Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қылмыстық құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 15 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдары


Жоспар
1 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдары 3
1.1 Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-бап) 3
1.2 Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап) 5
1.3 Кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап) 6
1.4 Баланы ауыстыру (134-бап) 8
1.5 Бала асырап алу құпиясын жария ету (135-бап) 9
1.6 Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап) 10
1.7 Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (137-бап) 11
1.8 Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау (138-бап) 12
1.9 Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану (139-бап) 13
1.10 Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-бап) 14
Әдебиеттер 15

1 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдары
1.1 Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-бап)
Кәмелетке толмаған адамды 18 жасқа толған адамның қылмыстық іске тартуы және қылмыс құрамы ретінде қарастырылады.
Қылмыстың тікелей объектісі-кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары болып табылады. Қылмыстың жәбірленушісі-18-ге толмаған адам, яғни кәмелетке толмағандар. Қылмыс объективтік жағынан алғанда әр түрлі әдістер қолдана отырып кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту арқылы жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту деп 18-ге толмағандарды қылмыстың тікелей орындаушысы немесе өзге де көмектесушісі болуға жігерлендіруге, ынтасын, шешімін қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерді айтамыз.

1.2 Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап)
Криминологиялық зерттеудің нәтижесі көрсеткендей соңғы жылдары елімізде кәмелетке толмағандарды ішімдікке, нашақорлыққа, темекі тартуға және басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту фактілері өріс ала бастаған. Нәтижесінде жеткіншектердің арасында әр түрлі жұқпалы аурулар меңдей түскен, бұл, әрине, ертеңгі болашағымыз үшін аса қауіпті құбылыс. Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке толмаған адамдардың дене және адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, тәрбиеленуі болып табылады. Объективтік жағынан қылмыс кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгірететін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту арқылы сипатталады.

1.3 Кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап)
Кәмелетке толмаған адамды саудағы салу үшін жауаптылық бұрын Қазақстан Республикасының аумағында қолданылған қылмыстық заңдарда мүлдем көрсетілмеген еді. Қазақ жерінде мұндай құбылыс кеңес өкіметі орныққанға дейін мүлдем болмаған. Қазіргі жағдайда кейбір жерлерде кәмелетке толмағандар «зат», «товар» ретінде пайдаланып, қылмыскерлерге пайда табудың көзіне айналды. Дүние жүзінде орын алып отырған осындай келеңсіз құбылыстарға сәйкес ҚР ҚК-тің 133-бабында осы тұрғыдағы іс-әрекетке қылмыстық жауаптылық белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі-кәмелетке толмағандардың мүддесі, олардың дұрыс даму, жетілу, білім алу, тәрбиелену жағдайлары. Қылмыс объективтік жағынан кәмелетке толмаған адамды сатып алу не кәмелетке толмаған адамға қатысты оны біреуге беру немесе оны иемдену түрінде өзге мәмілелер жасау арқылы жүзеге асырылады.

1.4 Баланы ауыстыру (134-бап)
Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол, баланы ауыстыру арқылы ата-анамен баланың туыстық қатынасы зорлықпен бұзылып, адамгершілік принциптеріне жатпайтын әрекеттер жүзеге асырылады. Қылмыстың тікелей объектісі баланың бірқалыпты дамып, жетілу және қалыптасу жағдайлары, олардың және отбасының мүдделері. Қылмыс объективтік жағынан баланы ауыстыру әрекеті арқылы жүзеге асырылады.

1.5 Бала асырап алу құпиясын жария ету (135-бап)
Бала асырап алушының еркіне қайшы қызметтік немесе кәсіптік құпия ретінде бала асырап алу фактісін сақтауға міндетті адамның не өзге адамның пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария еткені үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 135-бабында көзделген. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол кінәлы адам асырап алған балаға немесе үшінші жаққа бала асырап алу құпиясын заңсыз бұзып, оны жария ету арқылы балаға немесе оны асырап алған ата-аналарына орны толмас моральдық зиян келтіреді. Қылмыстың тікелей объектісі-бала асырап алу туралы заңда белгіленген қоғамдық қатынастар, сол бала асырап алушылар мен асыранып алынғандардың мүдделері.

1.6 Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке толмаған, сондай-ақ кәмелетке жасы толған еңбекке жарамсыз балалардың, еңбекке қабілетсіз ата-ананың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін материалдық мүдделері. Қылмыстық жәбірленушілері-18-ге толмаған балалар, 18-ге толған еңбекке жарамсыз балалар; еңбекке қабілетсіз ата-аналар (соның ішінде бала асырап алғандар да).

1.7 Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (137-бап)
Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының немесе өзіне осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сондай-ақ кәмелетке кәмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыруға міндетті педагогтің немесе оқу, тәрбие беру, емдеу немесе өзге мекеменің басқа қызметкерінің орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, егер бұл әрекет кәмелетке толмаған балаға қатал қараумен ұштасса-жауаптылық ҚК 137-бабы бойынша белгіленеді. Қылмыстың объектісі-кәмелетке толмағандардың дене және психикалық жағынан дұрыс дамып, қалыптасуы.Объективтік жағынан қылмыс бірнеше балама әрекеттерді:

1.8 Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау (138-бап)
Қылмыстық құқықтағы бұл бап мүлдем жаңа құрам болып табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі-балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық қатынастар. Қылмыстың жәбірленушісі-балалар. Қылмыс объективтік жағынан-қызметі бойынша өзіне балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның не осы міндеттерді арнайы тапсырма бойынша орындаушының немесе мұндай міндеттерді ерікті түрде өзіне алған адамның тиісінше орындамауы арқылы көрініс береді.

1.9 Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану (139-бап)
Қылмыстың объектісі-қамқоршы немесе қорғаншы тағайындалған баланың денсаулығы, дұрыс тәрбиесі, сондай-ақ олардың материалдық мүдделері. Объективтік жағынан қылмыс қамқоршылықты немесе қорғаншылықты пайдакүнемдік немесе қамқоршылықтағы балаға зиян келтіру үшін өзге арам мақсаттарға пайдалану немесе қорғаншылықтағы баланы қасақана қадағалаусыз немесе қажетті көмексіз қалдыру қамқоршылықтағы баланың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі нұқсан келтіруге әкеп соғу әрекеттерін істеу арқылы жүзеге асырылады.

1.10 Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-бап)
Қылмыстың объектісі-еңбекке жарамсыз жұбайдың материалдық мүддесі.