Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Стандартизация

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 21 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі


Жоспар
Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі 4
2 Өлшем құралдарын бекітілген түрге сәйкестігіне сынақтар өткізу тәртібі 5
3 Сынақ нәтижелерін тану және түрлерін бекіту 7
4 Техникалық реттеу саласындағы нормативті-құқықтық актілермен енгізілген талаптардың сақталуына органдар мен сынақ зертханаларын мемлекеттік бақылау 9
5 Техникалық реттеу саласындағы нормативті-құқықтық актілермен енгізілген талаптардың сақталуына өнімдерді мемлекеттік бақылау 10
6 Мемлекеттік бақылау 11
7 Өлшем бірліктерінің түрін бекіту тәртібі 12
8 Өлшемдерді орындау әдістерін қолдануға және аттестаттауға жіберу тәртібі 16
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер 21

Кіріспе
Метрологияның ғылым ретінде адамзатқа сіңірген үлкен еңбегі – бүгінде қолданылып жүрген метрологиялық сынап бақылауларды жүзеге асыру.
Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімі – өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарға қатысушы объектілер мен құжаттарды тіркеу есебінің құжаты.
Уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын тиісті халықаралық келісімдер (шарттар) (бұдан әрі - келісім) негізінде шет елдерде жүргізілген сынақ нәтижелерін тану және өлшем құралдарының түрін бекітуді жүзеге асырады.

1 Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
«Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5-бабына сәйкес уәкілетті орган, яғни Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – техникалық реттеу және метрология комитеті) Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімін (бұдан әрі - тізілім) жүргізуді ұйымдастырады.
Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімі – өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарға қатысушы объектілері мен құжаттарды тіркеу есебінің құжаты.
Тізілімді жүргізу Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 18 қарашадағы бұйрығымен бекітілген, тізілімді жүргізудің құрылымына, мазмұнына және тәртібіне қойылатын негізгі талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімін жүргізу ережелеріне (бұдан әрі - Ереже) сәйекс жүзеге асырылады.

2 Өлшем құралдарын бекітілген түрге сәйкестігіне сынақтар өткізу тәртібі
«Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес жаппай өндіруге немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге арналған өлшем бірліктері сыналауға жатады және кейіннен бұл өлшем бірліктері бекітіледі.
Жаппай шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін өлшем бірліктерінің түрлері түрлерді бекіту мақсаттары үшін сынақтардың оң нәтижелері негізінде бекітуге жатады. Өлшем бірліктерінің түрлерін бекіту туралы шешімді техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды.
Түрді бекітуге арналған өтінімге өтініш беруші «ҚР МӨЖ Өлшем бірліктерінің түрлерін сынау және бекіту туралы тәртібі» 2.21 - 2001 ҚР СТ сәйкес мына құжаттарды қоса беруі тиіс:

3 Сынақ нәтижелерін тану және түрлерін бекіту
Уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын тиісті халықаралық келісімдер (шарттар) (бұдан әрі - келісім) негізінде шет елдерде жүргізілген сынақ нәтижелерін тану және өлшем құралдарының түрін бекітуді жүзеге асырады.
Сынақ нәтижелерін тану және өлшем бірліктерінің түрін бекіту «Сынақ нәтижелерін өзара танудың, өлшем құралдарының түрлерін, салыстырып, тексеруді және метрологиялық аттестаттауды бекіту» 06-2001 ПГМ-де белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сынақ нәтижелерін тану және түрін бекітуге арналған өтінімге өтініш беруші 06-2001 ПГМ-ге сәйкес мына құжаттарды қоса беруі тиіс:

4 Техникалық реттеу саласындағы нормативті-құқықтық актілермен енгізілген талаптардың сақталуына органдар мен сынақ зертханаларын мемлекеттік бақылау
Мембақылау сәйкестігін куәландыру жөніндегі органдар (СКО) мен сынақ зертханаларының (СЗ) (орталықтарының) қызметі үшін, олардың қызметінің аккредиттелген талаптарға сәйкестігін белгілеу мақсатында жүзеге асырылады.
Тексеру нәтижелері бойынша тексеру актісі ресімделеді, ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес ықпал ету шараларын (әкімшілік айыппұлдар салу, тіркелу аттестатының қолданылуын тоқтата тұру) қолдану туралы нұсқаулар мен қаулылар беру үшін негіз болады.
Техникалық реттеу саласындағы заңнаманы елеулі бұзушылықтар анықталған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік айыппұл салынады.

5 Техникалық реттеу саласындағы нормативті-құқықтық актілермен енгізілген талаптардың сақталуына өнімдерді мемлекеттік бақылау
Техникалық реттеу жүйесіндегі реформалау және оның жаңа моделіне көші процесінде техникалық реттеу саласындағы барлық нормативтік құқықтық актілер, нормативтік құжаттар сараптауға және оларды соңынан «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкестендіруге жатады.
Техникалық реттеу саласында нормативтік құқықтық актілермен белгіленген міндетті талаптардың сақталуына мембақылау жүргізу кезінде өнімдерге сырттай тексеру, оларды сәйкестендіру және сынақтан өткізу үшін үлгілерін (сынамаларын) алу жүргізіледі.
Үлгілерді сынау тексерілетін өнімдерді сынауға аккредиттелген кез келген зертханада жүргізіледі.

6 Мемлекеттік бақылау
Техникалық реттеу саласында нормативтік құқықтық актілермен белгіленген міндетті талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының аумағында, шетелдік ұйымдарды қоса алғанда, заңды және жеке тұлғаларда жүзеге асырылады.
Мембақылау жөніндегі өкілетті орган ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология (бұдан әрі – Комитет) және оның 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері болып табылады.

7 Өлшем бірліктерінің түрін бекіту тәртібі
«Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес жаппай өндіруге немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге арналған өлшем бірліктері сыналауға жатады және кейіннен бұл өлшем бірліктері бекітіледі.
Жаппай шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін өлшем бірліктерінің түрлері түрлерді бекіту мақсаттары үшін сынақтардың оң нәтижелері негізінде бекітуге жатады. Өлшем бірліктерінің түрлерін бекіту туралы шешімді техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды.

8 Өлшемдерді орындау әдістерін қолдануға және аттестаттауға жіберу тәртібі
Өлшемдерді орындау әдістемесі (бұдан әрі ӨОӘ) – оларды орындау өлшем нәтижелерін ӨОӘ деректерін белгілеген дәлдікпен алуды қамтамасыз ететін операциялар мен ережелердің жиынтығы.
«Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 -бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру салаларында қолданылатын ӨОӘ міндетті түрле метрологиялық аттестаттауға және өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі – ҚР МӨЖ) тіркелуге жатады.

Қорытынды
Тізілім деректері туралы ақпарат Техникалық реттеу және метрология комитетінің кезеңдік басылымдар мен арнайы ақпараттық жинақтарда жарияланады және сұрау салу бойынша Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын өңірлік және халықаралық ұйымдарға жіберіледі.
Өлшем құралдарының түрлерін бекіту туралы оң шешім қабылданған жағдайда түрді бекіту туралы сертификат ресімделеді, өлшем құралдарының түрлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінде тіркеледі, түрді салыстырып, тексеру әдісі мен сипаттамасы келісіледі.

Қолданылған әдебиеттер
1. Артемьев Б.Г., С.М.: Справочное пособие для работников метрологических служб: В 2-х кн. Предисл. Канд. Техн.наук И.Х. Салогяна. – Изд. Перераб. И дом. М.: Изд-во стандартов. 1990.
2. А.Қ.Смағұлов, Г.С. Бейсембай, Б.Б. Барақбаев «Метрология» Алматы 2005ж
3. Г.С. Бейсембай Метрология «методы и средства измерений испытаний и контроля
4. А.К.Смагулов, Г.С. Бейсембай: Метрология и метрологическое обеспечение. Алматы -2005г
5. Шишкин И.Ф. Основы метрологии, стандартизации и контроля качества: Учебное пособие. М.: Изд-во стандарта. 1988г.