Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 24 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Мәриям поэзиясының көркемдік ерекшелігі


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Мәриям – дарынды талант иесі 5
1.1 Мәриям поэзиясы – мейірімді, шарапатты поэзия 5
1.2 Мәриям поэзиясының ерекшелігі 11
2 Мәриям жырлары туралы ойлар 16
2.1 Ақұштап Бақтыгерееваның «Уақыт жыршысы» атты Мәриям туралы пікірі 16
2.2 Фариза Оңғарсынованың «Ақын жүрегі» атты Мәриям туралы
пікірі 19
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 24

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: М.Хакімжанова 1906 жылғы 16 қарашада Қостанай облысының Алтынсарин ауданындағы «Қызыл шоқ» ауылында туған. Мектепті бітіргеннен кейін Қазақ педагогика институтының жанындағы рабфакта оқыды, «Әйел теңдігі» (қазіргі «Қазақстан әйелдері») журналында қызметкер, жауапты хатшы болды. 1934 жылы отбасының жағдайымен Орынбор облысына көшіп барып, біраз жыл сондағы аудандық «Екпінді» газетінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.
М.Хакімжанова 1938-1944 жылдар аралығында Қазақстан Жазушылар одағының халық ақындары секциясын басқарды. Кейінгі жылдарда Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында кіші ғылыми қызметкер, Республикалық кітап палатасында аға редактор, «Жаңа өмір» журналында әдеби қызметкер, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор міндеттерін атқарды.

1 Мәриям – дарынды талант иесі
1.1 Мәриям поэзиясы – мейірімді, шарапатты поэзия
Қостанай жері кең байтақ. Солтүстігі мен оңтүстігінде, шығысы мен батысына самолеттер сағаттап ұшады. Жазық дала жасыл егінмен толқиды. Сол дала шырқап салған әнді сүйеді, өзіндей кең құлашты жырды сүйеді. Жазық жолда келе жатқан салт атты, дала аспанын басына көтеріп ән салады.. Сол ән жазық даланы қуалап желмен біге қанат қағады.
Жазық дала жарлы емес. Онда алтын да бар, темір де бар, көмір де бар, астық та бар, талантқа да бай. Ол даладан шыққан талантты ақын-жазушылар да аз емес. Сол даланың сандуғаштарының бірі – Мәриям Хакімжанова. Ақынның өмірбаяны - өзінің өлеңі. Ақын өлеңін оқып отырғанда, оның жүрек дүрсілін, жан дүниесінің дірілін, ой-толқынының қозғалысын толтырады. Ол анкета ішкі жан құбылысының тебіреністерінен, сезімнің серпінді ырғақтарынан құралады.

1.2 Мәриям поэзиясының ерекшелігі
Отан соғысы тақырыбынан балаларға арнап бірінші рет поэма жазған Мәриям Хакімжанова еді. Екі рет батыр атағын алған Талғат Бигелдиновтың ерлік өмірінен жазылған С.Бақбергеновтың «Талғат», Жекен Жұмақановтың «Әлия Молдағұлова» атты повестері басылып шықты да, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова жайында М.Хакімжанованың «Мәншүк» деген поэмасы 1945 жылы жарияланды. Мұнымен қоса кейін шыққан Әди Шәріповтің «Партизан қызы» атты повестері жарық көрді [5, 86].

2 Мәриям жырлары туралы ойлар
2.1 Ақұштап Бақтыгерееваның «Уақыт жыршысы» атты Мәриям туралы пікірі
Мәриям Хакімжанованың шыр етіп дүниеге келіп, кіндік қаны тамған жері «Мезгіл» деп аталады. Кішкене қыстақ «Мезгілдің» қазір орны да қалған жоқ, оның есесіне «Мезгіл»перзенті М.Хакімжанованы бүкіл ел біледі!
Мезгіл – Уақыт ырғағы, Дәуір бөлшегі, Ғасыр кезеңі. Осы ұғымды Мәриям өмірінен екі елі ажыратылып ала алмайсың. Өйткені ол – мезгіл жыршысы.
1976 жылы жетпес жастағы Мәриям апаймен «Мезгілге» бардық. Мақсатымыз – Мәриям апайды туған жеріне аунатып алу. Шоқ-шоқ қалың қарағайлар мен қайындардың арасын қақ жарып өтетін қара жол бойын ұзақ шарладық. Мезгіл – күз айы. Бірақ, біз іздеген «Мезгіл бірден таптырмады. Баяғысынан мүлде бөлек өзгеріп кеткен екен.

2.2 Фариза Оңғарсынованың «Ақын жүрегі» атты Мәриям туралы
пікірі
Ұлы жаратылыстың әрбір перзенті секілді әр жазушының да өзі ғана кешер, тек өзіне ғана өлшенген қайталанбас тағдыры болады. Жалпы әйелдік тағдыр жүгін – жоқтан өзгеден ләззат алып, рахатқа бататын селтеңбайлар болмаса - қабырғасы қайыса тұрып, жүрегінде қалған адамдық мейірімін айналасына шашуды парыз тұтып, абыроймен арқалап өту - әйелдің әйелі ғана шыдайтын ерлікпен тең [11, 25].

Қорытынды
Тарихқа көз жүгіртіп қарап отырсақ, қазақтың небір қайсар қыздары, ғұндардың еланасына айналған арулары, түріктің тұрпаты бөлек жауынгер «қатындары» (ханымдары), қазақтың ұранға айналған, кие қонған небір аяулы ана, апалары болыпты-ау… Елім деп емінген, жерім деп тебінген ерлермен сын сағаттарда қатар жүріп, қанатына айналған, бала туып, ұрпағын өсірген олардың да аттары тарих қойнауынан талып-талып естіліп жатады. «Атқа мінсең ей қаған, жерді көрмейсің, таққа отырсаң ей, қаған, елді көрмейсің! Атыңды жер, тағыңды ел көтеріп тұрғанын неге білмейсің?» деп сөйлеген де біздің асыл аналарымыз. Асылы, ел болмақ – Анадан! Ел өссе де – анадан, беті аулақ, өшсе де – анадан! Сол қайсар аналар дәстүрі аяқсып кеткен жоқ па, аналар тағдырына өз дәрежесінде зер салып жүрміз бе? Толғандырған да, қолға қалам алдырған да осындай аялауға лайық аялы аналар дәстүрі, айтулы айымдар тағдыры.