Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық негіздері

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 28 стр.

Полный просмотр работы

Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар


Жоспар
1 «Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі 3
2 Мемлекет туралы негізгі түсініктер 5
3 Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі 23
Әдебиеттер 28

1 «Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
Құқық негіздері пәні заң ғылымдары бойынша гуманитарлық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуы, елде экономикалық реформалардың жүзеге асуы және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша. Әсіресе, тауар-ақша (мүліктік) және басқару қатынастарын құқықтық реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы ерекше. Сондықтан да бұл пән арқылы ҚР Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принциптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын, жалпы мемлекетіміздің қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін үйретеді.
Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі пәндердің ең негізгілері қамтылып, онда Мемлекет және құқық теориясы, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Әкімшілік құқық, Еңбек құқығы, Қылмыстық құқық, Отбасы құқығы, Қаржы құқығы және Халықаралық құқық салаларынан жоғары білімді мамандар даярлауда қажетті теориялық түсініктер беріледі.
Аталған пән төмендегі мәселелерді қарастырады:

2 Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Мемлекеттің ұғымы және оның белгілері, мәні. Мемлекет адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып қалыптасады. Мемлекет дегеніміз қоғамдық саяси ұйым. Қоғамдық ұйымның алғашқы түрі рулық қауым. Ру дегеніміз адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан адамдардан тұратын қауымдастық.
Рулық қауымда ру мүшелерін ұйымға олардың туыстық қандастығы, бірлесіп істеген еңбегі және мүліктің ортақ болуы біріктіреді. Рулық қауым әдетте екі сатыдан өтеді. Алғашқы әйелдер үстемдік етіп тұрған аналық дәуірде ру топтары әйел туыстық жағынан болса, кейінгі аталық дәуірде билік отбасының иесіне айналған ерлерге ауысады.

3 Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі
Құқық дегеніміз - адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты, тұлғаның бостандығын білдіретін, формалды түрде анықталған, қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.
Құқық белгілері: норматив тілігі, жүйелігі, формалды анықтылығы; мемлекеттің күшіне сүйенуі; адамдардың еркін білдіруі; жалпыға міндеттілігі; өзгергіштігі.
Құқықтың қызметі дегеніміз - адамның іс-әрекетіне, мінезіне, тәртібіне, нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері. Сол арқылы қатынастарды дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету.