Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Экономиканы мемлекеттік реттеу: қағидалары мен үлгілері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І-бөлім. Экономиканы мемлекеттік реттеу: қағидалары мен үлгілері 4
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі мен реттеудің негізгі әдістері 4
1.2 Экономиканы салықтық - фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы 6
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасы үшін экономиканы реттеудің басым бағыттары 15
2.1 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылы 15
2.2 Қазақстан Республикасының индустриялы - инновациялы саясаты 21
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30

КІРІСПЕ

Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғамның негізгі буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Экономиканы реттеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да реттеуді қажет етеді.

І-бөлім. Экономиканы мемлекеттік реттеу: қағидалары мен үлгілері

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі мен реттеудің негізгі әдістері

Мемлекеттің пайда болуымен қатар оның экономикалық қызмет ететін сферасында қалыптасты. Мемлекеттің қандай жағдай болса да, экономикаға араласуы және реттеуі бүгінгі экономикада объективті қажеттілік.
Тарихи жағынан дамыған елдерде экономиканы реттеу жөніндегі екі негізгі әдістемелік бағыт қалыптасқан.
1) Кейнстік мектеп – шаруашылық механизмін мемлекеттік реттеу концепциясы және мемлекеттің қоғамдық шаруашылық өміріне араласпауы туралы неокейнстік кездерде консервативті доктриналардың синтезі. Осы аталған екі теориялық ағымдардың өздеріне тән ортақ негізі бар. Олардың екеуі де мемлекетті қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған экономикалық саясат жүргізу үшін белгілі меншіктің формасы мен шаруашылық қызметтер негізінде қамтамасыз етілген. Ал олардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы мемлекеттік ықпал жасаудың әр түрлі тәсілдері арқылы айқындалады. Олардың біреулері мемлекеттің экономикалық процестерге мүлдем араласпауын жақтайды. Оның өкілі Хайек мемлекеттің «түнгі күзетші» рөлін атқарғанын дұрыс дейді.

1.2 Экономиканы салықтық - фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы

Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы және оның негізіндегі салық жүйесі мен салық салу механизмі зор рол атқарады. Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бірге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүреді. Экономиканы салықтық және соның негізінде қалыптасатын бюджеттік реттеудегі басты саясат фискалдық саясат болып табылады. Ол экономиканы салықтық тежеу мен ынталандыру, бюджеттік қолдау мен реттеу шараларының жиынтығынан тұрады.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-теңдіке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және нақты қолдану процесі.

ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасы үшін экономиканы реттеудің басым бағыттары

2.1 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылы

Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономиканың тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін елдегі ақша қатынастарын, оның құнсыздану дәрежесін, ақшалардың және несиенің айналысын, олардың көлемін, банк және қаржы жүйелерінің қызметтерінің тиімді жүргізілуін, сондай-ақ тұрақты дамуға бет алуын реттеу құралдары мен саясаттарын ұтымды жүргізу мемлекеттің және қаржы саласының негізгі міндеті мен мақсаты болып табылады. Осы аталған экономика салаларын реттеудегі кең қолданылатын саясаттардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық банктік жүргізетін ақша-несие саясаты болып табылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын басты орган болып табылады. Ақша-несие саясатының экономикалық маңызы бұл саясат нарықтық экономиканы реттеудегі өте тиімді мемлекеттің реттеу және дамыту саясатты болуында.

2.2 Қазақстан Республикасының индустриялы - инновациялы саясаты

Рыноктық қатынаста бәсекенің дамуымен экономикада мемлекеттің ролі төмендейді. Бірақ дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттің реттеудің объектісі болып табылады.
Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.Дәл осы жағдайдан шығудың бірақ жолы бар, ол - жоғары технологиялық өндірісті дамыту.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, экономиканың қандай даму формасы болмасын мемлекеттік реетудің қажетті екендігіне көзіміз жетті. Экономиканы мемлекеттік реттеу әр елде әр деңгейде жүргізілгенімен қазіргі кездегі аралас экономикалық дамуда міндетті түрде экономикалық реттеу жүргізіліп отырады. Экономиканы мемлекеттік реттеу өз кезегінде экономиканың маңызды және қолдауды қажет ететін салаларын мемлекеттік қолдау арқылы және ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіштері мен туындап отырған экономикалық мәселелерді реттеуді жүзеге асырады.