Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 51 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Шанхай ынтымақтастық ұйымы


Мазмұны
Кіріспе 3
І-Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуының алғы шарттары 6
ІІ-Тарау. Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі 30
ІІІ-Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымға қатысу - қазақ мемлекеттілігін бекемдеу факторларының бірі 38
Қорытынды 49
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 51

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы мен оның даму барысы және мұнда Қазақстан Республикасының мүше болуы егеменді еліміздің дипломатиялық тарихындағы ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрақты ұйым ретінде 2001 жылы 15 маусымда Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылды. Оған мүше елдердің жер аумағы Еуразия кеңістігінің бестен үш бөлігін құрайды. Халқының саны- 1 миллиард 455 миллион адам. Яғни, жер шарын мекендеген адамзат қауымының төрттен бір бөлігін қамтиды.

І-Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуының алғы шарттары
Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан «Шанхай бестігіне» көпір тастауға болады. Ал бұл шетсіз-шексіз рыногы, жедел дамып келе жатқан әулеті бар Қытай. «Шанхай бестігі « аясындағы интеграцияға Үндістан мемлекеті үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Осыдан Ресей үшін ұлан-ғасыр - көкжиегі бар мүлдем жаңа геосаяси кескін айқындалуда. Ресей Қытаймен бірге ғаламдық интеграциялық одақтың локомотиві сынды бола алар еді, сонда күш - жігерді біріктіру арқылы, осы елдердің экономикаларына өзіне жеткілікті дерлік болуға мүмкіндік беретін модельді құра біліп, Батыстан өзімізде жоқ технологияларды ғана алуымызға қол жете алар еді.
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтық дербес тұлғасы ретінде өмір сүрген алғашқы күннен бастап, елдің басшылығы ұлы көрші Қытай Халық Республикасымен ұзақ мерзімді, тұрақты тату көршілік, достық және өзара ынтымақтастық қатынастарын қуаттап, өрістете беру ұлттық мүддемізге сай келетінін айқындады. Қазақстан президенті Н.Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Меніңше, адамзаттың XXI ғасырдағы дамуы көбіне-көп Қытаймен байланысты болады. Көптеген елдер Қытаймен арақатынасты өз саясатының негізгі өзегі деп түсінеді.

ІІ-Тарау. Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ БІРІ. Ұлттық қауіпсіздік Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030 « Даму стратегиясында белгіленген алғашқы басымдық болып табылады. Сонымен бірге, кауіпсіздікті қамтамасыз ету тек әскери-саяси мәселелерге барып қана тірелмейді. Бұл жерде саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, этноконфессиялық, әскери, т.б. катерлерге карсы түру меңзеледі.
Мәселен, «Қазақстан-2030» Стратегиясында ел кауіпсіздігін қамтамсыз етудің бірқатар бағыттары айқындалған./27/
Біріншіден, елдің дамуын қамтамасыз етуге, тәуелсіздік пен егемендікті нығайтуға баса назар аударылады. Мемлекеттің тәуелсіздік мәртебесін формальды-заңдык, тұрғыдан бекіту тәуелсіздікке іс жүзінде қол жеткізілгенін білдірмейді. Мемлекеттілік қалыптасып, тәуелсіздікке ешкімнің күмәні қалмауы үшін кешенді, жүйелі және рет-ретімен орындалатын шаралар желісі жүзеге асырылуы тиіс.

ІІІ-Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымға қатысу - қазақ мемлекеттілігін бекемдеу факторларының бірі
Халықаралық кауіпсіздік жүйесі әлемдік саясаттың тоқтаусыз және тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қажет. Басқаша айтқанда, қатысушы мемлекеттер басым көпшілігінің мүдделерін жүзеге асыру үшін халықаралық ортадағы тұрақтылықта ұстау үшін керек.
Халықаралық қоғамдастық тарапынан жаңа халықаралық жүйе қалыптастыру қажеттігі мойындалғанымен, бүгінгі күн шындығына пара-пар прогресс байқалмай отыр. Бірінші кезекте мұны қауіпсіздік мәселелеріндегі көп қырлы проблемаларды шешуде бір ізділіктің жоқтығымен байланыстырған жөн. Осының салдарынан ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күрт әлсіреп кетті деуге негіз бар.
Қалыптасып отырған бүгінгі жағдайда кейбір мемлекеттер өзінің қауіпсіздігін және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды өз мойнына алуға мәжбүр. Бұл жерде мемлекеттерде пайда болатын қатерлер мен олардың жолын кесу туралы ұстанымдарында тек өздерінің ғана түйсіктеріне арқа сүйейді.

Қорытынды
ШЫҰ құрылуы мен қызметі барысында қалыптасқан көптеген ресми құжаттар мен келісімдерді талдау арқылы диплом жұмысымда төмендегідей қорытындылар жасадым.
Халықаралық ұйымдар арасындағы ең бір беделді ұйым - ШЫҰ–ның құрылуы мен алғашқы шарттары дүниежүзіндегі болған үлкен және маңызды геосаяси трансформациялармен, «суық соғыстың» аяқталуымен КСРО-ның құлауымен байланысты болды.