Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 29 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Абай шығармалары – мәңгі мұра


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Абай шығармалары – асыл мұра 4
1.1 Абай және Абайға арналған мұралар 4
1.2 Абай шығармаларындағы мақал-мәтелдердің қызметі 8
1.3 Абай шығармаларындағы диалектизмдердің мәні 12
2 Абай шығармаларындағы өзге тілден енген сөздер 17
2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздері 17
2.2 Абай шығармаларындағы орыс сөздері 23
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер 29

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Абай шығармалары тілінің ерекшелегін анықтау зерттеу нысанының бірі. Абайдың тіліндегі негізгі мәселелердің бірі Абай қолданған сөздер мен қарасөздердің жанрлық мәртебесін нақтылау Себебі, Абай қолданған сөздер мен қарасөздерін этникалық сана мен оның тілдік бейнесі ретінде, тіпті қоғамдық ой мазмұны сипатында зерделегенде ғана оның сапалық қасиеті айқын көрінбек. Ол – Абайдың әлеуметтік-философиялық дүниетанымы арқылы халықтың қоғамдық сана-сезімін қалыптастыруға ықпалы зор болған еңбек. Демек, Абай қарасөздері өз дәуірінің әлеуметтік, тарихи-мәдени аясында қарастыру да жұмыстың өзектілігіне жатады.

1 Абай шығармалары – асыл мұра
1.1 Абай және Абайға арналған мұралар
Абай! Бүгінде тіл біткен қазақтың аузында осы есім, көңілінде осы бейне. Мұншалықты биік бақытқа ие, ғажайып мәртебеге жеткен ұлтымыздың тарихында өнер адамы әлі болып көрген емес.
Өйткені ол – адамзат поэзиясының тарих білетін алыптарының бірі. Әлемдік әдебиетке қазақ топырағынан тұңғыш маржан қосқан ақын. Абай деп атар қазақ аузы ғана емес, Отанымыздың төрт тарабында тегіс атап сүйеді, сүйсінеді.
Абай есімі Мұхтар Әуезов махаббатымен бар ғаламға мағлұм ғой. Бүгінде өз өнері де Батыс пен Шығысқа бірдей бет алады. Әлі де жетпеген жері болса, - ол ертеңгі күннің аманаты. Ұлы есімдер уақыт тастап шығандай бермек, шырқай бермек.

1.2 Абай шығармаларындағы мақал-мәтелдердің қызметі
Абай шығармаларындағы мақал-мәтелдердің қызметі мен өзіндік сипаты ерекше көңіл аударарлық. Мақал-мәтелдер – бүкілхалықтың рухани әлемі сіңірілген тілдік құбылыс.
Мақал-мәтел мазмұны этнос тарихымен тығыз байланысты. Тіпті сонау көне дәуір ескерткіштері тілі мен М.Қашқари “Ұлғатының” өзегінде ел мен жер жайлы, халық пен қоғам тарихынан сыр тарқатар мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Абай шығармаларындағы мақал-мәтелдердің тілдік-танымдық мәнін анықтау арқылы қазақ тіл өнерінде көркем сөздің алатын орнын сараптай аламыз. Тілдік қордағы әрбір мақал-мәтел мағынасының қалыптасу және даму заңдылығы болатындығына Абай шығармалары арқылы тағы бір көз жеткізе аламыз. Ақын шығармалары тіліндегі мақал-мәтелдердің табиғаты мен этнолингвистикалық сипатын анықтай оның өзіндік ерекшелігін де айқындауға мүмкіндік аламыз.

1.3 Абай шығармаларындағы диалектизмдердің мәні
“Диалект деген термин тілде жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді”, – [5,4б.] десек те, Абай шығармаларындағы диалектілер ұлт тілінің құрамды бөлігі, әдеби тілдің бір көрінісіндей болып, қолданыста ешбір айырмашылығы сезілмейді.
Абай тілінде қазіргі әдеби нормамен салыстырғанда бірқатар жергілікті ерекшеліктер орын алғанын филолог ғалымдар С.Аманжолов, Қ.Жұмалиев, Р.Сыздықова өз зерттеулерінде нақтылай көрсетеді. Ғалымдардың Абай тіліндегі диалектілік құбылыстарды танудағы ұстанымы бірдей болмағанымен, тілді тұтынушы, дамытушы тұлғаның тіліндегі әдеби нормаға жатпайтын ауытқушылықтар сараланады. Әйтсе де, ол құбылыстар шығарма тілінің көркемдігі мен әдеби сапа белгісін төмендете алмасы анық.

