Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 47 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Халық Банкі

Жоспар
Кіріспе 3
1 Екінші деңгейдегі банктер ұғымы мен атқаратын қызметтері 7
1.1 Екінші деңгейдегі банктер ұғымы мен атқаратын қызметтері 7
1.2 АҚ «Халық банкі» тарихы мен дамуы 9
2 АҚ «Халық банкі» құрылымы 13
2.1 АҚ «Халық банкі» құрылымы 13
2.2 АҚ «Халық банкі» қызмет түрлері 16
Қорытынды 44
Әдебиеттер 47

Кіріспе
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында – XІV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек – феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді. «Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко – үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды.

Банк кәсіби қызметтің неғұрлым жоғары стандарттарына қол жеткізуге ұмтылады, қашан да инновациялар мен жаңа ой-пікірлер үшін ашық, батыл әрі дәйекті түрде әрекет етуге әзір. Клиенттерге қызмет көрсету операцияларын адал ниетпен, уақытылы әрі сапалы түрде іске асырады, ал бұл өз кезегінде біздің клиенттермен ара-қатынасымыздың берік әрі ұзақ мерзімді болуын қамтамасыз етеді.
Міне, осы құндылықтарға терең мән бере отырып «Халық банкі» ұжымы осы уақытқа дейін үлкен табыстарға қол жеткізіп отыр.

1 Екінші деңгейдегі банктер ұғымы мен атқаратын қызметтері
1.1 Екінші деңгейдегі банктер ұғымы мен атқаратын қызметтері
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 30 тамызындағы «ҚР банктері мен бан қызметі туралы» Жарлығына сәйкес біздің елімізде екі деңгейлі банк жүйесі әрекет етеді.
Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады, әрі банк жүйесінің бірінші ддеңгейін білдіреді. Ұлттық банктің міндеттері, қызмет принциптері, құқықтық статусы және өкілеттілігі республика Президентінің «ҚР Ұлттық банкісі туралы» заңдық күші бар Жарлығымен анықталады.
Қалған банктер банк жүйесінің екінші деңгейін білдіреді. Бұл, оның ішінде:

1.2 АҚ «Халық банкі» тарихы мен дамуы
Халық Банкінің тарихы — бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды.

2 АҚ «Халық банкі» құрылымы
2.1 АҚ «Халық банкі» құрылымы
Банктің мәні оның құрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде жұмыс істеріне мүмкіндік беретін құрылғыны оның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк құрылысы төрт міндетті блокты қамтиды. Банк бұл блоктарсыз банк ретінде болмайды әрі дамымайды:

2.2 АҚ «Халық банкі» қызмет түрлері
Негізгі міндеті - Қазақстандағы және онымен көршілес елдердегі қаржы рыногының барлық сегментінде (банк секторы, зейнетақы саласы, сақтандыру, бағалы қағазадар және лизинг нарығы) клиенттерге сапалы қызмет көрсетуді бағдар еткен әмбебап өңірлік қаржылық топты одан әрі дамыту, өз имиджі мен беделін жоғары бағалайды, еуропалық стандарттарға сай жұмыс істейді, өз капиталы мен адам ресурсын неғұрлым тиімді пайдалануға ұмтылады.
Банк клиенттеріне көрсетілетін негізгі қызмет түрлерін тізіп айтар болсақ:

Кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау болып табылады. Банк өз клиентінің қолма-қол ақшасы мен шаруашылық қызметтен алынған түсімін оның банк шоттарына қабылдап отырады. Клиенттің өткізген қолма-қол ақшасы операциялық күннің ішінде түскен болса, сол күні бірден шоттарға аударылады, егер ақша операциялық күн аяқталған соң келіп түссе, клиент шотына келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей есепке алынады. Клиенттерге қолма-қол ақша беру алдын ала берілген өтінімге сәйкес орындалады, сонымен қатар Банк қолма-қол ақшаны өтінім түскен күні бірден бере алады, бірақ бұл жағдайда ұсталатын комиссиялық сыйақының тарифі жоғары болады. Кассалық аппараттарын салық органдарында тіркеуден өткізуге тиіс клиенттерге Банк олардың шотқа түсірген қолма-қол ақшасының сомасы туралы растамалық анықтама береді.

Банк өз клиенттеріне ыңғайлы режімде әр түрлі шетел валютасын қолма-қол ақшасыз сатып алу сату операцияларын жүргізеді:
1) «бір күннің ішінде» деген режім бойынша шетел валютасы клиент шотына өтінім берілген күні бірден есепке алынады;
2) валютаға айырбасталған күні — шетел валютасы клиент шотына өтінім берілген күннен кейін екінші немесе үшінші күні есепке алынады;
Егер клиент өтінімді Алматы уақытымен сағат 10:00-ге дейін берсе, Банк валюта айырбастау кезінде мұндай өтінімдер бойынша айырбастау бағамына сағат 10:00-ден кейін берілген өтінімдермен салыстырғанда біршама жеңілдіктер белгілейді.

Банк өз клиенттерінің — жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың материалдық және өзге де құндылықтарының сақталуына мүдделілігін арттыру мақсатында сейфтік депозитарийдің абонент жәшігін келісім-шарт негізінде жалға беру қызметін ұсынады. Маңызды құжаттар мен құнды заттарды банк депозитарийінде сақтаудың сөзсіз артықшылығы — сенімділік пен қауіпсіздікке кепілдік беріледі. Бұған қосымша банк депозитарийінің тағы бір басымдығы — құндылықтар мен құжаттарды анонимді түрде сақтау мүмкіндігі және сақтауға салынған заттың құнын жариялау мүмкіндігі.
Абоненттік жәшіктерді жалдау мерзімі шектелмейді, клиент оларды өзі қалаған мерзімге пайдалана алады. Бүгінгі күні Банк сейфтік депозитарийдің абонент жәшіктерін неғұрлым кең таралған көрсеткіштер бойынша ұсынады. Жалға берілетін абонент жәшіктерінің түрлері мынадай: кіші сейф, орташа сейф, үлкен сейф.

Қазақстан Халық Банкі түрлі мақсатта ашуға болатын депозиттердің кеңейтілген ассортиментін ұсынады. Халық банкінің депозиттері Сізге өз қаражатыңызды сақтап қана қоймай, көбейте түсуге мүмкіндік береді. Сіздерді Банк депозиттерінің талаптарымен таныстыра отырып, өздеріңізге неғұрлым қажеттісін таңдап ала аласыз.

Қорытынды
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ «ХАЛЫҚ» брэнді арқылы, оның ішінде «HALYK» және «НАРОДНЫЙ» деген атаулармен қызмет көрсете отырып, жағымды (позитивті) халықаралық беделге ие болған әрі банк қызметі рыногында 85 жылдық табысты тарихы бар Қазақстан Республикасындағы ірі қаржылық мекеме болып табылады. Бұл аталған брэндтер Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының шешімімен Қазақстанда жалпылама танымал тауарлық белгі ретінде мойындалған. Мұнымен қатар «ХАЛЫҚ» және «HALYK» атаулары Банктің тауарлық белгілері ретінде Қазақстан Республикасында, Ұлыбританияда, сондай-ақ Халықаралық тауарлық белгілерді тіркеу жөніндегі Мадрид келісімінің мүшесі болып табылатын мына мемлекеттерде - Әзірбайжан Республикасында, Бельгия Корольдігінде, Нидерланды Корольдігінде, Люксембург Ұлы герцогтығында, Қытай Халық Республикасында, Ресей Федерациясында, Моңғолия Республикасында және Тәжікстан Республикасында тіркелген.
Негізгі міндеттері: