Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Қазақ тілі сабағында жазба жұмыстары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ 8
1.1 ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР 8
1.2 ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР 16
1.3 МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР 19
1.4 СИНТАКСИСТІК ЖАТТЫҒУЛАР 20
2 ЖАТЖАЗУ 23
2.1 ДИКТАНТТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫН ТАЛДАУ 23
2.2 МАЗМҰНДАМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 34
2.3 ШЫҒАРМАНЫ ЖАЗУДАҒЫ ЕСКЕРІЛЕТІН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 49
2.4 МАҚАЛА – ГАЗЕТ ЖАНРЫНЫҢ КЕҢ ТАРАЛҒАН ТҮРІ 53
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62

КІРІСПЕ
Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал систамасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту – кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырды. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Диплом жұмысының өзектілігі:

1 ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ

1.1 ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу жұмыстарының әдісі- оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі.
Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы, ең әуелі, оның түрлі мақсатын айқындап алады. Содан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі.
Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады.

1.2 ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Әдіскер-ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, лексиканы оқытумен байланысты жүргізілетін жаттығу түрлерін сөздік және лексикалық жаттығулар деп екіге бөледі. «Сөздік және лексикалық жаттығулар бір-бірімен тығыз байланысты, кей жағдайда оларды бір-бірінен айыру да қиын, өйткені екеуі де негізі сөзбен жұмыс жасайды» [4, 12] дей келіп, бұл ғалымдар лексикалық жаттығуларға лексикадан алған білімді бекітіп, осы негізде лексикалық іскерлікті қалыптастыру үшін жүргізілетін талдау жұмыстарына арналған жаттығуларды жатқызады. Ал сөздік жаттығуларға тілді сезінумен, сөзді дұрыс түсінумен және орынды қолдана білумен тығыз байланысты сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады. Сөздік жаттығулар оқушылардың сөздік қорының молаюына жағдай жасайды.

1.3 МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР

Морфологиялық жаттығулардың міндеті – ана тіліміздің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы меңгерту. Морфологиялық жаттығулар мазмұны жағынан екі түрлі болады:
1.Сөз тұлғасын оқыту барысындағы жаттығулар;
2.Сөз таптарын оқыту барысындағы жаттығулар.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) алдымен негізгі түбірлерді , одан кейін туынды түбірлерді, сосын түбірлес сөздерді талдайды; 2) белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізледі.; 3)туынды сөздерден негізгі түбірді ажырату барысында сөздің мағынасына назар аударылады.
Жаттығу жұмыстары негізінде шәкірттер әрбір сөз табының өзіндік ерекшеліктерін, басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын саналы түсінеді. Септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгеріп, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде орынды, дұрыс қолданып үйренеді.

1.4 СИНТАКСИСТІК ЖАТТЫҒУЛАР
Синтаксистік жаттығуларға сөз тіркесі, жай сөйлем түрлері, құрамалас сөйлем түрлері мен пунктуацияға байланысты жаттығулар жатады. Оқушылардың осы бөлімдерден алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады:

2 ЖАТЖАЗУ

2.1 ДИКТАНТТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫН ТАЛДАУ
Диктанттар жинағы: Алматы: «Ана тілі», 1993 жыл. Қ.Қасабекова, Б.Қасымова, Б. Тамаева, Ғ. Жексембаева.
Ұсынылып отырған еңбектің мақсаты – фонетика, лексика, морфология және синтаксис мәселелерін үйретуде сауаттылықты арттырумен, тілді дамыту. Кітап орыс мектебінде қазақ тілінен сабақ беруге мамандырылатын студенттерге арналған. Диктанттар жинағының сауаттылықты тексерудің өлшемі ғана емес, танымдық сипатының да молдылығы ескеріліп алынған материалдарға жаңаша қарауға ерекше мән берілген. Бұл негізінен мәтіндерді іріктеуге қатысты айтылып отыр. Терме диктантқа байланысты іріктеліп алынған сөйлем үлгілерінде әр сөйлемнің стильдік құрылымына, ой айқындығына жете мән беріліп, тыңдаушының мәтінді қабылдау мүмкінділігі есепке алынған. Бұл айтылғандар бақылау диктантына орай алынған мәтіндерге де қатысты. Өзге тілдердегі сияқты қазақ тілінде де түркі тілді еместер ұғымына ауыр соғатын, жекелеген термин сөздер аз емес.

2.2 МАЗМҰНДАМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жазба жұмыстарының бір түрі – мазмұндама жұмысы. Балалардың мектепке келіп түскен кездегі психикалық және дене даму ерекшеліктері жөнінде оқулықтарда берілген мағлұматтарға сүйене отырып, мазмұндама екінші сыныптан бастап жүргізуге мүмкіндік бар екендігі анықталды.
Мазұндама жұмыстары балалардың психикалық процестерін (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял, сезім, ерік) күшейтеді, әсіресе ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін тудырады.

2.3 ШЫҒАРМАНЫ ЖАЗУДАҒЫ ЕСКЕРІЛЕТІН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы талап етіледі.
Оқушы тапсырманы өзі орындауы керек. Оқушының ойланып, нақты нәтижеге жетуін қадағалау – мұғалімнің басты міндеті. Жазба жұмысынан оқушының ой өрісі, білімі, сауаты көрініп отырады. Ауызша жауапта оқушы білімін толық көрсете алмауы мүмкін, ал жазба жұмыстың ішіндегі ең бір толыққанды, оқушы білімінің нәтижесін толық тексеруге мүмкіндік беретіні шығарма жұмысы.

2.4 МАҚАЛА – ГАЗЕТ ЖАНРЫНЫҢ КЕҢ ТАРАЛҒАН ТҮРІ
Мақала жазу үшін оған шеберлік керек. Корреспонденция оқиғаны болған жері мен уақытымен шектелсе, мақала кең ауқымды мәселелерді қамтиды .Онда автордың өзіндік пікірі байқалады . Мақала жазудағы журналистің мақсаты – нақты факт, дәлел келтіре отырып, ақпаратты оқырмаға , бұқарға жеткізу . Автордың көрген оқиғаны қалың бұқараға дұрыс жеткізуі , бұл оқиғаға өз пікірін, көзқарасын білдіруі, мәселені дұрыс бағалауы – оның шеберлігі болса керек.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ тілін оқыту әдістемесі – мектепте оқытылатын қазақ тілі материалдарын практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым саласы.
Әдістемені зерттеудің алғашқы жылдарынан бастап жазба жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келді. Себебі сауаттылықтың негізі жазба жұмыстарында жатқандықтан оған көңіл бөлмеу мүмкін де емес еді.
Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу жұмыстарының әдісі- оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі.