Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жаратылыстану ғылымдары

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Домбыраның шығу тарихына қысқаша шолу

Қазақтың түбі терең тылсым тарихы, тұрмыс тіршілігі, ақжарқын көңілі, зіл басқан мұны, буырқанған ашу-ызасы, күйініші мен сүйініші, қуанышы мен сүйініші, сілемді сырлары, шалқар шабыты, қайсар қаныр – қайраты бәрі-бәрі домбыра пернесінде хаттаулы.
Домбыра — қазақ халқының жан сезімі, жан серігі.

Домбыра өнерінде Батыс Қазақстандық төкпе және Шығыс Қазақстандық шертпе тәрізді екі аспаптық дәстүр қалыптасты. Бұл екі дәстүр бір-бірінен композициялық құрылысы, ойнау техникасы, музыкалық тілі жағынан айрықшаланып дараланады.

Бұл жерде бір нәрсенің басы ашық. Мәселе біреудің күйін екінші бір адамның басына үйіп-төгіп бере салу немесе қиянат жасау емес. Мақсат — бүкіл бір әулеттің, ұлт мәдениетінің басына үйірілген қатерлі мұнардан құтылу. Қулықтың қандай бір жолы болмасын көндігу. Тек «Күй» деп аталатын киелі құбылысты өліара кезеңнен аман алып шығу жолын қарастыру. Біз қазақ өнерпаздарының ғасырдың басындағы бар мақсат-мүддесі тек осындай мәселелерге жұмылдырылған деп түсінуіміз шарт. Аласапыран уақыттарда ән-күй сияқты биік рухани күштердің сырт көзден аман сақталуы ниетінде ортақ қазанда қайнауы заңды. Саралау, талдау, иесін анықтау - бейбіт күндердің үлесінде, яғни, бүгін, ертең, болашақта...