Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарихы

Тип: Реферат

Объем: 8 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Батыс қазақстандықтардың майданға аттануы және соғыстың алғашқы кезеңінде кездескен қиындықтар

1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталған мезетте-ақ одақтың басқа аймақтары тәріздес Батыс Қазақстан/Ақтөбе, Гурьев, Батыс Қазақстан облыстары / өңірінде де соғыстың алғашқы күні-ақ халық, жиындары мен ереуілдер өтіліп, оған батыс қазақстандықтар белсене қатысып, Отанды қорғауға дайын екенін білдіріп, еріктілер тізіміне жазыла бастады.

Тіпті кейбір отбасылы қыз-келіншектер Отанын жаудан қорғауды бірінші кезекке қойып, өз балаларын мемлекет қарауына қалдырып, өздері ер азаматтарымен бірге майданға баруға батыл шешім қабылдады. Солардың бірі - Ақтөбе қалалық балалар бақшасының тәрбиешісі Т.А.Сидельникова Отанын қорғауға әзір екенін, 3 жастағы баласын балалар үйіне қалдырып, өз еркімен Қызыл Армия қатарына алуға өтініш берсе, Некрасов көшесі 66 үйінің тұрғыны А.Р.Бучацкой радиодан Сыртқы Істер Халық Комиссариатының орынбасары Молотовтың сөзін естігеннен кейін, Кеңес Одағының азаматы ретінде күйеуімен бірге майданға аттанып, Отанын акырғы демі біткенше қорғауға әзір екенін айтып өз еркімен өтініш жазды [5, 141 п., 138 п.]. Мұндай еріктілер қатары аймақта күн сайын артып отырды.

Майдан даласында барлық бұйрық - нұсқау орыс тілінде берілетінін ескерсек, орыс емес ұлт өкілдеріне, оның ішінде орыс тілін білмейтіндер мен сауатсыздарға көптеген қиындықтар туғызғанын байқауға болады. Орыс тілін білмеу, олардың ұрысқа белсенді түрде араласуын шектей түсті, сонымен катар «ұлы орыс» өкілдерінен жасақталған командирлердің бұйрықтарын да түсінбейтін кездері болғаны белгілі. Мұның басты салдары соғыстың алғашқы кезеңінде адам шығынының көп болуына да өзіндік себептерін тигізгені аян.

Соғыс басталғаннан - 1942 жылдың 1 қыркүйегі аралығында әскерден қашқандардың республикада 2206 оқиғасы тіркеліп, оның Ақтөбе облысында 289-ы, Гурьев облысында 44-і, Батыс Қазақстан облысында 81-і тіркелгені анықталған [14, 20 п.].
Анықталған, ұсталған қашқындарға өздерімен катар, олардың отбасыларына Отанын сатқаны үшін өте ауыр жаза, яғни қуғын-сүргін (репрессиялық) шара қолданылған [7, 20 п.]. Оларды әскери трибуналдарға берумен қатар, сол кезеңдегі жазалау шараларының ең ауыры - азық-түліктен, оның ішінде наннан күндік нормадан айыру болды.