Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Рум құқығы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Год: 2005

Полный просмотр работы

Міндеттемелердің жеке түрлері


Жоспар
1 Міндеттемелердің жеке түрлері 3
1.1 Міндеттемелердің жүйесі 3
1.2 Жалдау келісім-шарты (Locatio - Conductio) 4
1.3 Сатып алу-сату (Emptio - Venditio) шарты 6
1.4 Қарыз және несие келісім-шарттары (Mutuum et commodatum) 7
1.5 Серіктестік келісім-шарты (Socitas) 8
1.6 Тапсырма келісім-шарты (Mandatum) 10
Әдебиеттер 12

1 Міндеттемелердің жеке түрлері
1.1 Міндеттемелердің жүйесі
Рум құқығы бізге бірнеше міндеттемелердің түрлерін мұра ретінде қалдырған. Ондай түрлер қанша болғаны есептелген жоқ. Көбі қазіргі азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнамаларға кірген. Кейбіреулері кірмесе де, мүмкін қажеті болса жаңадан шығады, оны біз рум құқығының рецепциясы деп атаймыз. Осы тарауда міндеттеме түрлі рум құқығындағы келісім-шарттары көрсетіледі. Басқаларды тек міндеттемелердің жүйесінде белгілейміз.

1.2 Жалдау келісім-шарты (Locatio - Conductio)
Рум құқығындағы жалдау келісім-шарты.
Ортақ пікірлі яғни келіскен уақыттан бастап күшіне енеді. Екі жақты.
Бір жақ екінші бір жаққа бір немесе бірнеше заттарды уақытша пайдалануға беруге міндеттенетін, ал екінші жақ өз кезегінде сияпат төлеп, алған затты басқа қалпында қайтаруға міндеттенетін.
Байқаусыздан қаза табуға жалға беруші жауап беретін.
Жалдаудың үш түрі болды: заттарды жалдау; мердігерлік қызмет, көрсетулерді жалдау. Жалдауға жарайтын заттар жылжитын және жылжымайтын мүліктер: жалға біреудің мүлігін беруге болатын. Жалдаудың мерзімі әдетте бес жылға дейін берілетін, бірақ егерде жалдаушы затты мерзімі асып кетсе де пайдалана берсе, онда жалдау үнсіз созылған болып саналады.

1.3 Сатып алу-сату (Emptio - Venditio) шарты
Бір жақ затты ұсынатын, ал екінші жақ сол зат үшін төлемақысы төлейтін.
Сатып алу-сату келісім-шартын затты ақшаға ауыстыру туралы екі жақты келісім арқылы белгіленген ортақ пікірлі таңдау атауымен белгілі.
Екі жақтың да белгілі бір затты белгілі бір ақша саласына ауыстыру туралы келісім қажет болды.
Юстинианның бағасы заттың тура бағасымен бірдей бола бермеуге де болатын.

1.4 Қарыз және несие келісім-шарттары (Mutuum et commodatum)
Румдағы қарыз операцияларының негізгі институты қарыз келісім-шарты болып табылады. Оның негізгі реквизиті - затты қарыз алушының меншігіне беру.
Қарыз беруші бұрын өз билігінде болған затты заем заты ретінде ұстап қалып отыру құқығына ие болатын.
Жақтардың келісім заттарды беру кезінде қарыз алушыға міндет тудырған (қайтару туралы).

1.5 Серіктестік келісім-шарты (Socitas)
Республика кезеңінін басында, халықарылық сауда қатынастарының дамуы барысында, Румның экономикалық өмірінің дамуында аса маңызды рөл атқарған перегриндердің де қолы жете алатын кәсіпкерлер серіктестіктері пайда болды.
Серіктестіктер түсім алу мақсатымен әртүрлі кәсіпкерлік түрлеріне сенімделген, сонымен қатар нақты қызметке арналған кәсіпкерліктер де болды.

1.6 Тапсырма келісім-шарты (Mandatum)
Бір тұлға тапсыратын (тапсырысша - мандант), ал екінші тұлға (сенімделген - мандатарий) орындауды қандай болсын қайтарылсыз іс-әрекет ету.
Тапсырма келісім-шарты қайтарымсыз, екі жақты, ортақ пікірлі болатын. Ең басында достық (жолдастық) қызмет істеу түрінде болатын.
Өзара (келісімділікті) құрылған. Заңдық әрекеттер тапсырыс күйінде жүзеге асырылатын келісім-шарт. Осыған байланысты қаламақы тәжірибесі пайда болды. Мандатарий істей алатын құқықтар - бастаған істі аяғына жеткізуді; егер оны орындауға мүмкіндігі болса жедел мандатқа айтып, ол мандатарийді алмастыра алатындай етуі керек; ал, егер де хабарламаса, залал үшін жауап беретін. Мандатарий істей алмайтын жағдайлар осындай: