Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Сақтандырудың экономикалық мәні.


Жоспар
Кіріспе 3
1 Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері 4
1.1 Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні 4
1.2 Сақтандырудың салалары, сыныптары және түрлері 9
II Еліміздегі сақтандыру түрлерінің жүзеге асуы 11
2.1 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру 11
2.2 Міндетті әлеуметтік сақтандыру 16
2.3 Медициналық сақтандыру 22
III Қазіргі жағдайдағы Қазақстан сақтық рыногының даму ерекшеліктері 24
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер 33

Кіріспе

Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стадиясын басынан кешіруде. Экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс, жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді. Дамыған рыноктық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтерін көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бәрі 40 түрін қамтиды. Өмірді сақтандыру және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.

1 Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері

1.1 Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні


Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс үдерістерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық - заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резервтік және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс үдерістерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

1.2 Сақтандырудың салалары, сыныптары және түрлері

Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Сақтық ұйымының сақтық қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.

II Еліміздегі сақтандыру түрлерінің жүзеге асуы

2.1 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру

Жалпы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс үдерісіндегі залалдың орнын; егер бұл үдеріс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса – толтырумен байланысты. Залалдың орны ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды.

2.2 Міндетті әлеуметтік сақтандыру

Міндетті әлеуметтік сақтандыру ― азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және (немесе) жұмысынан айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және керілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған,(13.3 бөлімді қараңыз).
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің, атап айтқанда, оның құрамды бөліктерінің бірінің – жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен – еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.

2.3 Медициналық сақтандыру

Медициналық сақтандыру – бұл жұмыс берушілердің, азаматтардың сақтық жарналары мен бюджет қаражаттары есебінен сақтандырылған адамдарға зиянның орнын өтеу үшін және медицина мекемелерінің шығындарының өтемақысын төлеу үшін ауырған, жарақат алған жағдайда денсаулықты қаржыландыру жөніндегі қатынастар. Ол әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар елдердің сақтық қорғауы тұтас жүйесінің міндетті атрибуттарының бірі болып табылады.

III Қазіргі жағдайдағы Қазақстан сақтық рыногының даму ерекшеліктері

Рыноктық экономикада сақтық ісіне мемлекеттің монополиясы бұзылған: мүліктік және жеке басты сақтандырудың барлық түрлерін жүргізген бір ғана органның – Мемлекеттік сақтандырудың орнына сақтық рыногында бірнеше сақтық компаниялары, кәсіпорындар, корпорациялар, меншіктің түрлі нысандарының қоғамдары құрылды. Қызмет сферасы сақтандырудың тәуекелдік түрлерін де қамтиды: биржалық мәмілелерді, жүктерді, кредиттерді, коммерциялық, құқықтық және басқа айрықшалықты тәуекелдерді(валюталық бағамның өзгеруі, ереуілдер кезінде кәсіпорынның тұрып қалуы, соғыс қимылдары, жұмыссыздық, экологиялық тәуекелдерді және т.б.) сақтандыру.

Қорытынды

Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген: