Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мемлекеттік жергілікті басқару

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 75 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Қазақстанның шет елдермен экономикалық қатынастары


Мазмұны
Кіріспе 6
1 Сыртқы экономикалық байланыстар және оларды кеңейту факторлары 8
1.1 Сыртқы экономикалық байланыстың тиімділігі және капитал шығару 8
1.2 Қазақстан экономикасы үшін сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудың маңыздылығы 9
1.3 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін заңдар 14
2 Орталық Азияның қауіпсіздік, тұрақтылық мәселелері 31
2.1 Сыртқы факторлардың геосаяси стратегиялары 31
2.2 Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері 34
2.3 Жаңа даму кезеңінде ұлттық экономиканы дамытудың макроэкономикалық көзқарасы 37
2.4 Шағын бизнесті қаржылық - несиелік қолдаудың шетелдік тәжірибелерін Қазақстанда қолдану мәселелері 44
3 Халықаралық экономикалық қатынастардың даму бағыттары 69
3.1 Сыртқы экономикалық қатынастардың перспективті дамуы 69
Қорытынды 73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 75

Кіріспе
Сыртқы экономикалық байланыс түсінігі елдер арасындағы сауда экономикалық валюта - қаржылық, өндірістік және ғылыми - техникалық қарым - қатынастағы нысандардың, құралдар мен әдістердің, мемлекеттік бағдарламалардың жиынтығы деп қарастырылады. Сыртқы экономикалық байланыс экономика және саясат, сауда және өндіріс, ғылыми зерттеу және қаржы - несие операцияларымен сабақтасып жатыр және сондықтан келесі бағыттар мен нысандарды қамтиды: сыртқы сауда, халықаралық өндірістік, инвестициялық, ғылыми техникалық қаржы - несиелік қарым - қатынастар, экономикалық және техникалық көмек көрсету.

1 Сыртқы экономикалық байланыстар және оларды кеңейту факторлары
1.1 Сыртқы экономикалық байланыстың тиімділігі және капитал шығару
Жоғарғы дамыған экономикалық жағдайда сыртқы сауданы дамытуда жаңа факторлар пайда болады. Негізінен капиталды шығаруға көп көңіл бөлінеді. Капиталды шығару рөлін күшейту тауарды сатуды қыстартуды ғана алып келмейді, керісінші халықаралық сауданың дамуына жағдай жасайды. Шетел капиталының инвестициялары ең алдывмен экономикасы артта қалған елдердің экспорт салаларына жіберіледі. Ол әлемдік шаруашылықта бұл елдердің мамандануын жоғарылатады және олардың тауарларын әлемдік нарыққа жеткізіп тұруының өсуіне алып келеді. Жеке алғанда капитал шығару, әсіресе кәсіпкерлік нысанда, шетелдерде құрылған кәсіпорындар үшін өндіріс құралдарын қолдану болғандықтан тауарларды шығаруға түрткі болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда өнеркәсібі дамыған елдер арасында капитал қозғалысы күшейе түсті. Өнеркәсібі дамыған кейбір елдердің капиталының едәуір бөлігі өнеркәсібі дамыған басқа елдердің қазіргі заманғы салаларына бағытталды. Ол өндіріс пен капиталды интернационализациялауды күшейтті.

1.2 Қазақстан экономикасы үшін сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудың маңыздылығы
Нарықтық қатынасты дамытуға Қазақстан экономикасы бет алды. Сұраныс пен ұсыныс өндіріс құрылымына әсер ететін, өнімнің негізгі мөлшеріне баға белгілеу меншік түрінің плюрализмдігі және мемлекеттік меншікті жекешелендіру нарыққа көшудің негізгі шарты болып табылады.
Нарықтық қатынасты қалыптастыруға әсер ететін келесі маңызды шарт ашық экономикаға көшу болуы қажет. Әкімшілдік-әміршілдік жүйе кезінде экономика әлемдік жүйеден мүлдем қол үзген еді. Сыртқы нарыққа шығу құқығы сыртқы экономикалық саясат мәселелелерімен айналысатын министрлер мен ведомстволардың жүйесіне кірген кішігірім ұйымдар мен кәсіпорындарға ғана берілді. [ 10 ]

1.3 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін заңдар
Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ел Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республика Үкіметінің қаулылары, әр түрлі министрліктер мен ведомстволарға сәйкес нормативтік актілер құрайды .
1991 жылдан бастап Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметтің заңдық және нормативтік негізі құрылған. Сыртқы экономикалық қызметті ырықтандырудың (либерализациялау) бастапқы қадамы 1993 жылы жасалған. Қабылданған заңға сәйкес елдің барлық шаруашылық субъектілері сыртқы сауда қызметімен айналысуға құқық алды.

