Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 59 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Махамбет өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
1 МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ ӨСКЕН ОРТАСЫ 9
1.1 МАХАМБЕТ - ӘРІ БАТЫР, ӘРІ АҚЫН, ЖЫРШЫ МӘДЕНИЕТІНІҢ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ 9
1.2 МАХАМБЕТТІҢ КҮЙ МӘДЕНИЕТІ 15
1.2.1 МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР – ЖЕБЕСІ 27
1.3 ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІКТІҢ ӨШПЕС РУХЫ 32
2 ХVІІ –ХVІІІ Ғ.Ғ ХАЛЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕРІНІҢ ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕ ӘСЕРІ 37
2.1 МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ 37
2.2 МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 41
2.3 МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ 47
2.4 МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ 200-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДЕРЕКТЕР 55
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59

КІРІСПЕ
Тарихымызға үңілсек, ата-бабамыздың тарихы бір ізбен ілгерілей берген жоқ. Әрбір тарихи дәуірдің жеңісі мен жетістігі, күйреуі мен күйзелісі қатар жүріп жатты. Ноғайлы хандығы ыдырап, көптеген бытыраңқы ұсақ ұру-ұлыстар иеліктері көбейген тұста әлсіреген елдің береке бірлігі келіп, көрші империялардың тырнағына ілініп тәуелсіздіктерінен айрылды. Жойқын шапқыншылықтар құрбаны боп жапа шекті. Ақтабан шұбырынды сияқты өте қайғылы кезеңдерді басынан кешті. Жоңғарлар шапқыны деп аталатын он сегізінші ғасыр оқиғасы қазақ хандығының іргесін босатып, ұзақ жылдар бойы жаздырмай еңсесін басумен болды. Бұл тұста өзге түркі елдеріне қарағанда ең алдымен, қазақ хандығының қабырғасы қайысты. Ұзақ жылдарға созылған жоңғар шапқыншылықтары күйзелткен қазақ елінің тап сол тұста басқа шапқыншылықтарға тойтарыс берер күші жеткілікті болмады. Осыдан барып қазақ жері Ресей империясының боданына айнала бастады. XVIII ғасырда басталған патша үкіметінің отарлау саясаты ХІХ ғасырдың ішінде аяқталды. Екі ғасыр уақыт ішінде Қазақстан ресей патшалығының отар өлкесіне айналып, өз тәуелсіздігінен түгел айрылды. Қанау мен тонаудың толық правосыздықтың зардабын шекті. Осынау тарихи кезеңдердегі халық басынан өткен қайғылы оқиғалар сөз болып отырған дәуір әдебиетінен тиісті орын алды. Ақын атаулы қазақ қайғысына үн қосып, әлеуметтік шындықты тайға таңба басқандай бейнелеп, ерлік күрес шежірелерін жазды. Ақындар халықтың намысын оятарлық жалынды сөздермен ел еңсесін көтеруге күш салды, қажыған халықты қайратқа шақырған. ХІХ ғасыр ақындары поэзиясының ішінен ел азаттығы үшін күрес туын тікке жауынгер поэзия - Махамбет өлеңдерін айрықша атаймыз.

1 МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ ӨСКЕН ОРТАСЫ

1.1 МАХАМБЕТ - ӘРІ БАТЫР, ӘРІ АҚЫН, ЖЫРШЫ МӘДЕНИЕТІНІҢ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ
Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген – қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан [2].

1.2 МАХАМБЕТТІҢ КҮЙ МӘДЕНИЕТІ
Махамбет Өтемісұлының негізгі шығармаларын бірінші рет жеке – дара кітап етіп жинақтап жарыққа шығарған Алаш қайраткері Қалел Досмұқамбетұлы еді. Ол-“Исатай- Махамбет” деген атпен 1925 жылы Ташкент қаласында басылды да, кейінгі кезеңдердегі зерттеулер мен ізденістерге темірқазық басылымға айналды. Қ.Досмұқамбетұлының махамбеттанудың негізін қалаудағы қызметі аса зор. Ақын өлеңі екінші рет 1939 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Махамбет өлеңдері 1957-1958 жылдары орыс, қазақ тілдерінде кітап болып жарық көрді. Одан кейінгі жылдардағы басылымдар мен олардың ерекшеліктері жұртшылыққа кеңінен мәлім.

1.2.1 МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР – ЖЕБЕСІ
Кез – келген тарихи, яки болмаса шығармашылық тұлға тек өз халқының інжу – маржаны ғана емес, жалпы адамзаттық бастау ретінде «әлем азаматы» санатында болып әр кезеңдегі, әр алуан халықтың мәдениетін тоғыстыратын буын болатыны қақ. Міне, осы пікірге әлемдік қауымдастық ЮНЕСКО шеңберінде 200 жылдығы тойланып отырған дара тұлға, қазақтың ұлы ақыны, бостандық пен еркіндік үшін күрескер Махамбет Өтемісұлы да тұтастай жатады.

