Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 33 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының лизингтік компаниялары

Мазмұны
Кіріспе 3
I БӨЛІМ. Лизингтің теориялық негіздері 4
1.1 Лизингтің пайда болу тарихы және мәні 4
1.2 Лизингтің жіктелуі 6
1.3 Лизингтік операциялардың түрлері 9
II БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі 14
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы лизингтік компаниялардың қызметіне талдау 14
2.2 Лизинг Қазақстан экономикасын көтеру құралы ретінде 22
2.3 Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесiн дамыту жолдары 27
Қорытынды 32
Пайдаланған әдебиеттер 33

Кіріспе
Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылығының салаларының кәсіпорындарының қаржылары болып табылады. Міне осы буында нақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түсуінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың базалық және басыңқылы салаларындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді тозуы. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басыңқы шаралардың бірі инвестицияларды пайдалану деп айтқан. Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады.
Осы курс жұмысында Қазақстанның лизинг арқылы инвестицияларды тартудың тәжірибиесін; лизингтің пайда болуы, табиғаты және түрлерін; Республикамыздағы лизингтік нарықтың қалыптасуы мен дамуындағы қолдаушы және кедергі факторларға талдау жүргізілген.

I БӨЛІМ. Лизингтің теориялық негіздері
1.1. Лизингтің пайда болу тарихы және мәні
Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы - жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал, лизингте үш қатысушысы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Бірақ біздің ойымызша лизингтің мәнін толығымен келесі анықтама ашады.
Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған кұрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операцияларымен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден айырмашылығын келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

1.2 Лизингтің жіктелуі
Лизингтің кеңінен тарауының басты себебі - оның қарапайым ссудалардан келесідей артықшылықтарының болуына байланысты:
- Лизинг көмегімен кепілге берілетін мүлкі жоқ, ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойына лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды;
- Лизинг 100 %-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;

1.3 Лизингтік операциялардың түрлері
Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің шаруашылық тәжірибесінде лизингтің көптеген түрлері көрініс табады. Олардың ішінде негізгілері болып:
- Шұғыл лизинг;
- Қаржы лизингі;
- Қайтарылатын(возвратный) лизинг;
- Үлестік лизинг;

II БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы лизингтік компаниялардың қызметіне талдау
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының нарығынды 15 лизингтік компаниялар жұмыс жасауда. Астана қаласында 4 лизингтік компания (Астана финанс, Астық лизингтік компаниясы, Қазагрофинанс және Агромашлизинг), Қарағанды қаласында 1 (Қарағанды лизинг компаниясы) және Алматыда 10 (Центрлизинг, Альфа-лизинг, Нұр-инвест, Халық лизинг, Темірлизинг, Казтранслизинг, Альянс лизинг, БТА лизинг, АТФ лизинг және Медикал лизин групп) лизингтік компаниялары жұмыс істеуде.

2.2 Лизинг Қазақстан экономикасын көтеру құралы ретінде
Осы лизингтік бизнестің біздің елімізде дамуын 3 этапқа бөліп көрсетуге болады:
I этап (1989-4992 жж.). Республикамыздағы лизингтік бизнесiнiң туындауы. Бұл этапта бірінші рет елімізде лизингтік компаниялар құрылады. Лизингтік фирмалар мен кейбір коммерциялық банктер лизингтік операцияларды жеке түрде және аздаған көлемдерде жүзеге асырды.
ІІ этап (1992-1994 жж.), iшкі нарықтағы жарамсыз экономикалық жағдайларға байланысты лизиигтік бизнестің үдеуінің төмендеуі.
ІІІ этап (1995-1999 жж.). Қайта даму этапы, лизингтік бизнесті ынталандыру үшін мемлекеттік қорғаудың қолға алынуы.

2.3 Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесiн дамыту жолдары
Экономикадағы жалпы жағдай, еліміздегі лизингтік бизнестің дамуына үлкен әсер етеді. Нарықтық экономикаға өту, экономиканың құлдырауына әкеліп соқтырды. Олардың бәрі техника-экономикалық қатынастардың үзілуіне, қаржы-несие саясатын жүргізудегі бағыттың бұзылуына әсер етті. КСРО-ның құлауы тауар алмасуды қайта қарастыруға тура келді, бұл өз кезегінде өндірістің құлдырауына әкеліп соқтырды.
Сонымен айтқанда, Қазақстандағы лизингтік бизнестiң дамуына, жалпы экономиканың мәселесі және тағы басқа объективті, субъективтi сипаттамалар әсер етеді.
Осы факторлардың кейбірі лизингтiк бизнестің дамуына кедергi болса, ал енді бір факторлар оның дамуына жол береді.

Қорытынды
Лизинг еліміздiң экономикасының маңызды тетігі ретінде қалыптасып келе жатыр. Инвестиция тартуда, ел экономикасын көтеруде, ел экономикасының өмірге қажетті салаларына капитал әкелуде, шағын бизнеске нақты қолдау көрсетуде, коммерциялық банктер мен лизингтік фирмаларға ұзақ және орта мерзімдік табыс әкелуде көптеген рөл атқарды деген болжаулар бар. Сонымен жоғарыдағыларға қарап лизингтiң Қазақстанда дамуына көптеген мүмкіндіктер бар.
Қорытындыда лизингті несиеге, арзан айырбас еместiгін айта кетуге болады.
Сонымен лизинг, экономиканың нақты секторына бағытталған инвестициялық жобалардың тиімді құралы болды

Пайдаланған әдебиеттер
1. ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңы, Егемен Қазақстан 12/VП- 00
2. Закон Республики Казахстан «Об иностранных инвестициях» от 28 декабря 1994 года. (с изменениями)
3. Программа развития лизинга в РК на 1999-2001 годы;
4. Абдраимов Р. Развитие финансового лизинга в РК: реальность и перспективы /Аль-Пари 2000г. № 4-5
5. Айманова Л.; Оралбаева Ж. Қаржылық лизинг және экономиканың нақты секторы / Аль-Пари 2001г. № 4
6. Комаров В. Реальная помощь реальному сектору / Развитие лизинговых отношений // Риск 1999 г. № 2-3
7. Лизинг: Эффективные возможности инвестирования и реструктуризации производства / Бизнес 2000г. № 3-4
8. Сагадиев К. Лизинг в Казахстане: проблемы и перспективы развития. Азия-ЭЖ / 1998г. № 13
9. Мэнсен Т., Цыганов А. Страхование лизинговых сделок в сфере малого бизнеса / Финансы 2001г. № 13
10. Анвар Сайденов «Операция Лизинг», газета «Казахстанская правда» № 209-210 от 28.09.2002г, стр. 6
11. Национальное Статистическое Агентство Республики Казахстан http://WWW.kazstat.asdc.kz
12. Национальный Банк Республики Казахстан http://WWW.nationalbank.kz
13. Тлеужанов Е.; Киреева К. Лизинг - форма инвестиционного финансирования. / Алб-Пари 1997г. № 4
14. Джуха В.М. Лизинг - Ростов-на-Дону: Феникс 1999г.