Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Ақша, несие, банктер

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 26 стр.

Полный просмотр работы

Ақша айналысы және ақша жүйесі


Жоспар
Кіріспе 3
1 Ақша айналысы және ақша жүйесі 4
1.1 Ақша айналысының сипаттамасы 4
1.2 Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы 6
1.3 Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар, олардың айналыс заңдылықтары 8
1.4 Несие ақшалар 13
1.5 Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы 18
1.6 Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері және негізгі типтері 22
Әдебиеттер 26

Кіріспе
Тарауда келесідей сұрақтар қарастырылады:
- Ақша айналысының түсінігі мен құрылымы.
- Металл, қағаз және несиелік ақшалардың эволюциясы.
- Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері.
- Қазақстандағы ақша реформалары және олардың ерекшеліктері.
- Қазіргі инфляция және инфляцияға қарсы шаралар.
- Ақша айналысының заңы.
- Айналыстағы ақша массасының құрамдас бөліктері.
- Ақша массасын басқару әдістері.
- Ақша-несие саясатының типтері.

1 Ақша айналысы және ақша жүйесі
1.1 Ақша айналысының сипаттамасы
Қайта құру кезеңіне дейін «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма - қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың (халықтың) ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма-қолсыз рубль - бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

1.2 Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы
Ақшаның металдық теориясы. Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлану кезеңіндегі меркантилистер (Томас Мэн, т.б.) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистік сипатта, себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөнінен хабарсыз.

1.3 Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар, олардың айналыс заңдылықтары
Ақшаның номиналистік теориясы меркантилистердің металлизмге қарсы іс-әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналамының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстыру біртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер, құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдық құрамын белгіледі.
Номинализмнің негізгі ережесі төмендегідей:

1.4 Несие ақшалар
Вексель несиеге сату негізінде, яғни коммерциялық несиелеудің пайда болуымен дүниеге келді. Коммерциялық несиелеу дегеніміз - кәсіпорындардың бір-бірін банктерді жанай өтуі арқылы несиелеу болып табылады. Несиелеу төлеу мерзімін ұзартып, тауарларды қарызға беру жолымен жүзеге асады.
Сатып алушы - кәсіпорын, тауарды сатып ала отырып ақшаны бірден төлемейді, жабдықтаушы кәсіпорынға вексель жазып береді (қарыздық міндеттеме). Егер де несие берушіге ақша керек болған жағдайда, ол банкке барып векселін есепке алуын өтінеді, ал банк ондағы есепке алу мөлшерлемесін алып қалу арқылы вексельде көрсетілген соманы бере алады.

1.5 Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы
Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстің ашқан ақша айналасының заңымен реттеледі. Айналысқа қажетті ақша саны - айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірліктерінің айналыс жылдамдығы арасындағы белгілі бір сәйкестіктің болуын талап етеді. Айналысқа қажетті ақша санының формуласы төмендегідей:
Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебінің ғалымдары, келесідей тепе-теңдікті белгіледі:

1.6 Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері және негізгі типтері
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.

Әдебиеттер
Ақша, несие, банктер [Текст] : оқулық / Жалпы ред. басқарған Ғ. С. Сейiтқасымов. - Алматы : Экономика, 2001. - 466 б.