлемі да азаяды. Олай болса, оларға жұмыс жасайтын ақшаныңда саны азаяды. Сөйтіп, дәл осы кезде айналымда жүрген ақшаның бір бөлігі артық болып шығуы мүмкін. Тап осындай жағдай ақша айналымы жеделдетілсе де туады. Ақша айналымын жеделдету, басқа жағдайлары бірдей болғанда, айналымға қосымша ақша шығарғанмен бірдей.

2.3 Инфляцияның ерекшеліктер
Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздікпен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады ұзақ мерзімді болашақта, сондай – ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.

2.4 Инфляцияға қарсы саясаттың әдістері
Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?

III бөлім. Қазақстан Республикпсында инфляцияның пайда болу себептері мен мәні
3.1 Қазақстандағы инфляциялық жылдар
1993 жылы бұрынғы кеңестік республикалардың “егемендіктер парадының “ басталуы және эканомикалық жағдайларға ешқандай дайындықтардың болмауы Қазақстанда өте ауыр әлеуметті-эканомикалық жағдайларғаәкеп соқтырды. Өндіріс көрсеткіштері іс жүзінде эканомиканың барлық сферасында құлдырады. Мұның бәрі шоқырақтау инфляциясымен қатарласа жүріп 1994 жылдың жазында гиперинфляцияға өсіп жетті. Саяси және эканомикаллық себептер 1993 жылдың қараша айында республиканы жедел түрде ұлттық валюта – теңгені ендіруге мәжбүр етті, оның өзі алғашқы тоғыз ай ішінде аса тездікпен салмағын “ жоғалтып “ жатты. Осындай қиын жағдай бір мезгілде эканомиканы ырықтандырумен қоса қатаң монетарлық саясатты жүргізуге бағыт берді.

3.2 Қазақстанда инфляцияға қарсы саясатымен оның қолдану ерекшеліктері
Инфляция салдарынан нейтрализациялау мақсатында мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді.
Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатты – эканомиканы сауықтырудың жалпы эканомикалық баға мен жалақыны реттеудің әдістерін, қаржыны сауықтыру, несие экспансиясын баяулату, ақша эммиссиясын жоюды қарастырды. Асқынған жағдайда Ақша реформасын жүргізеді. Ол бір уақыттың өзінде-ақ материалдық қаржының баланстанбауының себептері және салдары бола алады. Оның барлық шаруашылық механизмін жөндемей жеңу бола қоймас. Осы механизмді емдеу нәтижесіз болуы мүмкін, себебі ол инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясатты жасауды қиындатып жібереді.
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты эканомикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес.

