Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 23 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Монополистік бәсеке түсінігінің шығуы


Жоспар
Кіріспе 3
1. Монополистік бәсеке түсінігінің шығуы 5
1.1 Бәсеке – нарықтық механизмнің басты элементі 5
1.2 Монополистік бәсекенің пайда болу жағдайы 10
2. Монополистік бәсеке жағдайында фирманың пайданы максималдауы 14
3. Нарықтағы монополистік бәсеке тепе-теңдігі 18
3.1 Монополиялық өнім көлемін белгілеуі 19
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 23

Кіріспе
Нарықтық экономикалық қарым-қатынастар жүйесін орнықтыру – Қазақстан Республикасында, тағы да басқа бұрынғы социалистік елдерде атқарылатын реформаның түп қазығы іспеттес. Нарықтық экономиканың әміршілдік - жоспарлықтан басты айырмашылығы - өндірісті дамытудың негізгі қозғаушы күші және реттеушісі ретінде бәсекелестіктің пайда болуы.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бәсекелестік қарым-қатынастарды қорғау және өркендету, монополияға қарсы заң және соған негізделген мемлекеттік реттеу мемлекет белсенді түрде кірісетін негізгі аясының бірі болып табылады. Әміршілдік - жоспарлы жүйеде монополизм әлеуметтік бағдардың кепілі және негізгі сипаты да, ал монополияға қарсы саясат жоқтың қасы болболды, сондықтан да мемлекеттік монополияға қарсы саясатты жасақтау - мемлекеттің өтпелі кезеңдегі ең маңызды ұйымдық - басқарулық парызы болмақ..
Монополияға қарсы саясат мемлекеттік реттеу жүйесінің құрамдас және қажетті бөлігі болып табылады және оның басқа да әдістерімен, түрлерімен тығыз байланыста, сондай-ақ бұл өзара әрекет пен өзара кірігу жылдан-жылға күрделі де сан алуан боп барады. Мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, кәсіпкерлікті дамыту ең ақырында бәсекені дамытуға арналған. Бұл жерде монополияға қарсы саясат үйлестіруші буын боп шығады.

1. Монополистік бәсеке түсінігінің шығуы
Монополистік бәсеке түсінігі және моделі 1933 жылы шыққан Э.Чемберлиннің аттас кітабына міндетті Бірақ Чемберлиннің монополистік бәсеке туралы көрінісінің өзгеруін ұмытпау керек, оның монополия және бәсеке күші монополистік бәсеке комбинациясын көрсетеді деген сенімі ғана өзгермеді.
Чемберлин өзінің «Монополистік бәсеке теориясы» атты басты еңбегінде олигополияны және монополистік бәсекені нарық құрылымының екі түрлі моделі деп қарастырып, соңғысын ол өнім дифференциациясымен байланыстырды. Кейін, Чемберлин нарық құрылымының жетілген бәсеке және монополия арасында жатқан барлық типтері олигополияны қоса алғанда монополистік бәсеке нарығының кең класына қосылуы мүмкін деген шешімге келді.Ол 1957 жылы : «Таза бәсеке, монополистік бәсеке және таза монополия – маған табиғаттан толық болып көрінетін классификация» деген. Ол «Монополистік бәсеке олигополияны ескермейді емес, керісінше оны қамтиды» деген.

1.2 Монополистік бәсекенің пайда болу жағдайы
Монополистік бәсеке оншақты фирма шаруашылық еткенде және олардың арасында жасырын келісімдер мүмкін емес жағдайда пайда болады.Әр фирма өз жауапкершілігінен тәуекел етіп, өзінің бағалық саясатын анықтайды. Бәсекенің басқа барлық қатысушыларының әрекеттерін болжап, есептесу мүмкін емес.
Монополистік бәсеке өнім дифференциациясы қажет жағдайда және өз тауарларының өтімі үшін тұтынушылардың көзқарасын есепке алғанда өркендейді. Монополистік бәсеке тұтыну бұйымдарын өндіретін салаларда кеңінен көрсетілген. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету өрісінде бізге көптеген мысалдар береді: көйлек, костюм, пальто, тері өнімдері, кафе, театрлар, эстрада және тағы басқалар. Өнім дифференциациясы тауардың сапа ерекшеліктерінде ғана негізделіп қана қоймай, сонымен қатароның қызмет етуіне де байланысты. Әдемі безендіру, дүкеннің орналасқан жері мен жұмыс істеу уақыты, келушілерге ең жақсы қызмет көрсету, бағадан жеңілдікпен қамтамасыз ету тұтынушылардың таңдауының себебі болып табылады.

1-сурет. Монополистік бәсеке.
Фирма аз уақыт ішінде пайданы қалай алса, шығынды да солай шығарады. Бірақ, салада жоғары тосқауылдың болмауы, нақты экономикалық пайда табатын фирмалар, басқа кәсіпкерлердің ұмтылуына әкеп соғады. Нәтижесінде ұзақ мерзім ішінде аналогты жетілген бәсеке жағдайы туады: пайда да жоқ, шығын да жоқ (экономикалық пайда нөлге тең).

3. Нарықтағы монополистік бәсеке тепе-теңдігі
Экономистер шығаруды өзгермелі шешім ретінде қарастырып, фирма үшін таңдау объектісі болып табылмайтын өнім сапасын қабылдайды.Бұл, кез-келген сапа түрлендіруінен басқа, негізгі ұсыныс біртекті тауарлар болатын жетілген бәсеке және монополия жағдайы үшін қолайлы.
Өнімнің біртектілік ұсынысынан бас тартсақ, біз фирмаға өндірілетін өнім сапасын таңдау және оларды түрлендіру қабілетін үлестіреміз. Бұл қабілетке біртекті емес субъектілер немесе дифференциалданған олигополия ие. Бірақ бұдан да көп мөлшерде монополистік бәсеке жағдайында жұмыс істейтін , өнімнің біртекті еместігі сатушылар үшін бәсекеге монополистік мінез беретін фирмаға тән.Бұл жерде сапа таңдау және оның өзгеруі бағамен қатар ең маңызды өзгермелі шешім болып табылады.
Дәстүрлі экономикалық анализ тауарларды жарнамалау сұрағын қарастырмайды.

3.1 Монополиялық өнім көлемін белгілеуі
Монополистің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс мақсаты - пайданы ең жоғарғы деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайды толығымен бақылап, өз шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Г. Нұрмолдақызы Заң қабылданып еді , монополистердің монологы естіле бастады. /Жас Алаш 1998 жыл 6 тамыз
2. Егеменді Қазақстан Табиғи монополиялардың тарифтері төмендетілді. 1998 жыл 29 тамыз
3 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормалық құқықтық акт бюллетені 2000 №2.