Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 24 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Өнімді жүзеге асырғаннан кеткен шығынға факторлық талдау жасау


Жоспар
1 Өнімнің өзіндік құнына түсінік 3
2 Өнімнің өзіндік құнына жатпайтын және кезеңдегі шығыстарды мойындайтын шығыстар 5
2.1 Әкімшілік және жалпы шығыстар 6
2.2 Өткізуге байланысты шығындар 8
2.3 Пайыз бойынша шығындар 9
3 Кәсіпорынның шығын түрлері 10
3.1 Өндіріс шығындарын жіктеу 11
4 Экономикалық элементтері бойынша шығындар топтастыру (өндіріске жұмсалған шығындардың сметасы) 16
5 Калькуляциялық баптар бойынша шығындарды топтастыру 18
6 Өнімнің өзіндік құнын анықтау, оның түрлері мен құрылымы 20
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер 24

1 Өнімнің өзіндік құнына түсінік
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны–өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі қорлардың, еңбек ресурстарының, оны дайындау мен өткізуге жұмсалатын басқа да шығындардың ақшалай бағалануы.
Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге жұмсаған шығындарының ақшалай тұлғалануы.
Кез келген меншік нысандағы кәсіпорын нарықтық қатынас жағдайында–залалсыз жұмыс істеуге тиіс өнімнің өзіндік құны, аса маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады.

2 Өнімнің өзіндік құнына жатпайтын және кезеңдегі шығыстарды мойындайтын шығыстар
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнына енбейтін және шығыстардың кезеңдегі шығыстарына жатқызылған (есепті уақыт арасындағы жасалған шығыстар) шығыстар:
– әкімшілік пен жалпы шығыстарды;
– өнім өткізуді жұмсауға кеткен шығыстар;
– проценттер бойынша шығыстар.
Өнім шығаруға кеткен шығындардың бұл шығыстардан айырмашылығы – бұл өндіріс көлеміне қатысты емес және өнімдерді жұмсауға немесе қызмет көрсету түрлеріне байланыссыз үнемі жұмсалатын шығын есебінде қаралады. Сондықтан мұны өнімдердің негізгі көлеміне емес, уақыт кезеңдеріне байланысты есептеу дұрыс.

3 Кәсіпорынның шығын түрлері
Өндіріс шығындары мен өндіріске жұмсалған шығындардың мәні, теориялық және тәжірибелік жағынан өзара ұқсас емес. Кәсіпорын шығындары, олардың экономикалық міндеттеріне қарай ажыратылады. Шығындардың ұдайы өндіріс процесіндегі рөлін анықтап, айыру өте маңызды. Ұдайы өндірістік белгісі бойынша кәсіпорынның шығындарын үш түрге бөлуге болады:

3.1 Өндіріс шығындарын жіктеу
Өндіріс шығындары–материалдық заттар (материалдар, отын, энергия, жабдықтың тозуы, т.б,) мен өнім өндіруге жұмсалған еңбек шығындарының жиынтығы және ол кәсіпорында өнімді өндіру мен өткізудің қаншаға түсетінін көрсетеді. Ақшалай нысанда ол өнімнің өзіндік құны–кәсіпорынның ағымдағы шығыны болып саналады.
Өндіріс шығындары–пайдалы қазбаларды сатудың ең төмен бағасын білдіреді, оны– залалсыздық баға дейді. Ал тауарлық өнімнің жоғары бағасы сұраныспен анықталады. Сонымен, тау-кен кәсіпорны өзінің өніміне оны өндіруге, өткізуге жұмсаған шығындарды, сондай-ақ жұмсалған күш-жігер мен тәуекелдік үшін, пайданың орынды нормасын толық жабатындай баға қоюға ұмтылады.

4 Экономикалық элементтері бойынша шығындар топтастыру (өндіріске жұмсалған шығындардың сметасы)
Өнеркәсіптік өнім өндіруге жұмсалған шығындарды жіктеудің бірыңғай принципін пайдалану мен шығындарды бірыңғай топтастыру, әр түрлі кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын салыстыруға мүмкіндік жасап, оны төмендету жолдарын ашады.
Өнімнің өзіндік құнының құрылымын зерделеу үшін оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың барлығы, шығындардың экономикалық элементтері мен олардың калькуляциялық баптары бойынша топтастырылады.

5 Калькуляциялық баптар бойынша шығындарды топтастыру
Өнімнің бір өлшемін өндіруге жұмсалған шығынның есебін – калькуляция дейді. Калькуляция – кәсіпорын дайындаған өнімнің жекелеген түрлері өлшемінің, өзіндік құнын анықтау үшін негіз болып саналады. Шығындарды баптар бойынша калькуляциялау – пайда мен залалды есептеуге, бағаны белгілеуге, өнімнің өзіндік құнын талдауға мүмкіндік береді.

6 Өнімнің өзіндік құнын анықтау, оның түрлері мен құрылымы
Пайдалы қазбаның бір өлшемінің өзіндік құны шығындарының белгіленген баптары, калькуляциялау арқылы жүзеге асырылады. Ол: жоспарлы, нормативтік, сметалық және нақты калькуляция түрлеріне ажыратылады. Жоспарлы калькуляция – келесі кезеңге өнім шығаруға арналған жоспарлы шығындарды көрсетеді.
Нормативті калькуляция – белгіленген материалдық және еңбек шығындары нормалар мен өндіріске қызмет көрсетуге смета негізінде айқындалады.
Сметалық калькуляция – жаңа өнімге жасалады. Нақты калькуляция, өнімді өндіруге және өткізуге пайдаланған нақты сомасын бейнелейді.

Қорытынды
Өндіріс шығыны – бұл кәсіпорынның өндіруге және өнімді сатуға кеткен барлық шығындардың сомасы, яғни өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарының (нақты еңбек, өткендегі еңбек) жиынтығы.
Кәсіпорынның қызметін айқындайтын экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің өзіндік құны болып табылады. Бұл оның пайдаланылған өндіріс құралдарының шығынын және еңбекке ақы төлеуді қоса есептегендегі оның ақшаға айналдырылған құнының бір бөлігі.
Өнімнің өзіндік құны белгілі бір өнім өлшемін өндірудің және сатудың кәсіпорынға қаншаға түсетінін көрсетеді.

Қолданылған әдебиеттер
1. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Э. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. Алматы: Экономика 2003.
2. А.Қ. Ерали, М.Ғ. Қабылбеков. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық – Алматы: ҚазҰТУ, 2004.