Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Заңтану

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 60 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі 8
1.1 Мемлекеттік органдар туралы түсінік және олардың түрлері 8
1.2 Мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті өзін- өзі басқару органдарын сайлау 10
2 Қазақстан Республикасының Президенті 22
2.1 Қазақстанда президенттік институттың пайда болуы және оның дамуы 22
2.2 Қазақстан Республикасының Президентінің конституциялық мәртебесінің негіздері және оның мемлекет органдары жүйесіндегі құқықтық жағдайы 26
2.3 Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігі 33
3 Қазақстан Республикасындағы Парламент 37
3.1Қазақстан Республикасы Парламентінің конституция мәртебесінің негіздері және оның мемлекеттік органдары жүйесіндегі орны 37
3.2 Парламенттің Палаталары: құрамы, қалыпастырылу тәртібі және ішкі құрылымы 39
3.3 Парламент және оның Палаталарының құзыреті мен қызметінің тәртібі 45
4. Қазақстан Республикасының атқарушы үкімет органдары 51
4.1 Қазақстан Республикасының Үкіметі 51
4.2 Өзге де орталық атқарушы органдардың биліктер 54
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60

КІРІСПЕ
Мемлекет ағашқы қоғамның белгілі бір даму кезеңдеріндегі экономикалық және әлеуметтік құрлымдар өзгерістерінің нәтижесінде пайда болып, өзгеріссіз қала алмай дамыды. Сол мемлекет деген ұйымның, өзін басқа- да қоғамдық ұйымдардан ерекшелейтін өзіне тән белгілері бар. Олар бізге белгілі, яғни саяси- мемлекеттік билік, аумақ, жариялылық мәжбүрлеу, халықтан салық жинау қабілеті, егемендік (тәуелсіздік). Одан әрі сөз болатыны осылардың ішіндегі «мемлекеттегі билік» жайлы. Мемлекеттік биліктің өзіне тән ерекшеліктері де бар. Олдың ішінде негізгілеріне тоқталатын болсақ; біріншіден биліктің үш тармаққа бөлінуі (заң шығарушы, атқарушы және сот), екіншіден мемлекеттік билік бүкіл қоғамның, халықтың атынан сөйлейді және олардың мүдделерін көздейді және де оның материалдық негізін – мүліктер, салықтар, тағы сол сияқтыларды құрайды.

1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі
1.1 Мемлекеттік органдар туралы түсінік және олардың түрлері
Мемлекеттік билікті заң шығарушы, аткарушы және сот тармақтарына бөлу - бұл Қазақстан Республикасының кұкыктык мемлекет ретіндегі кызметінің ен басты принципі. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясында былай анықталынған: Республикада мемлекеттік билік бір тұтас, Конституция мен зандар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына беліну принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Билікті тармақтарға бөлу мынаған негізделінген: мемлекетте зандарды қабылдауға (барлығына міндетті мінез- құлық ережесін бекіту), оларды орындауға және төрелігін жүргізуге (адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, осы ережені бұзғандарға жаза колдану, зандарды қолдануға байланысты іркілісті, қақтығысуды және басқа өзекті мәселелерді шешу) [2].

1.2 Мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті өзін- өзі басқару органдарын сайлау
Демократиялык құқыктық мемлекеттің ең қажетті белгісі – сайлау болып табылады. 1948 жылғы Адам кұкықтарының Декларациясында халықтың еркі шынайы сайлау өмірінде жалпыға бірдей, тең және жасырын дауыс беру аркылы жүргізілуі тиіс делінген. [4]. Бұл мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастырудың демократиялык тәсілдері біздін елімізде кеңінен етек алуда.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент депутаттары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары сайланатынын өмірден көріп жүрміз. Сайлау белгілі бір тәртіппен еткізіледі, мұны сайлау жүйесі деп атайды.

2 Қазақстан Республикасының Президенті
2.1 Қазақстанда президенттік институттың пайда болуы және оның дамуы
Президент - Қазақстан даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген, бұрынғы кеңестік өкімет органдарының нұқсандарына орасан зор өзгерістер енгізуіне байланысты пайда болған жаңа тұрғыдағы мемлекеттік институттарының бірі. Бұл 1990-1991 ж. КСРО деп аталынған тоталитарлық мемлекет омір сүріп тұрғанда, соның іргесінен шыққан президенттіқ қызмет, сонан кейін ғана бүкіл одақтас республикаларда да тарала бастады.
Қазақстан Республикасында Президенттің саяси-құқықтық мәртебесі өзінің даму барысында бірнеше сатыдан өтті. Бірінші сатысы 1990 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР-нің Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңынан басталады. Онда Қазақ КСР-нің Президентінің қызметі тағайындалсын және оған сайланған адам ант берген кезден бастап қызметіне кіріседі», - делінген [12].

