Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 67 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

М.Әуезов және Абайтану тарихының мәселелері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы 10
1.1 Абайға барар жолда 10
1.2 Абайды тану – асқар белес 17
1.3 Мұхтар және Абай 22
1.4 Тарихи роман 24
1.5 «Абай жолы» - қазақтың сара жолы 29
2 М. Әуезов – ұлы суреткер 35
2.1 Абай дәуіріндегі өмір өрнегі 35
2.2 Эпопеяның тілі - қазақтың қасиетті тілі 38
2.3 Қазақ елі Абайымен еңселі 40
2.4 Абайтану тарихының мәселелері 42
2.5 Абай жаңашылдығы 47
2.6 Абай шығармаларының ерекшелігі 53
2.7 Абай және Пушкин 58
ҚОРЫТЫНДЫ 66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 67

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Әуезов Мұхтар – жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-ғалым, Абайтанушы. Сонымен қатар, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қаз ССР Ғылым Академиясының академигі, Қаз ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың лауреаты [1, 127].
Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, М.Әуезов атындағы совхоздың Бөрлі ауылында (бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысының 8-ауылы) дүниеге келген. Бөрлі – Семей қаласы мен Абай ауданының орталығы Қарауыл селосымен екі аралықта шамамен екі жағына да жүз шақырымдай қашықтықта орын тепкен. Онда жазушының 70 жылдық мерейтойына арнап шағын мұражай салынған еді.

1 Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы
1.1 Абайға барар жолда
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізеді.
Ақынның дүниеге келгеніне біржарым ғасырдан асты, ол өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.

1.2 Абайды тану – асқар белес
Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай шығармаларына революцияға дейінгі дәуірде-ақ әр түрлі бағыт-бағдарда пікірлер айтылып, там-тұмдап болса да зерттеу нысанасына іліне бастады. Бұл іспеттес әрекеттер ресми баспасөздер мен кейбір ғылыми жинақтарда, архивтік деректер көзі мен кейіннен табылған қолжазба нұсқаларда белгі берді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің қоғамдық ойы мен дүниетанымының шын мәніндегі энциклопедиясына айналған Абай шығармалары жайлы әр түрлі бағдар таныта айтылған пікірлер де көбейе түсті. Мұнда Абайдың жеке басы мен әдеби мұрасын танып бағалауда өткен дәуірдің саяси-әлеуметтік жағдайына байланысты қоғамдық санадағы айла-шарғысы мол пікір тасының әр қилы лептері де сезіледі.

1.3 Мұхтар және Абай
«Абай және Әуезов» деген тақырыпты сөз еткенде Мұхтар Әуезовтің Абайдың өмірі мен өнерпаздық жолын танып-білуге қосқан үлесі көбірек айтылады. Мұның өзі – екі үлкен сала. Бірі - Әуезовтің Абайтануға, яғни Абайдың өмірі мен творчествосын, оларға қатысты мәселелерді баяндайтын ғылыми еңбектерін, зерттеулері мен мақалаларын талдап бағалау. Екіншісі - Әуезовтің көркем шығармаларында Абай бейнесін суреттеуі, оның заманын, өмір жолын, ақындық, ағартушылық, қоғамдық қызметін сипаттап көрсетуі, яғни жазушының Абайға арналған пьесасы, опералық либреттосы, киносценарийі, әсіресе төрт томдық «Абай жолы» атты дәуірнамасы төңірегінде айтылған, әлі де айтылуға тиісті жайлар, қорытылған ой-пікірлер. Айтылған екі салаға жататын мәселелер аса маңызды екені талассыз. Себебі, Мұхтар Әуезовтің көркем шығармаларында да, ғылыми еңбектерінде де Абай тақырыбы ең басты орын алғаны белгілі.

1.4 Тарихи роман
Ұлы Октябрьдің жеңісінен кейін басқа да советтік республикалырдағы сияқты Қазақстанда да қазақ халқының ғылыми тарихын жасаудың негізі қаланды, тарихи зерттеулер жүргізіліп, жеке оқиғалардың мәні ашыла бастады. Тарихи танымның осы бір қалыптасуы процесінде өз шығармаларында бірқатар фактілерді, құбылыстарды немесе оқиғаларды ғылыми тұрғыдан көрсете білген жазушылардың творчествосы да маңызды роль атқарды. Осындай сөз зергерлерінің қатарына, жалпы жұрттың мойындауынша М.О.Әуезовті де қосуға әбден болады. оның романдарында, повестерінде, драмаларында, әңгімелерінде халықтың тарихы мен бүгінгі өмірі жан-жақты бейнеленді.

1.5 «Абай жолы» - қазақтың сара жолы
Эпопеядағы көркемдік шындық пен өмірлік шындықтың ара-қатынасын айқынырақ аңғару үшін шығарманың жазылу тарихына қатысты кейбір деректерді еске салалық.
Мұхтар Әуезов о баста Абай туралы романын үш кітап етіп жазды, «Телғара» деп атамақшы болды. Жас кезінде өз анасы мен кіші шешесі екеуінің тәрбиесін көріп, тел өскен Абайды осылай атаған екен. Жазушы «Телғара» деген сөзге Абай екі халықтың – қазақ халқы мен орыс халқының мәдениетінен сусындап, нәр алып өскен деген кең мағына бермекші болады... Алайда 1942 жылы жарық көрген бірінші кітапты, 1947 жылы шыққан екінші кітапты да «Абай» деп атаған. Ал үшінші кітапты 1950 жылы «Ақын-аға» деген атпен жарық көреді де, жазушы оны жұртшылық пікірін ескеріп, жаңадан түзеп, редакциялап, 1952 жыл қайтадан шығарғанда, «Абай жолы» аталады, кейін төртінші кітапқа да осы ат беріліп, эпопея түгелдей «Абай жолы» аталып кетеді.

2 М. Әуезов – ұлы суреткер

2.1 Абай дәуіріндегі өмір өрнегі
Тарихи тақырыпқа бой ұрған совет жазушыларының көпшілігі сияқты, М.Әуезов те суреткер ретінде өзі бейнелеп отырған дәуір шындығын терең зерттей отырып, сол дәуірге байланысты материалдарды марксист тарихшыға тән ғылыми тиянақтылықпен жинап зерттеді.
«Абай жолы» эпопеясын тарихи тұрғыдан алып қарастыру автордың бұл шығарманы жазуда Қазақстанның өткен өмірін бояуы қанық жарқын көркем образдар арқылы тарихи шындыққа мейлінше сай бейнелеп көрсету мақсатымен орасан зор жұмыс істегенін дәлелдейді. Мұның өзі шығарманың ғылыми танымдық маңызын арттыра түскені мәлім.

2.2 Эпопеяның тілі - қазақтың қасиетті тілі
«Абай жолы» тілі - әр қырынан, әр ыңғайда алып зерттейтін, сан салалы, күрделі құбылыс. Мысалы, ондағы шеберлік мәселесі, жазушының сөз қолданудағы тәсіл-тәжірибесі, диолог құру ерекшелігі, шығарманың өн бойынан айқан сезіліп отыратын қазақ халқының ежелгі шешендік өнері, сондай-ақ көне түркі, шығыс әдебиетінің тілінде дербес бір стиль ретінде қалыптасқан тавзе, садж, илтизом, иштиқоқ тәрізді әдістер көрінісі – барынша байыпты тексеруді, жан-жақты ғылыми талдайды қажет етеді.

2.3 Қазақ елі Абайымен еңселі
Әдебиет тарихында өзінің көркемдік құдіретімен тұтас бір дәуір туғызған шығармалар болғаны белгілі. Әдетте, ондай шығармалар халық өмірін аса шыншыл суреттегендіктен ұзақ жасап, жұртшылықтың жан азығына айналды.
Әрине, әрбір шығарманың да өз дәрежесінде танытқыштық, эстетикалық әсері болады. Бірақ шығарманың ұзақ жасауының сыры оның халық өміріне қажетті мәселелерді тереңнен суреттей білгендігіне байланысты. Көркем әдебиет сылдыраған сұлу сөздің жиынтығы емес, ол өмір шындығын көркем образдар арқылы танытуға тиіс. Әр заманда да халықтың жете танымаған, ұғынып жетпеген көп-көп көркемдік сауалдары болады. Қоғамның, белгілі бір халықтың басынан өткендерін тарих ғылымы дәл тұжырымдар арқылы дәлелдесе, көркем әдебиет өмір құбылыстарын бейнелеп, образбен танытады. Сондай-ақ тарихи еңбектер өзінің ғылыми дәлдігіне, тереңдігіне қарай бағаланса, әдеби шығарма шыншылдығына, көркемдігіне қарай орын алады.

2.4 Абайтану тарихының мәселелері
Әдеби мұраны игеру мәселесін әңгімелеген уақытта оны тек ауыз әдебиеті үлгілерімен ғана шектеп қоюға болмайды. Өйткені ол жалпы әдеби мұраның мәнді бір саласы ғана. Біздің ғылыми-сыншылық ойымыздың өркендеу барысында жеке ақын-жазушылардың, тарихта аты қалған дарындардың творчествосына назар көп аударылды.

2.5 Абай жаңашылдығы
Абай мұрасын жинау, оның творчествосының мәнін түсіну жайынан болсын, Абайдың қазақ әдебиеті тарихындағы орнын айкындауда болсын, көп еңбек сіңірген Мұхтар Әуезовтің алғашқы пікірлеріне айрықша назар аударған жөн. Өйткені ол Абай ұлылығының сырын жыға түсініп, ғылыми қомақты пікір айта білді. «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген мақаласында: «Абай – қазақтағы суретті сұлу сөздің атасы, терең сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалпын молайтқан Абай. Ол қазақтың ішінен оқушы тапқан. Әдебиетке, өлең-жырға бұрыннан орнаған теріс пікір, теріс ұғымның бәрін жоғалтып, жұрттың ойын тәрбиелеген.

2.6 Абай шығармаларының ерекшелігі
Абайдың білімі мен өсиетіне құмар болған ел ішінің көзі ашық жастарына Абайдың ауылы – үлкен білгіштің медресесі сияқты болады. Абай – ұстаз да, сөз ұғынатын ынталы, талапты жастардың бәрі – шәкірт» [3, 72], – деген үзіндіге көз салсақ Абайдың әлеуметтік ісі мен творчестволық өмірі қоян-қолтық араласып жатады да, одан мәнді қорытынды жасай алатын білгірлікті байқаймыз.

2.7 Абай және Пушкин
Абай – қазақтың Пушкині деген тезиске М. Әуезов өзінің өрнегін қосқан. Абай өзін Пушкиннен кем санамай, тең санағандай болып, «олай айтпай, былай айтса нетер еді» деген кісіше, аз ғана бойкүйездікпен бұрылады» [1, 16], – деген ойын «Евгений Онегинді» аудару процесінен өрбітеді. Татьяна мен Онегиннің хаттарын мүлде басқаша, жаңа мағына бере аударады, «қаймақ едің көңілімде, бізге қаспақ болды жем» деп, «бірталай қошқар мүйіз салады», қазақ ұғымына жақындатады, ал, Пушкин күлкі қып тастап кеткен Онегинді Абай қолтығынан сүйеп тұрғызып, қолына мылтық ұстатып» [20], өзін-өзіне атқызады. Бұл мүлде басқаша шешім, демек, ол Пушкинмен бой теңестіреді. Абай осы мінезін И.Крыловқа да өзгертпейді, «өзі айтып жүрген қазақы өсиет өлеңдеріне мынаны қосымша ғана қып ұсынады» [10, 90].

ҚОРЫТЫНДЫ
Табиғаттың теңдесі жоқ тамаша көріністері адамды әрдайым ынтызар етіп, қашан да жарастығымен, келісім-келбетімен сүйсіндіре бермек. Көркем әдебиеттің кесек туындылары да осыған ұқсас. Шымырлап жатқан мұхит суындай тереңіне бойлау қиын, сан түрлі сыр-сипатын айтып, сарқырап сөйлеу мүмкін емес.