2 Абай шығармаларындағы өзге тілден енген сөздер
2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздері
Халықтардың тарихи әлеуметтік, экономикалық, мәдени байланысы нәтижесінде, тіларалық қарым қатынас барысында бір тілден екіншісіне сөздердің ауысуы – әр кезеңде бола беретін объективті заңдылық. Белгілі ғалым Ө.Айтбаев осы мәдени процестің себебін орта ғасырдағы түркі әдеби тілінің әсері; кейінгі кезеңдегі діни оқумен; ескіше оқығандардың сөйлеуінде қолданғанымен байланыстырады, сондай ақ кірме сөздер бірде о бастағы мағынасында ғана жұмсалса, енді бірде жаңа мағыналық реңкте қолданғанына тілдік сараптама жасап, объективті түйіндерін келтіреді [9,52]. Тілге ықпал еткен түрлі сыртқы факторлар этностың тілдік санасынан көрініс тауып, ұжымның тілдік танымдық деңгейін айқындауға белгілі бір дәрежеде үлес қосады. Өзге тілден енген кірме сөздердің өзіндік табиғаты айқындалып тұруы да, бастапқы болмысы мүлде өзгеріп, қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп, төл сөзіндей кірігіп кетуі де ықтимал. Абай шығармалары тілінде шет сөздердің қолданылуының бірнеше себебі бар. Араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін еркін меңгеріп, сол тілдердегі өнер туындыларын терең білген Абай ол сөздерді тілін шұбарлау үшін емес, түрлі стильдік мақсатпен саналы түрде қолданғаны мәлім. Ақын шығармалары тілін зерттеушілер өзге тілдік сөздер саны шамамен 578, олардың 402 сі араб, 50 і парсы, бесеуі латын, 25 і татар, ноғай, 62 cі орыс, 27 cі шағатай, төртеуі түрік, бір бірден грек, поляк, қытай сөздері деп көрсетеді [10, 631].

2.2 Абай шығармаларындағы орыс сөздері
Бірқатар зерттеулер дәлелдегеніндей, қазақ пен орыс халқы арасындағы байланыс, сөз ауысу үрдісі сонау ерте замандардан басталғаны анық. Белгілі ғалым Ө.Айтбаев орыс тілінің көптеген сөзі, тікелей қарым қатынас нәтижесінде ауызекі сөйлеу тілі арқылы да, мерзімді баспасөздің жандануымен де белсенді қолданысқа түскенін нұсқайды, сонымен бірге тілдік процеске мықтап әсер еткен жағдайдың бірі – қазақ елінің Россия қоластында болуы деп көрсетеді.

Қорытынды
Абай! Бүгінде тіл біткен қазақтың аузында осы есім, көңілінде осы бейне. Мұншалықты биік бақытқа ие, ғажайып мәртебеге жеткен ұлтымыздың тарихында өнер адамы әлі болып көрген емес.
Өйткені ол – адамзат поэзиясының тарих білетін алыптарының бірі. Әлемдік әдебиетке қазақ топырағынан тұңғыш маржан қосқан ақын. Абай деп атар қазақ аузы ғана емес, Отанымыздың төрт тарабында тегіс атап сүйеді, сүйсінеді.
Абай есімі Мұхтар Әуезов махаббатымен бар ғаламға мағлұм ғой. Бүгінде өз өнері де Батыс пен Шығысқа бірдей бет алады. Әлі де жетпеген жері болса, - ол ертеңгі күннің аманаты. Ұлы есімдер уақыт тастап шығандай бермек, шырқай бермек.