Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Реферат

Объем: 12 стр.

Полный просмотр работы

Мемлекеттік шығындар

Жоспар
1. Бюджет-салық саясатының мақсаты, құралдары 3
2. Мемлекеттік шығындардың мультипликаторы 4
3. Дискрециялық және дискрециялық емес қазыналық саясат 5
4. Бюджет тапшылығы және артықшылығы 7
5. Бюджет тапшылығын қаржыландыру тәсілдері 9
6. Мемлекеттік қарызды өтеу теориялары: дәстүрлі және рикардиандық 10
Қолданылатын әдебиеттер 12

1. Бюджет-салық саясатының мақсаты, құралдары
Бюджет – салық саясаты (қазыналық (фискальный) саясат) – мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

3. Дискрециялық және дискрециялық емес қазыналық саясат
Дискрециялық қазыналық саясат – үкіметтің арнайы шешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың көлемін мақсатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын, инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге бағытталған.
Дискрециялық емес қазыналық саясат – жиынтық табыстың циклдік тербелістерінің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі. Жалпы ұлттық өнімнің өсуі (төмендеуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетіне түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін (төмендеуі) дискрециялық емес саясат қарастырады.

4. Бюджет тапшылығы және артықшылығы
Экономика тұрақтылығының деңгейі тікелей циклдік бюджет тапшылығы мен артықшылығы көлеміне тәуелді, бұл жағдай жиынтық сұраныс тербелісінің дағдылы «амортизаторы» қызметін атқарады.
Циклдік тапшылық (артықшылық) – мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (артықшылығы), іскерлік белсенділіктің құлдырауы (өрлеу) жағдайында мемлекеттік трансферттердің өсуі (азаюы) және салық түсімдерінің азаюының (өсуі) дағдылы жүзеге асуымен байланысты болады.
Циклдік өрлеу кезеңінде Ү2 >Y0 үлкен болады, сондықтан салық салымдары дағдылы өседі, ал трансферттік төлемдер дағдылы төмендейді. Нәтижесінде бюджет артықшылығы өседі және инфляциялық дүрлігіс төмендейді.

Егерде ағымдағы табыстың динамикасынан тәуелсіз мемлекеттік шығындарды (G) тұрақты деп жорамалдасақ, сол жағдайда да экономика тұрақтылығының деңгейі жоғары болады. Т' жағдайында циклдік бюджеттік тапшылық және артықшылық көп болады. Сондықтан да Т жағдайымен салыстырғанда, жиынтық сұраныстың төмендеуі мен өсуіне кіріктірме тұрақтандырғыш басымдау әсер етеді. Сол мезгілде экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы бюджет-салық саясатының ұзақ мерзімдік мақсаттарына – экономика әлуетінің өсуі мен өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге ынтаны бекіту мақсаттарына қарама-қарсы келеді.

5. Бюджет тапшылығын қаржыландыру тәсілдері
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:
- ақша-несие эмиссиясы;
- займ шығару;
- мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.
Тапшылықты жою үшін ақша эмиссиялау жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж – ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы. Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша массасының су қарқыны жоғары болған жағдайда орташа баға деңгейі өседі.

6. Мемлекеттік қарызды өтеу теориялары: дәстүрлі және рикардиандық
Дәстүрлі көзқарас. Қарыз құралдары арқылы қаржыландырылатын салықты азайту экономикаға бірнеше бағыт бойынша әсер береді. Салықтың азаюы тез арада тұтыну шығындарын өсіреді.
Халықтың тұрмыс-жағдайы жұмысбастылық пен табыстың өсуіне байланысты жақсарады, бірақ осымен бірге инфляция қарқыны да өсуі мүмкін. Бұл саясаттың зардабын кейінгі ұрпақтар шегуі мүмкін: олар жинақталған капиталы аз және улкен сыртқы қарызы бар елде өмір сүреді.

Қолданылатын әдебиеттер:
1. Агапова Т. Серегина С.Ф. Макроэкономика. М. МГУ, 1999
2. Бункина М.К. , СеменовВ.А. Макроэкономика М., 1995.
3. Бункина М.К. Монетаризм. М., 1994.
4. Гальперин В.Д. и др. Макроэкономика. Экономическая школа, 1996