Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

М.Шахановтың тілдік тұлғасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 М. Шаханов өлеңдерінің ерекшелігі 8
1.1 М. Шаханов поэзиясындағы азаматтық әуен 8
1.2 Мұхтар Шаханов лирикасының жанрлық-стильдік сипаты 17
1.3 Мұхтар Шаханов поэзиясындағы пәлсафалық ойлар 22
1.4 М. Шаханов поэзиясының ұлттық сипаты 28
2 М. Шаханов - әлем таныған жаңашылы ақын 36
2.1 «Мұхтар Шаханов - XXI ғасырдың ұлы рухани реформаторы» 36
2.2 Шаханов шығармаларындағы ұлттық нақыштар 39
2.3 М. Шаханов өлеңдеріндегі ұлт мұратының көрінісі 45
2.4 М. Шаханов өлеңдеріндегі тарихи тақырыптың суреттелуі 53
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 61

КІРІСПЕ
Мұхтар Шаханов Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосында 1942 жылы туған – қазақтың көрнекті ақыны.
1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын бітірген, "Оңтүстік Қазақстан" (1960-65), "Лениншіл жас" (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. М.Шахановтың "Балладалар" (1968), "Ай туып келеді" (1970), "Қырандар төбеге қонбайды" (1974), "Сенім патшалығы" (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. М.Шаханов – Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық "Жалын" журналының бас редакторы т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР-ның Халық депутаты. 1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2004 - 2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазір 2004 - 2007 депутат. "Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "XXI ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының Президенті.

1 М. Шаханов өлеңдерінің ерекшелігі

1.1 М. Шаханов поэзиясындағы азаматтық әуен
Жомарт көңіл қазақтың сыршыл сезімін бұғаулауға ешқандай күш атаулының шамасы жетпес, сірә. Сайын дала төсін ән-күйге бөлеген, сал-серілігі басым халықтың тіршілік әлемінің сыр-сипаты да өзгеше. Оның сұлу сурет болып көз алдыңа елестеп, мың бояу түске боялып, қиял дүниеңді бір сергітіп тастайтыны хақ.

1. 2 Мұхтар Шаханов лирикасының жанрлық-стильдік сипаты
60-80 жылдары өлең өңіріндегі ерікті ұйқасты көбірек пайдаланып, оны түрлендіре түсуге көп тер төккен ақындардың бірі - Мұхтар Шаханов. Ол өзінің ғажайып сазды лирикасын стильдік ізденіс жолына саналы түрде бұрды. Әрине, ол жеміссіз болған жоқ. Оның үстіне Мұхтардың жаңашылдығы көбінесе "өнерден-өмірге" принципіне орай айқындық табатындай. Әр кезде де солай, кезеңнің бауыздау шындығына екінің бірі қол соза бермейді. Өйткені ол қиынның қиясы. Ол үлкен қажыр-қайратты талап етеді. Өзгеше жаратылыс, бөлекше сезім-күйді керек етеді. Шаханов шығармашылығы өзінің өмірімен тікелей қарым-қатынасқа түсумен оқшау тұр. Өлең сияқты қасеитті өнерді буы бұрқыраған өмірдің бүгінгі сауалымен суарады. Сол сияқты өмірдегі әділетсіздіктің, тоғышарлықтың уақытқа қарай түлеп алған жаңа түрлерін зерделілікпен зерттеп, өлең қуатымен батыл әшкерелейді. Оның ақын ретіндегі жаңашылдығы осы арада. Яғни, оның шығармашылығынан ежелгі өлең лебінен гөрі, өмір лебі көбірек еседі. Жұрты маңайына үйрететін де, оның өлеңіндегі осы тірі тағдыр. Мықтап ойланатын, түйінді тұс.

1.3 Мұхтар Шаханов поэзиясындағы пәлсафалық ойлар
М. Шахановтың ақындығы мен ойшылдығы бір бөлек әңгіме болса, философтығы бір басқа дүние. Бізге керегі – М. Шаханов поэзиясының, яғни өлеңдерінің ой-ілімдері. Оның өзі де, ойы да әлемді шарлап кеткен. Сөйтіп барып ой түйген, содан барып, адамзат туралы толғанысқа түскен, әлемге жауар бұлттай түнеріп тұрған зұлымдықтан, апаттан құтқару үшін дабыл қаққан. Мұндай ерлік – Мұхтар Шаханов сияқты санаулылардың қолынан ғана келмек.

1.4 М. Шаханов поэзиясының ұлттық сипаты
Қазіргі тіл ғылымында концепт терминінің қарастырылуы лингвистика мен философияның өзара әсерінің күшеюіне байланысты. Логикада концепт термині ұғым, түсінік терминдерімен бірдей мағынада қолданылады. Сондықтан концепт ұғымын адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі ретінде тани отырып, біздің дүниетанымыздағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивтік бірлік ретінде қарау қажет [32.218].

2 М. Шаханов - әлем таныған жаңашылы ақын
2.1 «Мұхтар Шаханов - XXI ғасырдың ұлы рухани реформаторы»

Мұхтар Шахановты ірі ауқымдағы қоғам қайраткері ретінде жақсы білгенімізбен, соңғы жылдардағы поэзиясына үңіліп, саралап зерттеу жасаған қазақ сыншылары жоққа тән. Ақынның жаңа ғасыр басталғалы туған жырлары дүйім дүниені таңырқатып келеді. Бірақ, сол "руханият төңкерісшілері", яғни поэмалары мен тың туындылары қазақ эдебиетінде лайықты бағасын алмай жатыр. Бұл әдебиеттанушы сыншыларымыздың самарқаулығы десек артық айтқандық емес.

2.2 Шаханов шығармаларындағы ұлттық нақыштар
Әлемдік деңгейде мойындалып жүрген М.Шаханов поэзиясында ұлттық менталитет те мен мұндалап тұрады. Осы жерде дарынды жазушы Төлен Әбдіктің "Мұхтар Шаханов бақайшағына дейін ұлттық ақын" деген пікірі еріксіз еске түседі.
"Әр талант өзін толық ашқанда барып өзіне тән стиль қалыптастырады. Ол бір-бір өлеңде бола ма, бес, он өлең де болама -бәрібір. Ал ізденіс жолында ұлттық поэзиямыздың әр қасиетінен үлгі алуымыз заңды құбылыс. Мәселен, М.Шаханов өз шығармасын сазды лириканың баллада жанрына, сюжетті өлеңге ойысып кетуі - оның өзін өзі табуы" [16.11.]. деп есептесек, ақынның мына жырларына үңіле кеткен ләзім.

2.3 М. Шаханов өлеңдеріндегі ұлт мұратының көрінісі
"Тарих жоқ тек оны жасаушы тұлғалар ғана бар" деген Черчиллдің тұжырымын ақиқат етіп алсақ, ақын немесе тарихи тұлғаны бір-бірінен ажыратып қарау мүмкін еместей. Ақын алдымен қоғам қайраткері болса, онда оның шығармаларынан да өзі өмір сүрген дәуірінің жасампаз істері мен бармақ тістетер өкініштерін анық көруге болады.
"Мемлекеттік тіл қоғамдық қозғалысының рух пен тіл намысын ғана қорғайтын, билік пен партиялық ойындарға қосылмайтын таза ұйым болатынына сене беріңіздер. Біз бұл қызметіміз үшін айлық алмаймыз, ешкімнен сене беріңіздер. Біз бұл қызметіміз үшін айлық алмайсыз, ешкімнен жылу да сұрамаймыз" деп мәлімдеме жасаған ақын-қайраткердің дауылпаз өлеңдері ой салар мақалаларымен қатар көрініс тауып келеді. Ендеше соған кезек берейік. "Тарихсыз болашақ тұл. Шағын баяндамамды Стамбулдың "Хошы йолы" жүрек ауруханасында жатып жазған мына өлеңмен аяқтағым келеді.

2.4 М. Шаханов өлеңдеріндегі тарихи тақырыптың суреттелуі
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады», - деп атап көрсеткен. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. [53.221.]. Бұндай күрделі екі мәселені жүзе асыру үшін ана тілімізді толыққанды меңгеруіміз қажет-ақ. Ал тілімізді толыққанды меңгеру үшін өткен тарихымызға талдау жасамасақ тағы да болмайды. Тарихты білмей бүгінгіні құру, болашақты болжау мүмкін емес. Яғни, тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр. Мұхтар Шаханов «Тарихты білмеу – тамырсыздық» - дей келе:

ҚОРЫТЫНДЫ
Шын ақын өмірі бір адамның басынан кешкендерімен шектелмейді. Ақын көптің өмірін сүреді, көп көргенді көре алады, көп сезгенді сезе алады. Бұл – ақын сезімі жалпы және жеке адам сезім-күйінің жиынтығы деген сөз. Ол жеке адам көңіл-күйін заман рухымен жалғастырады. Жалпылық пен жекелікті осылай тұтастыра алғанда ғана ақын азаматқа айналады, өзінің ақындық, азаматтық тұлғасын қалыптастырады.