Қорытынды
Курстық жұмысым инфляцияның мәні, түрлері, себептері, формулалары. Курстық жұмысым III бөлімнен тұрады.
I бөлім Инфляцияның мәні негізгі мазмұны туралы.
II бөлім Инфляция түрлері және оның себептері.
III бөлім Қазақстан Республикасында инфляцияның пайда болу себептері.
Қазіргі өмірде көптеген қиын мәселелер болып жатыр. Оларды біз басты глобальды мәселелер деп айтуымызға болады. Оның ішінде біреу инфляция. Ол адамзат экономикасы дамуы кезде де болып келді. Бірақ инфляцияның дамып өсуі тек қана қазіргі уақытта көрініде. Инфляция дамыған және дамып келе жатқан елдердің экономикасында өріс алды. Адамзат дамытылған экономикалық ойлармен инфляцияға қарсы күресу үшін көптеген күш жұмсады. Бірақ оны тамырмен жоюға болмайды. Себебі инфляцияның жаңа және күрделі формалары туа бастайды. Кейбір елдерде мынандай күрестер жақсы нәтижелер берді. Ал Қазақстан Республикасында бұл жолдар тек ғана дамып келе жатыр. Қазақстан Республикасы дамушы ел болып келеді. Ол үлкен ресурстық қорымен қамтылған және әлемдік рынокта нақты орын алады деп те айтуға болады. Осыған байланысты біз өзіміз елімізде инфляцияның жоғарлауына жол бермеуміз тиіс деп есептеймін. Қазақстан басқа елдердің қателеріне қарап, қателік жібермеуге тырысу керек деп санаймын.
Инфляция дегеніміз тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету бағаларының өсуі екені бәрімізге мәлім. Мамандар қазіргі инфляцияның өсу деңгейіне өсер етіп отырған үш себепті айтады. Олардың біріншісі -экономиканың жалпы даму деңгейінің жоғары-лығы, екіншісі - үстіміздегі жылдың екінші жартысынан бастап бюджет мекемелері қызметкерлерінің жалақысын, зейнетақыны және әлеуметтік төлемдерді өсіру мақсатында мемлекет тарапынан қаржы бөлінуі. Бұл айналымда жүрген ақша көлемін 100 миллиардтан астам теңгеге көбейтіп отырған көрінеді.
Бұл екі себеп ел экономикасындағы ақша ұсыныс көлемін ұлғайтып, халықтың сатып алу немесе тұтыну қабілетін өсіріп, соның салдарынан бағаның өсуіне әкеліп отыр.
Ал инфляцияның үшінші себебіне келсек, ол елімізге импортталатын тауарлар шығарылатын елдердегі инфляцияның өсуіне байланысты екен. Түсінікті тілмен айтқанда, шет елдердегі инфляция деңгейі сол жерден әкелінетін тауарлар бағасы арқылы біздің ішкі бағаның өсуіне әсер етпек. Осы инфляция және облысымыздағы банк жүйесінің дамуы жөнінде ҚР Ұлттық банкі БҚ филиалының директоры Борис Ізбасарұлы Ізбасаровты әңгімеге тарттық.
- Осы инфляцияны ауыздықтау мәселесіне байланысты атқарылып отырған шараларға байланысты не айтар едіңіз? Ұлттық банк таралынан қандай іс-әрекеттер жүргізіліп отыр?
- Банк саласында инфляцияның деңгейіне ықпал жасайтын факторлар жалпылама алғанда монетарлық факторлар және монетарлық емес факторлар деп екіге бөлінеді. Олардың инфляцияға ықпал жасау деңгейі әр кезеңде әр түрлі болады. Мысалы, тауар шығару, оны сату нарығындағы бәсекелестік деңгейінің немесе ауа райына, жыл мезгілдеріне тәуелді өндірілетін енім бағасы тұрақсыздығының, иә болмаса шығарылатын тауарлардың бағасының қуат беру мекемелері тарифтеріне байланысты өзгеруінің жалпы инфляция деңгейіне ықпал етуі монетарлық емес фактор болады.
Мүндай, монетарлық емес факторлардың жалпы инфляция деңгейіне тигізетін ықпалын барынша төмендетуге бағытталған істерді орталық және жергілікті атқару органдары жүзеге асырып отырады. Бұл тұрғыдан, нарықтық бәсекелестікті дамыту, сату орынының төлемі жеке базарлардан төмен жэне тауар өндіруші, делдал сатушыға жүгінбей, өз өнімін өзі тікелей сатуға мүмкіндік беретін коммуналдық базар ашу, қуат беру және коммуналдық қызмет көрсету мекемелерімен тарифтерің көтермеу жөнінде мәмілеге жету, оңтүстік өңірден жеміс-көкөніс таситын кәсіпкерлерге келеңсіз кедергілер жасалмауын қадағалау сияқты тағы да басқа жергілікті атқару органдарының жасап отырған шараларын атап айтуға болады
Ал енді жалпы инфляция деңгейіне өз әсерін тигізетін басты монетарлық фактор дегенімізге айналымдағы ақша көлемінің өзгеруі қарастырылады. Монетарлық факторларды реттеу мәселесінде Ұлттық банк өзінің ақша- несие саясатының опера-цияларын қолдану арқылы үлкен ықпалды рөл атқарады. Улттық банк ақша-несие саясатының негізгі мақсаты экономикадағы айналымдағы ақша сұранысы мен үсынысын реттеп, оныңжалпы көлемін керекті мөлшерде өзгертіп отыру арқылы инфляцияның белгіленген шектен шықпауын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кезде Ұлттық банктің белсенді қолданып отырған ақша-несие саясаты құралдарының бірі - ресми қайта қаржыландыру ставкасының реттеушілік қасиетін күшейтуі, Ұлттық банк ақша нарығының жалпы жай-күйіне, заемдар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, иифляция деңгейі мен инфляциялық күтулерге байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын мерзімді қайта қарай отырып, сол арқылы қаржы нарығына қаржы саласында күтілетін үрдістер жөнінде маңызды бағдарлар береді.
Биылғы жыл басынан бастап Ұлттық банк ресми қайта қаржыландыру ставкасын мерзімді (тоқсан сайын) қайталап қарауды және белгілеуді тәжірибеге енгізіп отыр. Жыл басынан бері бүлстав-ка үш мәрте қайта қаралды. Ресми қайта қаржыландыру ставкасының көтерілуі белгілі меже рөлін атқара отырып, екінші деңгейдегі банктердің несие ставкаларын көтеруіне жанама ықпал жасауы тиіс. Сөйтіп экономикада банктер тарапынан ұсынатын ақшалар қымбаттап, экономика субьектілері тара-пынан несиеге деген сұраныс (несиенің ставкасының өсуіне байланысты) төмендейді. Осыған бай-ланысты айналымдағы ақша көлемі азайып, инфляцияның төмендеуіне ықпал жасалады. Алайда экономикада инфляциялық әлеуеттің азаюына қарай оның біртіндеп төмендеуі болжанады.
Ресми қайта қаржыландыру ставкасының релін қолданудан басқа Ұлттық банктің ақша несие саясатының инфляцияға жасайтын басқа да операциялары бар.
Ақша-кредит саясатының бір ерекшелігі оның жан-жақтылығы және ол өз әсерін республиканың белгілі бір аймақтарына немесе белгілі бір тауар, қызмет нарықтарына емес, толық республика аумагы мен бүкіл экономика салаларына әсерін тигізетіндігінде және ол біраз уақыттан кейін байқалмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әубакіров, Байжұмаев “ Экономикалық теория “ Алматы – 1999ж.
2. Борисов.Е.Ф. “ Экономика теория “ Москва – 1999ж.
3. Жүнісов Б.С. “Нарықтық экономика негіздері “ Алматы – 1999ж.
4. Қазамбаева А.М. “Баға және баға белгілеу” Орал – 2001ж.
5. Мамыров.Н.Қ, Тілеужанов.М.Ә. “ Макроэканомика” Алматы – 2003ж.
6. Осипов Г.М. “ Экономикалық теория негіздері “ Алматы – 2002ж.
7. Фишер .С. “Экономика” Москва – 1999 ж
8. Шеденов Ө.Қ. “ Жалпы экономикалық теория “ Ақтөбе – 2004
9. Ақиқат 2002, № 4. стр 45. Инфляциялық таргетту: өтпелі кезеңнің проблемалары және жүзеге асыру принциптері. Егемен Қазақстан 2004, 19 мамыр. Айманбетова.
10. Рыноктардағы ақшасы және инфляция. Қазақ елі 2004 – 21 сәуір. Абдуллаұлы.