Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 68 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 8
1.1 ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 8
1.2 ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПІКІРІ 17
1.3 АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ 24
1.4 МЕКТЕПТЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН ТӘРБИЕ 31
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК НЕГІЗІ 36
2.1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ 36
2.2 МЕКТЕПТЕ АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ 44
2.3 АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ 52
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62
ҚОСЫМША А 64
ҚОСЫМША Ә 65
ҚОСЫМША Б 67
ҚОСЫМША В 68

КІРІСПЕ
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам – біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап Абай шығармаларын оқыту барысында оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырып, негізін қалау мүмкіндігі өте зор.
Ұлы Абайдың табиғат тақырыбына берілген шығармалары оқушының дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі, ұлттық дүниетанымы кеңейеді. Қазақтың ағартушы ғалымдарының көптеген ой-пікірлері мен көзқарастары қазіргі кезде де басшылыққа алынып келеді [1.36].
«Дүниетаным», «таным», «қазақ дүниетанымы» саласында көптеген құнды ой-пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың (С.Б.Крымский, Б.М.Кедров. Э.Нысанбаев, А.Қасабеков, М.Орынбеков, Ж.Алтаев, Кішібеков және т.б.) еңбектерінде жан-жақты талқыланған [1.62].

1 МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сабақтың мазмұнымен байланыстырып, оқушыларды ата-бабаларымыздың тарихи дамуы барысындағы айналадағы құбылыстар жөніндегі дүниетанымымен таныстырып отырған жөн.
Қазақстан аймағында тұрып жатқан халықтардың тіршілік экономикаcы көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы болуы олардың дүниетанымына әсер етті. Ертедегі қазақ халқы дүниетанымының негізі осыдан бастау алды. Қоршаған ортаға философиялық көзқарастың пайда болуына, қалыптасуына және өрістеуіне ықпал етті.[4.45] Дүниені тану алғашқы кезде дайын табиғи материалды, үрдістерді, құбылыстарды танып-білуден басталды. Күнделікті іс-әрекеттер адамның еңбектену және табиғатты тану объектілерінің жан-жақтарын, қасиеттерін бірте-бірте ашады. Бірақ адам өзінің еңбектену мен таным объектілерінің қасиеттерін тану дәрежесінде тоқтамайды.

1.2 ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПІКІРІ
Қазақстан ойшыл-ағартушыларының қайсысын алсақ та, олар табиғатқа еліктемей, оның сырын ашып, еліне, халқына танытуға талпынбай қалған емес. Адам баласы табиғат аясында өмір сүре отырып, оның терең сырын білуге қызықпай қоймайды. Өйткені табиғат өз ерекшелігі, сұлулығы, құпиялығымен адамды еліктіріп, өзіне тартып, көңіл күйге әсер етеді. Сондықтан да ойшыл-ағартушыларымыздың бірі табиғат тамашасын өлеңмен жеткізсе, енді бірі сөзбен өрнектеді.

1.3 АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Ғұлама ұлы Абайдың дүниетанымдық көзқарастарын паш ететін өлендері мен қара сөздерінің мән-мағынасы уақыт өткен сайын терендей түсуде. Халықтың шынайы сөз байлығы Абай туындыларынан кең орын алған. Абайдың әрбір қара сөзінің тәлім-тәрбиелік жағы басым болып, жастарды жағымсыз мінез-құлықтардан (бос өткізетін қыдырымпаздық, серілік, бойкүйездік, мақтаншақтық және т.б) аулақ болуға, елге қолайлы, тұрмысқа тиімді іскерлік, шеберлік жақтарын жетілдіруге, тіл үйренуге, көркем сөйлеуге шақырады.

1.4 МЕКТЕПТЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН ТӘРБИЕ
Абайдай ұлы адамның өз бойындағы ақындық қасиетін халықты тәрбиелеуге бағытталғандығы "Жаздым үлгі жастарға бермек үшін" – деген ойларынан айқын байқалады.
Ақын шығармаларын мектепте бастауыш сыныптан бастап сабақта, сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушы бойына сіңіруге болады. Бастауыш сыныпта тәрбиелік сағат түрінде өткізіледі.
Онда – тақпақ айтқызу, ақын әндерін орындату, шығармаларынан сахналық көріністер көрсету, қара сөздерінің ішінде тәрбиелік мәні жағынан оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттісін түсіндірген дұрыс.

2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК НЕГІЗІ
2.1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ
Жас ұрпақтың санасын шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру – қазіргі заманның өзекті мәселесі болып тұр. Ал мұндай білім жүйесі сол ұлттың төл болмысымен санасу арқылы жүзеге асады. Өйткені, өткен тарихтың сын көзінен өткен құнды ұлттық дүниетаным мұралары жас буынның рухына негіз болып қаланып, болашаққа бағыт жасап отырған жағдайда ғана ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілмейді. Жастарды халықтық тәрбиенің негізінде оқытуда ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу қажеттілігі туып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда:

2.2 МЕКТЕПТЕ АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Эксперимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов ауданы, Бірлік орта мектебінің бастауыш сыныптарында жүргізілді. Әрбір кезең нақты міндеттерді көздеді. Экспериментке 130 оқушы қатысты.
Анықтау экспериментінде бірінші, екінші, үшінші, төртінші сыныптардың ана тілі сабақтарына қатысып, аталған сыныптардың құжаттарымен танысып, төмендегідей мәселелерге баса назар аудардық:

2.3 АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ
Бұрын сабақ дәстүрлі түрде тек белгіленген жоспарға сай өтіп отырса, қазіргі талап мұғалімдерден жан-жақты біліктілік, түрлі әдістер мен оқытудың дәстүрлі емес формаларын пайдалануды қажет етеді. Өйткені, оқушы сабақта алған білімін, оның мән-мағынасын түсіне білгенімен, бәрін бірдей күнделікті өмірде қолдана алмайды.
Сондықтан оқушы білімін пайдалана отырып, әрбір іс-шаралардан өзіндік нәтиже шығаруға, тәлім-тәрбие алуға оқушының сана-сезіміне бетбұрыс жасалынуы қажет.
Оқу мен тәрбиені жүйелі түрде бірыңғай ұластырып, дәстүрден тыс формалар арқылы оқушының өз ойын дамыта отырып, оның рухани адамгершілік сезімінің жетілуіне қызмет ету – әр мұғалімнің парызы.
Сондықтан сабақты жаңа формаларда өткізуге себеп болған бірнеше факторларды айтуға болады. Олар:

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, қазіргі кезде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру баршамызың толғандыратын ең көкейкесті – мәселелерінің бірі болып табылады деп ойлаймын.
Өз бетінше дербес мемлекет егеменді ел болып өзінің экономикасын, әлеуметтік идеялогиялық қабілетін, өз мэдениетін қалыптастырып, жатқан жас ел үшін күрделі қайшылықтар болатыны сөзсіз. Жаңа ұлттық мемлекеттің қалыптасуы - ішкі, сыртқы, дәстүрлі және бүгінгі күштердің арақатынасын айқындайтын күрделі де қайшылықтарға толы процесс. Тарихи тәжірибие оның күтпеген бет бұрыстарға, ойда жоқ өзгерістерге толы екендігін көрсетеді. Осы бұлтарысы мол қайшылықтарға толы кезеңде жас ұрпақ тәрбиесі, оның қалыптасуы, дамуы, өз саласын шебер меңгеруі күттірмейтін сауалдардың біріне жатады.