2 Орталық Азияның қауіпсіздік, тұрақтылық мәселелері
2.1 Сыртқы факторлардың геосаяси стратегиялары

Әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістер қауіпсіздік мәселесіне тек әскери жағынан ғана емес, экономикалық, геосаяси мүдделер қақтығысы жағынан да өзгеше қарауына себепші болды. Орталық Азия елдерінің әлемдік қауымдастығына кірген мерзімінен бастап аймақтың келешектегі мемлекеттердің халықаралық еңбек бөлінісі процесіне қаншалықты дәрежеде қатысуына байланысты болып отыр. Бұл әрине, қауіпсіздік және тұрақтылық қамтамасыз етілетін жағдайдың көрінісі ғана болмақ. Қазіргі таңда қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері көбейгені айқын. Бір жағынан қарағанда, Орта Азия мемлекеттеріне тікелей қауіп жоқ, дегенмен, әлемнің саяси сахнасындағы ойыншылардың күштер балансы өзгеріске ұшырағаны Орталық Азия мемлекеттерінің жағдайына әсерін тигізбей қоймайды. Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы субъекттерімен қатынастары аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікке әсер етуші фактордың бірі.

2.2 Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері
Республикамыздың экономикалық жүйесінің нарықтық шаруашылыққа өтуінің объективті қажеттіліктен туындағаны даусыз. Қазақстандағы әкімшілік - әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға қозғалыс ерікті экономикаға қарай қозғалысының даму процестерінің классикалық қағидаларына сай жүргізілді. Олар:

2.3 Жаңа даму кезеңінде ұлттық экономиканы дамытудың макроэкономикалық көзқарасы
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өркениетті нарықтық экономика құруға бет бұрды. Осы тұстағы Қазақстан Республикасының өз ерекшелігі бір жағынан ол дамыған елдерге тән белгілерге ие, екінші жағынан дамушы елдерге тән белгілердің болуы еді. Қазақстан табиғи байлықтарыгың мол қорымен, ТМД елдерінің арасында халық санының төмен тығыздығымен сипатталады .
КСРО - ның әкімшілік - әміршілдік жүйесінен нарықтық экономикаға көшу реформаларын жүргізу ол Кеңес Одағын түбегейлі ыдыратып, оның орнына бірнеше жеке дара мемлекеттердің пайда болуын алып келді. Қазақстан экономикалық қайшылық салдарынан көптеген проблемаларға кезікті яғни, өнеркәсіптің құлдырауы, халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, экологияның шектен тыс ластануы, әлеуметтік инфрақұрылымның күйзелісі, демографиялық жағдайдың нашарлауы , қаржы дағдарысы және т.б.

2.4 Шағын бизнесті қаржылық - несиелік қолдаудың шетелдік тәжірибелерін Қазақстанда қолдану мәселелері
Дамыған елдер тәжірибесі дәлелдеп отырғанындай, күрделі дағдарысты жағдайлардан шығуына мемлекеттің экономикалық процестерге тікелей әрі жанама кең ауқымда араласуы бірден - бір ықпал етті.
Егер микроэкономика макроэкономиканың негізін қаласа, онда макроэкономикалық процестерді мемлекеттік реттеу нарықтық реттеу механизмін тиімді пайдалану үшін қолайлы жағдай туғызады. Нарықтық қатынастар мен бәсекенің қалыптасуы жағдайында мемлекеттің экономикаға қандай да бір деңгейде араласу қажеттігі өзінен - өзі туындайды. Мемлекеттің экономиканы реттеуге араласқандағы көздеген негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

3 Халықаралық экономикалық қатынастардың даму бағыттары
3.1 Сыртқы экономикалық қатынастардың перспективті дамуы
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама - қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық - әдістемелік және тәжірибелер меңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып , жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын ( бағытын ) ойластыруды терең түсіну ықпал етеді.

Қорытынды

Сонымен осы сыртқы экономикалық саясат туралы ойымызды қорытындылай келе Қазақстан бүгінгі күні дамыған 50 елдің қатарына қосылу мақсатында аянбай еңбек етіп жатқанын көріп отырмыз.
Яғни, Елбасымыздың жыл сайынғы Халыққа жолдауының арқасында да көптеген мәселелердің басы шешіліп, алға қойған мақсаттардың бірқатары орындалуда. Еліміз басқа елдермен де сауда ынтымақтастық, экономикалық қарым-қатынасын да барынша кеңейту үстінде. Шет мемлекеттерге шығарылып жатқан экспорттың көлемі де жыл санап арту үстінде. Мұның бәрі Елбасымыз бен бірлігі жарасқан халқымыздың ерен еңбегінің жемісі.