Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Әдебиет сабағында ақын-жазушылардың өмір жолы мен шығармашылығын оқытудың маңыздылығы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Ақын-жазушылардың өмір жолы мен шығармашылын оқыту – әдебиет оқытудың бір саласы 7
1.1 Ақын-жазушы өмірбаянын оқытудың маңызы 7
1.2 Әдебиет сабағындағы өмірбаянды оқыту жолдары 11
1.3 Орта сыныптарда ақын-жазушылардың өмірбаянын оқыту жұмыстарын ұйымдастыру түрлері 16
1.4 Жоғары сыныптарда ақын-жазушы өмірбаянын оқыту жолдары 18
2 Кәсіби шеберлікті жетілдіру шарты – авторлар өмірбаянын көркем шығармашылықпен айшықтау 24
2.1 Тарихи-әдебиеттік зерттеудің түп негізі - монографиялық тақырып 24
2.2 Абай Құнанбаев өмір жолын оқытудың әдіс-тәсілі 27
2.3 Ыбырай өмірінің өнегелі жақтарын меңгерту жолдары 38
2.4 Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылық жолын игертудің тиімді жолдары 46
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 62

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздік алып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық құндылықтарымызды және ұлттық мәдениетімізді өскелең ұрпаққа танытуға жағдай туғызды. Әлемдік білім кеңістігінен сүбелі орын иелену үшін бүгінгі және болашақ жастарға әдебиетіміз бен мәдениетіміздің кезінде жабулы қалған ақтаңдақ беттерін ашып беру міндеті тұр. Өркениеті дамыған елу елдің қатарынан көрінудің бір өлшемі ретінде қаралатын білім беру жүйесінің жаңа технологиялармен жарақтануы рухани жан дүниесі бай, жан–жақты дамыған білімді жеке тұлғаны тәрбиелеумен сабақтас.

1 Ақын-жазушылардың өмір жолы мен шығармашылын оқыту – әдебиет оқытудың бір саласы
1.1 Ақын-жазушы өмірбаянын оқытудың маңызы
Мектепте ақын-жазушылардың өмірбаяның оқыту маңызды, ол әдебиет оқытудың күрделі бір саласы. Ұлы ақындар шығармашылығында оның өмір жолының ізі сайрап жататындығы және көзқарасының қазығы болып табылады.
Жазушы-ақындардың шығармашылығы мен өмірдегі оқиғалары арасындағы өзара байланыстардың теориялық концепциялары зерттеу барысында «өмірбаян» терминіне де аса назар аударылған, осы жанрдың даму кезеңдері мен тарихы да қарастырылған. Өмірбаян жанрының пайда болуы, дамуы мен эволюциясы көне замандардан осы күндерге дейін қарастырылады. Көне биографиялық және европалық әдеттерді салыстырып көрейік. Біріншісі атақты адамдардың іс-қимылдары мен «жеке өмір салтына» деген қызығушылыққа негізделеді. Мысалы, Плутархтың «ұлы адам» концепциясы. Ал европалық өмірбаяндық концепциясы бойынша көне әдіске шығармашылықпен айналысатын тұлғаға деген қызығушылық қарама-қарсы қойылады.

1.2 Әдебиет сабағындағы өмірбаянды оқыту жолдары
Ақын-жазушылар өмірбаянын оқыту, әдеби шығарманың тәрбиелік мәні тиімді пайдалану, оқушыларды өз беттерімен көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастырып, өз тарапынан ойланып-толғануға тәрбиелеу, таным әдісіне үйрету, оқушының шығармашылық ойлауы мен қабілетін жетілдіруге, ауызша және жазбаша сөйлеуді меңгеруіне, жазушының эстетикалық мұраттары мен талғамын дұрыс танып, ұғына білуіне бағытталады.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше өнер туындыларын өзі оқып немесе өз көзімен көріп содан кейін оларды субъективтік тұрғыдан тұжырымдау әдісі басқа әдістерге қарағанда оқушылардың жалпы өнерге деген көзқарасын дамытуда әсері өте зор. Сондықтан да өмірбаяндық әдістің арнайы сипаттамасын қарастырып көру қажет.

1.3 Орта сыныптарда ақын-жазушылардың өмірбаянын оқыту жұмыстарын ұйымдастыру түрлері
Мектепте ақын-жазушылар өмірін оқытудың маңызы зор, әрі әдебиетті оқудың күрделі бір саласы болып табылады. Қай ақын-жазушыны, суреткерді алмайық, оның шығармашылығында, қол жеткен табысында өзі өмір сүрген орта мен шыққан ортасы, өмір жолының ізі жатады. Қай шығарма суреткердің қай өмір кезеңіне байланысты туған, ол шығарманың жазылу себебі не, мәселелерге де олардың өмір жолы жауап бермек. Мысалы, С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы қиялдан туған шығарма емес екені, он жазу кезінде Көкшеге үш рет баруынан туған дүние екені мәлім. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Немесе, Міржақып, Сұлтанмахмұттардың, Мағжандардың «Алаш» туралы өлеңдері сол партияда болулары немесе сол қозғалыс кезінде оған жақтас, пікірлестерінен туғандығы баршаға аян. Сондықтан суреткер өмірі оның шығармашылығынан біртұтас қарастырылу керек.