2.2 Қазақстан Республикасының Президентінің конституциялық мәртебесінің негіздері және оның мемлекет органдары жүйесіндегі құқықтық жағдайы
Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесінде Қазакстан Республикасы Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нақ Президент билік тармақтарының әрқайсысының қызметіне белсене араласады.
Президент деген ұғым конституциялық құкылық мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл қызмет сол үшін әлемдік тәжірибеде марапатталған (АКШ, Франция, Ресей, т.б.), Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес Казақетан Республикасынын Президенті -мемлекеттің басшысы (40-бап, 1-тармақ) [2]. Бұл оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі алатын орнын айқындап тұр. Мемлекет басшысы ретінде ол ел ішінде және халықаралық катынастарда Қазақстанды танытатын, мемлекеттік өкшетінің ең жоғарғы өкілі ретінде, соның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.

2.3. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі
Қазақстан Республикасы Президенті мемлекеттің өмірінде әркилы өкілеттікке ие. Көптеген өзінің қүқығын Парламент Палаталарымен бірігіп, өзара іс-кимыл жасау арқылы іске қосады.
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет органдарын калыптастыруда, олардың кұрамын аныктауда, кызметке тағайындау және босатуда кең көлемді өкілеттігі болады (мысалы, атқарушы билік органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне қарасты органдары жөнінде,т.б.).
Президент атқарушы билік саласында:

3 Қазақстан Республикасындағы Парламент
3.1 Қазақстан Республикасы Парламентінің конституция мәртебесінің негіздері және оның мемлекеттік органдары жүйесіндегі орны
Парламент- Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ен жоғары окілді органы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жалпы мемлекеттік өкілдік мекеме. Қазақстандық парламент жал-пыхалыктық өкілді орган, сондыктан да болар республиканын бүкіл жүртшылығының еркін, мүддесін, мемлекетіміздің тәуелсіздігін, ұлттардың ой-пікірлерін іс жүзіне асыруға күш-жігерін салатыны. Парламенттін өкілдік мәні ең алдымен оның Палаталарын қалыптастыру тәртібімен аныкталады.

3.2 Парламенттің Палаталары: құрамы, қалыпастырылу тәртібі және ішкі құрылымы
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан (мұны бүқаралық акпарат құралдарында, тіпті заңгер окытушы- педагогтердің өздері де жоғарғы палата деп атап жүр, ал Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл термин мағынасында қолданылмайды, тек оны бірінші орынға койғандығы болмаса) және Мәжілістен (оны төменгі палата деседі) тұрады. Парламенттің екі палаталық құрамы басты белгілерімен ерекшеленеді:

3.3 Парламент және оның Палаталарының құзыреті мен қызметінің тәртібі
Парламент құзыретінің мазмұны оның мемлекет органдары жүйесіндегі жағдайымен, өкілді және заң шығарушы органы ретіндегі мәртебесімен анықталады. Палаталар өте маңызды кұкықтарға ие болады. Қазақстан Парламенті қүзыретінін басты белгілерінің бірі - оның әр Палатасының өзіндік қүқықтарының, екілеттілігінің әртүрлі көлемдегі, қаралатын мәселелердің ұқсас еместігі болып табылатындығы. Оны еліміздің Ата заңының 55, 56-баптарынан керуге болады. Осыған байланысты Сенаттың ерекше қарауына жататын мәселелер: [2]

4. Қазақстан Республикасының атқарушы үкімет органдары
4.1 Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасында атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Ол Казақстанда атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Үкімет жалпы құзыретті атқарушы биліктің жоғарғы органы, өйткені өзінің қызметінің барысында мемлекеттіц барлық функциясын өз бойына таратады. Ол Казақстан Республикасы Конституциясын, конституциялық және ағымдағы зандарды, Президенттің нормативтік жарлықтарын, сондай-ақ халықаралық шарттарды орындауды ұйымдастырады, өзге атқарушы органдардың (министрліктер мен ведомстволар) оларды орындауына әрдайым бақылау жасайды.

4.2 Өзге де орталық атқарушы органдардың биліктері
Үкіметпен катар орталық атқарушы органдарға Республика министрліктерімен ведомстволары жатады.
Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте салалық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы орган болып табылады. Республикада мынадай негізгі министрліктер бар: Ішкі істер; Денсаулык сақтау; Сыртқы істер; Іілім және ғылым; Әділет; Қорғаныс; Ауылшаруашылық; Көлік және коммуникациялар; Еңбек, Кіріс, т.б. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері ведомстволар, департаменттер мен басқармалар болып табылады [32,53б].

ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмысымды аяқтай келе, мен бүгінгі күнде құқықтық реформаны жүзеге асыру шеңберіндегі мемлекеттік биліктің, яғни оны жүзеге асыратын тармақтардың мәселесі айтылып, жазылып, өз шешімін тауып жатқан мәселелер де баршылық дегім келеді. Аталғын жұмысты қорытындылай келе, алдымен, мемлекет – бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымыдегім келеді.
Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері болады: