Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиет

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 24 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

М. Әлімбаев шығармаларының ерекшелігі


Мазмұны
Кіріспе 3
1 М. Әлімбаев өмірі мен шығармашылығынан мәлімет 5
1.1 Ақынның шығармашылығының ерекшелігі 5
1.2 Мұзафар Әлімбаев - сыншыл ақын 8
1.3 Ақынның шығармашылық қазынасы 10
2 Ақын шығармашылығы – дәуір ұраны 13
2.1 Өлеңнен олжа салған ақын 13
2.2 Ақының шабытты шағы 15
2.3 Көп қырлы талант иесі 17
2.4 Мұзафар Әлімбаев тіл мәдениеті туралы 19
2.5 Мұзафар Әлімбаев туралы қанатты сөздер 20
Қорытынды 22
Пайдаланған әдебиеттер 24

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі қазақ әдебиеті мен поэзиясында жалпақ жұрттың жаңадан тіл ашқан бүлдіршінінен бастап, аз-көп жасаған ғұмырында әлденеше қыр асқан қариясына дейін жаппай оқитын да танитын қаламгер бар ма? Бар! Ол - қазақтың көрнекті ақыны, балалардың сүйікті жыршысы, Қазақстанның халық жазушысы - Мұзафар Әлімбай.
Бүгін қазақ әдебиетінде де, балдырған бағында да үлкен той, мереке. Алғашқы қадамын Павлодар облыстық "Қызыл ту” газетінде жарық көруден басталған өлеңдері қазір том-том болып халқымыздың рухани қазынасына айналған, бүгінде қазақ поэзиясының құнарлы топырағына қаққан қазығы нық, нығыз, асқар биік шығармашылық тұлға - Мұзафар Әлімбай сексен жасқа толды.

1 М. Әлімбаев өмірі мен шығармашылығынан мәлімет
1.1 Ақынның шығармашылығының ерекшелігі
Мұзафар Әлімбаев - Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. Туған жері Маралды атырабында - Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы. Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, А. С. Пушкиннің 4 томдығын тауысады. Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айырылып, «туар-тумастан тоналған ұрпақтың өкілі…». Сол тұста жетімектің кім екенін, жетімдіктің зіл мен мұң екенін анық та толық сезді. 1932-33 жылғы алапат аштықты көлденең көзбен көріп емес, өз басынан өткерген. 1937 жылдың сталиндік сойқанында халықтың зиялы ұл-қыздарын зорлық-зомбылықпен оққа байланғанын өз көзімен көріп, үрейі ұшқан ұрпақ. Осы тұста тырнақалды өлеңін жазды.

1.2 Мұзафар Әлімбаев - сыншыл ақын
«Абайдың өзі де Абайдан басталған жоқ». Мұзафар ақын осы бір түйінге ден қояды. Белгілі сыншының білікті бұл пікірі әрі дәл, әрі әділ.
Өнегесіз өнер де жоқ, өсу де жоқ. Осы қағиданың растығын барлық ақын – жазушылар бастан кешірді, әлі де кешіреді.
Творчестволық талай – талай құпияны кештеу болса да, ақындар аңдаған сияқты. Әрине, жылдардың арқасында, тәжірибенің арқасында. Әрбір шынайы шығарма – қомақты поэмадан бастап, шап - шағын өлең - жырға дейін немесе төрт жолдық рубаиға дейін – асыл тастан жалғыз – дара қашалған аса қымбат сыр сандық. Ондай екінші сандық жер жүзінде жоқ. Әлгі әбдіре – сандықта жауһар жиһаздар салынған: сергек сезім мен асыл ойлар. Өйткені олар халық тарихы шежіресінің келісті кестеге түскен ғұсни құнды, сыршыл жырлы бір бөлігі болып жаралуы шарт. Олар содан да тумысынан әу баста халық кәдесіне асар қазына болып жасалуы шарт [5].

1.3 Ақынның шығармашылық қазынасы
Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылық қазынасы да, қасиеті де тұңғиыққа толы сыр.
1948 жылғы көктемнен бастап, әдеби еңбекке құлшына кіріседі. Алдымен қызметке кіреді: 1948 – 1956 жылдарда «Пионер» журналының поэзия бөлімін басқарады. 1956 – 1958 жылдарда «Қазақ әдебиеті» газетінде әуелі көркем әдебиет бөлімінінің меңгерушісі, іле бас редактордың орынбасары болып еңбектенеді. 1958 – 1986 жылдар аралығында «Балдырған» журналының бас редакторы болады.

2 Ақын шығармашылығы – дәуір ұраны
2.1 Өлеңнен олжа салған ақын
Өлеңнен олжа салған ақындарымыздың бірі – Мұзафар Әлімбаев өзінің елгезектігі мен ұшқырлығымен ерекшеленеді. Туралап маңдайдан соқпай, тұспалдап, мысқалдап, жанамалап, жанай жеткізіп, жақсы ғибрат ұқтырып ақын атанғандардың бәрінің қолынан келе бермейді-ақ. Мұзафар әр мәселесін өз бетімен шешіп үйренген жан. Іс, жұмыс, еңбек сияқты атауларды аузына алмай - ақ өлең тілімен үйіреді. Ендеше, автор өз міндетін өрнегімен кестелеп, шынайы шығармалар тудырды. Жарқын ойды жарқ еткізген ақынның ойы өте терең [7, 120].

2.2 Ақының шабытты шағы
Ақын ағамыздың шабытты шағын шартты түрде екі түрлі жағдайда аңғаратын сияқтымыз: бірі – оның жыр шумақтарын жазып отырған сәті болса, екіншісі – алқалы топтың алдында өлең оқып отырған кезі. Лев Толстой айтпақшы, адамның өзінде айналасындағыларды да ұмытқан тұстағы табиғи сұлулығы танылар мезет. Дегенмен, сырттан қызықтау бір басқа да, адам санасында жүріп жатқан ой ағыстарына үңілудің жөні мүлде бөлек нәрсе. Кейіпкердің жан дүниесіндегі буырқанысты дөп басып көрсету суретшіге қаншалықты қиын болса, творчество азабын тартқан ақынның өлең оқып тұрғандағы жүрек дірілін қалтықсыз ұқтым деу де бекершілік екен. Осы бір құпияны ақын Мұзафар Әлімбаевпен сиқырлы өлеңнің сомдалуы, соның сипаттары, сырлары төңірегінде тікелей өз өміріне қатысты сөз сабақтау барысында аңғардық.

2.3 Көп қырлы талант иесі
Көп қырлы талант иесі Мұзафар Әлімбаев, өмір бойы айналасындағы өнерге, білімге құштар адамдарға көмек көрсетіп, ақыл айтудан шаршамайтын. Мұзафардың өмірі мен шығармашылығына қызығатын ғалымдар, оны басқа ақындармен салыстырып, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіндік қасиеттері бар екенін айтады. Ақын – әдебиет, өнер, ғылым, білім салаларына сын көзбен қарады. Әр халақтың классик жазушыларының шығармаларымен танысып, ерекше сүйіп оқыды. Білімге ерекше көңіл бөлген ақын бойына сан қырлы асыл қасиеттерді енгізіп қана қоймай, сурет, сәулет өнерін де назардан тыс қалдырмайды. Бай кітапханасы болған Мұзафар өзге ұлт өкілдерінің ғұлама ақындардың өлеңдерін әсерлене оқыған. Қоғамдық әдеби өнердің беталысынан үнемі хабардар болып отырған. Ақын шығармаларның тақырыбы да, идеялық мазмұндары да белгілі бір табиғи кезеңдерде болатын осы ағыммен үндес, туыстас болып келеді.

2.4 Мұзафар Әлімбаев тіл мәдениеті туралы
Мұзафар Әлімбаев «Қазақстан мұғалімі» газетінде газетінде жарық көрген «Жартылай ұйқы және жатық сөйлеу жайында» атты мақаласында жас ұрпақты туған тілдің тұнығынан жүзіп іштіру, ана тілін ардақтата білгізуге мән береді /27-маусым, 1967/. Мақала басында жатық сөйлей білмейтін, ойын жеткізуде орашолақ танытатын кейбір жасөспірім балалардың, ата-ана мен ұстаздар сөздерінен мысал келтіре келе автор «Бұған кім кінәлі» деген сауал қояды. «Білік бесіктен басталады» немесе «Ұстаз баланың жанын шындайды. Сардары зеңбірек ата білмесе, сарбазы садақ тарта білмес» деп ой түйетін автордың түсінігінше бұған ең алдымен кінәлі - ата-аналар, содан соң ұстаздар.

2.5 Мұзафар Әлімбаев туралы қанатты сөздер

Дарынды ақын көзі тірісінде-ақ, өз шығармаларымен халық мақтанышына айналып үлгерді. Ақын туралы, оның шығармашылығы туралы көптеген мақалалар, естеліктер жазылды. Солардың бірнешеуіне көз жүгіртейік.
Сіздің жалпы поэзияңыздан аңғарылатыны: онда халықтың ізгілігіне суарылған жалынды қуат-күш бар. Сіз халықтың тарихын, тілін де, нақыл сөздерін де жақсы білесіз, дәріптеп жинайсыз, зейініңізге тұтасыз. Мұндай заттың кездейсоқ еместігі әркімге мәлім.

Қорытынды
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта келгенде, білімпаз ақынның үздік туындыларын осы ғасырдың биік шежіресі деп білемін. Ақынның өмірбаяны мен шығармашылық ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтер молынан келтірмесем де, бір түйіндік сырды қолымнан келгенше, жазуға тырыстым деп ойлаймын. Ақынды жан - жақты, сан қырлы сипат - бейнесі мен ерекшелігін, танымдық қасиетін кішкене болса да ашуға тырыстым. Ұлы ақынның шығармашылығы әсемділікпен жанды бейнеленген.