1.4 Жоғары сыныптарда ақын-жазушы өмірбаянын оқыту жолдары
Тәжірибеде суреткер өмірбаяныны арнайы сағаттар бөліп, шығармашылығын талдау алдында оқыту және он шығармашылығымен қоса, хронологиялық жүйемен оқыту орын алған. Орыс әдебиетін оқытуда соңғы тәсіл кең орын алады. [45.56.]
Ал, қазақ әдебиетін оқытуда бұл соңғы тәсіл кей жағдайда келе бермейді, оның басты себебі жазылып қалған деректердің болмауы, тағы басқа себептері бойынша ақын-жазушының өмірі, шығармаларының дүниеге келуінің нақты мерзімі белгісіз болуы. Жоғарыда айтылғандай, арнайы сағат бөліп, суреткер өмірі, шығармашылығына қысқаша шолу жасаудың тиімділігі де бар.

2 Кәсіби шеберлікті жетілдіру шарты – авторлар өмірбаянын көркем шығармашылықпен айшықтау
2.1 Тарихи-әдебиеттік зерттеудің түп негізі - монографиялық тақырып
Әдебиет сабақтарында ақын-жазушылардың өмірін оқытудың қажеттілігін тарихи-әдебиеттік негізінде зерттеу үшін монографиялық тақырыптың ерекшеліктеріне тоқталып кетейік. Монографиялық тақырыптың басты нысаны болып жазушы мен оның шығармалары табылады және бір немесе бірнеше мәтіні зерттеледі. Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар оқу бағдарламасында очерк формасында беріледі. [28.12.]
Егер орта сыныптарда оқушылар оқылып отырған шығарманы талдауға тікелей қатысы бар жазушының өмірінің бөлек бір жақтары туралы мәліметтер алса, енді жоғары сыныптарда өмірбаянмен жұмыс жазушының көркемдік әлемін, тарихи-әдебиеттік процесін түсінуге негізделеді. Материалды таңдауға, орналастыруға, мемуарлық әдебиетті, жазушының суретін қолдануға да аса назар аударылады. Көптеген лингвист-мұғалімдер «жазушымен кездесулерге», тірі жүздесуге, авторлардың өмірбаяндық материалына қомақты уақыт бөледі. [34.6.]

2.2 Абай Құнанбаев өмір жолын оқытудың әдіс-тәсілі
Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, үлкен ойшыл-ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері.
Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Бірақ саналы түрде сөз құдіретіне жасы қырықтарға келгенде ғана қойған. Ақынның шығармалары, негізінен үш саладан тұрады: бірі – өзі шығарған төл өлеңдері, екіншісі – ғақлия немесе қара сөз деп аталатын прозасы, үшіншісі – өзге тілдерден аударған өлеңдері.

2.3 Ыбырай өмірінің өнегелі жақтарын меңгерту жолдары
Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүниежүзіндегі педагог-ғалымдардың бұрыңғы замандардан бері үлкен көңіл аударып, айрықша көтерген мәселесінің бірі десек, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы бірінші қазақ педагогі - Ыбырай Алтынсарин.
Өзінің алғашқы қадамында-ақ ол мектептің рөлін бірінші орынға қойды. 1871 жылы 31 августа Н.И.Ильминскийге жазған хатында жастарға дін мектептерінің басын қатырған зияннан басқа ешбір пайда бермейтінін, халықтың ілгері дамуына бөгет жасайтындықтарын айта келіп: «Қазақтардың білімге қол жеткізетін ең басты құралы - мектеп.

2.4 Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылық жолын игертудің тиімді жолдары
Жүсіпбек Аймауытов – қазақ халқының көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі, драмматург, әдебиет сыншысы.
Бір өзі әдебиет пен ғылымның әр саласында еңбек етті. Қазақ әдебиетін проза, драмматургия жанры жағынан қалыптастыруды және мектептер мен оқу орындарынынң оқулықтарын жазуға қатысты.
Еліміздегі қайта құрудың нәтижесінде болған өзгерістерден кейін ғана Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы сындарын ғылыми-зерттеу еңбектері мен мақалалары жарық көре бастады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Көркем туынды – ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші. Көркем шығармашылық туындылардың тұлғалық бағытпен қабылдау қазіргі заманның білім беру деңгейіне сәйкес болады, егер автор-мұғалім-оқушы жүйесі жұмыс жасайтын болса, оқушы үшін тарихты да терең танып өсу мүмкіндігі өздігінен шешіледі.
Әдептілік, имандылық, кішіпейілділік, тапқырлық, шешендік, ойлылық секілді халқымыздың асыл қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіруі де ең алдымен әдебиетке жүгінеріміз анық. Өйткені, әдебиет - өмір тану құралы, өмірдің айнасы.