Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдары

Қазақстан Республикасының атқарушы органдарына ҚР Үкіметі, министрліктер, комитеттер, агенстволар, департаменттер, әкімшіліктер және оның басқарушы органдары жатады.
Атқарушы билік өкіметтің қолында жиналған. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады, әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалық шешуші органы. Кабинат мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субьективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конститутцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген.

Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитетінің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы болады. Ол министрлігінің, мемлекеттік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.

Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көздерген шекте салалық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы орган болып табылады. Республикада мынадай негізгі министрліктер бар: Ішкі істер; Денсаулық сақтау; Сыртқы істер; Білім және ғылым; Әділет; Қорғаныс; Ауылшаруашылық; Көлік және кауникация; Еңбек, Кіріс т.б. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері ведомстволар, департаменттер мен басқармалар болып табылады.
Министрліктің алқасы министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Алқаның сандық және адам құрамын минисрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан министр бекітеді.