Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Реферат

Объем: 4 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Тәуелсіз елдің болашағы балалар арасында кітап оқу мәселесінің маңыздылығы

Адам бойындағы табиғат сыйлаған керемет қасиет, асыл қазына — ақыл, ой, сана. Ол ұзақ уақыт қалыптаса - бүгінде қайран қаларлық шырқау биіктерге көтеріліп отыр. Әлі де шарықтай берері даусыз. Осы кереметтердің таң-тамаша қала отырып риза болар жемісі — кітап. Адамзат сондай ғаламатты ойлап тауып, барша болмысынан бергі ақыл-ойын, даналығын маржандай тізіп, әлгі керемет — кітаптың ішіне жинап келеді. Қазір ойлап отырсаңыз адамзат қана емес, күллі тіршілік атаулы жаралғалы бергі қарыс кадам құбылыстың бәрі кітаптың ішінде сайрап жатыр. Кітап ақыл-ойдың қазынасы болғаннан кейін кітапханалар абырой-атағының одан сайын асқақтай түсері өзінен-өзі ақиқат.

Қалай болғанда да бүл төңірегінде сұрақ көп. Дегенмен де, көркем әдебиет - дүние байлығы, тән, жан тазалығы, әдет-ғүрып. Кітап қашан да адамның ақыл-ойының дамуының негізі болғаны белгілі. Қазіргі ақпарат пен технологияның ғасырында кітап, оның ішінде көркем әдебиет екінші орынға ысырылып қалғаны да жасырын емес. Ақпараты дамыған ғасырдың адамына том-том романдарды парақтап оқы деу де қисынсыз болар. Бірақ қанша техника дамығанмен ол ешқашан кітаптың орнын баса алмайды. Кейбір жастарымыз кітап оқу қажет емес десе, үлкендер кітап оқу арқылы көп нәтижеге жетеміз дейді.

Зерттеу нәтижесінде жаңа ғасырда балалар кітапты аз оқитын болады деген пессимистік көзқарасты жоққа шығарады. Балалар қазір - оқиды.
Назарға әр түрлі жанрлар мен авторлар ілігеді. Әр түрлі технологиялардан да оқуға нұқсан келген жоқ, оқуға тек теледидар және компьютер ғана бәсекелестік туғызады. Бірақ, жастардың бірер пайызы мүлдем оқымайтындығын атап өткен жөн. Сұраққа жауап бергендердің ішінде өте аз пайызы кітаппен жұмыс істеу тәсілдерімен, жылдам оқу техникасымен, ақпаратты ықшамдаумен таныс және библиографиялық материалдардың мүмкіндігін толық пайдалана алмау, библиографияның рөлін түсінбеу, іздестіру қызметінің жетілмеуі, қажетті ақпаратты дұрыс таба алмау мен ажырата алмау және т.б. кеңінен орын алды.