Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 47 стр.

Год: 2006

Полный просмотр работы

«Бірлік» селолық су пайдаланушылар кооперативіндегі бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есебінің жаңа жүйесін жүргізу


Мазмұны
Кіріспе 3
1-тарау. Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығындағы су пайдаланушылар кооперативінің алатын орны 6
1.1 «Бірлік» кооперативінің қаржы – шаруашылық жағдайын талдау. 6
1.2 «Бірлік» кооперативінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы 14
ІІ-тарау. «Бірлік» селолық су пайдаланушылар кооперативіндегі бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есебінің жаңа жүйесін жүргізу 19
2.1 Бухгалтерлік есеп стандарттарының рөлі 19
2.2 Бухгалтерлік есеп жүргізудің жүйелері 22
ІІІ-тарау. Қызмет көрсетуші кәсіпорындарда аудит жүргізудің ерекшеліктері 31
3.1 Аудит жайлы жалпы түсінік 31
3.2 Аудиттік бағдарлама 37
3.3 Бухгалтерлік есеп жүргізу жолдарына аудиторлық қорытынды 41
Қорытынды 45
Пайдаланылған әдебиеттер 47

Кіріспе

Қазақстанның бухгалтерлік есебімен салық салу жүйесінде кәсіпорындардың нарықтық қатынастарға өту және халықаралық есеп стандарттарына бағытталуына байланысты едәуір өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есептің басқа түрлерінен ерекшеленетін бір қатар өзгеше белгілері бар:
 Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық операциялардың бәрі түгел бухгал есеп жүйесінде бейнеленеді.
 Бухгалтерлік есепте тек қана ақшалай түрде өлшенетін шаруашылық операциялар көрсетіледі.
 Бухгалтер есепте тек қана өзіне тән арнайы әдістер (мысалы: шоттар, қосарлы жазу, баланс) қолданылады.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен рөл атқарады, өйткені оның қызметі, қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат береді. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі күшейе түсті. Есептеу орнын алатын көрсеткіштер қаржы – шаруашылық нәтижелерлерін талдау кезінде тек кәсіпорының өзімен ғана емес, оның тығыз серіктестік байланысты болатын жабдықтаушылар, тапсырыс берушілер, несие берушілер, (банктер) және т.б. жүргізіледі.

Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорын есебінің және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
• Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
• Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
• Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.
• Еңбек ақы есептеу сондай-ақ одан ұсталынатын ұсталымдар және аударылатын аударымдардың заңдылығын көріп шешу.
• Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп жүргізуін еңбек ақы төлеудің ұйымдастырылуының артықшылықтарын үйрену.
• Еңбек ақыны тексерудің методикасын ашып көрсету.
Зерттеудің негізгі мақсаты қызымет көрсету есебінің аудитін жүргізу. Зерттеудің объектісі «Бірлік» селолық су пайдаланушылар кооперативі. Мемлекеттік тіркеуден өткен 1998 жылы өзінің меншіктік капиталына ие Сонымен қатар мүліктік есептеріне құқықтық иелігі белгіленген, жеке байланысы түзіледі.
Негізгі мақсаты табыс алу мақсатында мақталық алқаптардағы су пайдаланушыларға қызымет көрсету сонымен қатар «Бірлік» кооперативі ҚР-ның заңдарына қайшы келмейтін кез-келген басқада қызыметтермен шұғылдана алады.

1-тарау. Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығындағы су пайдаланушылар кооперативінің алатын орны

1.1 «Бірлік» кооперативінің қаржы – шаруашылық жағдайын талдау

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар , т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

1.2 «Бірлік» кооперативінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы

Қазақстан Республикасының аймағындағы әрекет етіп тұрған барлық субьектілерге (Қазақстан Республикасының аймағындағы тіркелген резиденттік емес өкілдіктер мен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызыметпен шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке мүліктік емес және мүліктік құқын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша оперативтік тұрғыдан басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды немесе солай деп танылады.

ІІ-тарау. «Бірлік» селолық су пайдаланушылар кооперативіндегі бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есебінің жаңа жүйесін жүргізу

2.1 Бухгалтерлік есеп стандарттарының рөлі

Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әр бір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай – қайсының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және мазмұны болады.
Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.

ІІІ-тарау. Қызмет көрсетуші кәсіпорындарда аудит жүргізудің ерекшеліктері

3.1 Аудит жайлы жалпы түсінік

Бір орталықтан басқару, жоғарыдан жоспарлау кезеңінде тәуелсіз тексерудің қажеттілігі болады. өйткені, ол жұмысты ведомстволық жүйелер мен ведомствалық бақылаулар жасалады, есеп және есептілік жөніндегі жіберілген қателіктерді іздестіре отырып, оларды анықтаумен айналысты. Сонымен қатар жіберілген қателіктері үшін жазалау шараларын пайдаланды.
Нарық экономикасы экономикалық даму заңдарының қарым-қатынастарын, олардың еңбек өнімдерінің сату-алу арқылы жүргізілетіндігін анықтай отырып, оның ары қарай объективтік талабына сүйене отырып, қоғам мүшелерінің өзара дамуына әсерін тигізеді. Осыған орай нарық экономикасы кезеңінде нарық процесіне қатысушылардың талаптарын қамтамасыз ету белгілі бір ережеге сай жүргізілуі тиіс.

Қорытынды
Зерттеудің объектісі «Бірлік» селолық су пайдаланушылар кооперативі. Мемлекеттік тіркеуден өткен 1998 жылы өзінің меншіктік капиталына ие Сонымен қатар мүліктік есептеріне құқықтық иелігі белгіленген, жеке байланысы түзіледі.
Негізгі мақсаты табыс алу мақсатында мақталық алқаптардағы су пайдаланушыларға қызымет көрсету сонымен қатар «Бірлік» кооперативі ҚР-ның заңдарына қайшы келмейтін кез-келген басқада қызым еттермен шұғылдана алады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар , т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.