1.3 ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІКТІҢ ӨШПЕС РУХЫ
Сол бір туар Махамбеттің қайда салсақ та саф алтындай жарқылдап, ақ алмастай қиып түсіп, шыны майдай шыжғырынды шындықпен көкірегіңді өртеп түсер құдіреті неде? Батыр болса кез келген тымақты шоқпар ұстаған сотқар заманда екіленген есер болмай , еңіреген ер болуының, ақын болса- бардың алдында байпақтап, жоқтың алдында шайқақтап шыға келер өзге әріптестеріндей мақтаушы болмай, жоқтаушы болуының сыры неде? Міне гәп қайда жатыр? Махамбеттің Махамбет болуының себебі де осында ғой. Оның тұсындағы дүркіреген көп ақынның өзі де, сөзі де халық жадынан шыққанда, оның тұсындағы күркіреген көп батыр сазбауға біткен құба талды сайғақ қып жатып алып, бгіндері топографтардың ғана қырағы көзіне ілгері белгісіз жер төмпекке айналған кезінде ақын Махамбеттің тап көз алдыңда көлбеңдей шауып бара жатқандай әлі күнге дейін делбеңді қоздыруының себебі де, міне, осында, Махамбеттің кімнің сөзін сөйлеп, кімнің сойылын соға білгенінде ғой. Істе де, сөзде де шынайылық тек шындықтан туады. Махамбет те өзінің батырлығын, ең алдымен, өз дәуірінің шындығына тура қарау- қалтықсыз, еш бұлтақсыз айта білуге салды. Сөйтіп, мезгілмен бірге өлетін өтіріктің сөзін сөйлемей, халықпен бірге қимылдап, тарихты жасайтын ақиқаттың сөзін сөйледі[12].

2 ХVІІ –ХVІІІ Ғ.Ғ ХАЛЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕРІНІҢ ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕ ӘСЕРІ

2.1 МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Көтеріліс жеңілді, келесі жылы жазда Ақ-бұлақтағы айқаста Исатай қаза тапты. Исатайды жоқтаған «Мұнар күн» сияқты жырлар осы тұста туды. Будан кейінгі сегіз – ақын өмірін ең ауыр кезеңі. 1841 жылы көктемде патша өкіметі Махамбетті Атырау жағасындағы ауылдардың бірін- де тұтқындап, Текеге (қазіргі Оралға ), одан Орынбарға айдайды. Әскери сотқа беріліп, өлім жазасына тартылатын жерінен орыс офицерлерінің ішіндегі достарының көмегімен құтылып кетті. Осындай сүргінді шақта да ақын көңілінің кең сарайы оқуға , өнер- білімге айқара ашық еді. « Өнер- білім бар жұрттардан» тағылым алған ол өз баласы Нұрсұлтанды орысша оқуға бермек болып, Орынборға, бұл жолы енді өз еркімен, сапар шекті. Қандай игі тілек, жақсы талап! Өз баласын халқына пайдалы қызмет ете алатын, көзі ашық, көңілі ояу азамат етіп шығармақшы. Не пайда, ақынның тілегі орындалмады. Күні кеше ақ патша мен ханға қарсы көтеріліс бастаған атақты батыр, жауынгер ақынның баласын патша өкіметі оқуға алмады.

2.2 МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.

2.3 МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Махамбет хадимше және орысша хат танып, жаза да білген ақын. 1839 жылы Назар, Шүренде жүрген кезінде, өз еліндегі достарына арабша жазған хатының қолжазбасы күні бүгінге шейін архивта сақтаулы.
Махамбет хат біле тұрса да оның бізге жазып қалдырған өлеңдері жоқ. Бірен-саран өлеңдері болмаса, көпшілігі-ақ ауызба ауыз, суырыпсалмалық әдісімен шығарылған өлеңдер. Өлеңді керекті жерінде суырып салып айту қазақ ақындарына дағдылы әдет. Мұның әуелгі себебі хат білмеушіліктен, кейін біртіндеп оған дағдыланушылықтан десек, Махамбет те суырып салмалыққа жас шағынан талаптанып, әдеттенгенге ұқсайды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, Махамбет Өтемісұлы – азаттықты көксеген күрескер, қол бастаған батыр, құдіретті ақын, дәулескер күйші десек, сөздің асылы, сөздің қасиеті. Мұның бәрі рас. Алайда дәл осылай жіліктеп, біртұтас құбылысты бөлшектеп танимыз десек, онда Махамбет бойындағы осынау қасиеттердің сыры, мән-мағынасы толық ашылмас еді. Махамбет әлемін, оның жеке басына таңырқау арқылы тану, жеке басын марапаттау арқылы түсіну мүмкін емес. Керек десеңіз, Махамбет болмысын танып- түсіну үшін тек қана өзі өмір сүрген заманы мен қоғамды саралаумен шектелуге де болмайды. Өйткені –ол тұтас бір дәуір толғағы дүниеге әкелген ұлы тұлға.