Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 64 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Кәсіпорынның төлемқабілеттілігін мен өтімділігін талдау


Мазмұны
Кіріспе 6
1 Кәсіпорынның қызметін қаржылық жағдайын реттеу 8
1.1 Кәсіпорындар қызметін қаржылық талдаудың негіздері және олардың тиімділігі 8
1.2 Қаржылық тұрақтылықтың экономикалық маңызы 20
2 «Аманқарағай элеваторы» АҚ қаржы жағдайының сипаттамасы мен бағалау 32
2.1 «Аманқарағай элеваторы» АҚ - ның негізгі экономикалық көрсеткіштері мен оның сипаттамасы 32
2.2 «Аманқарағай элеваторы» АҚ қаржы жағдайын жалпы бағалау 34
3 «Аманғарағай элеваторы» АҚ қаржылық тұрақтылығына талдау жасау және оны көтеру жолдары 41
3.1 Абсолютті және қатынасты көрсеткіштер негізіндегі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау 41
3.2 «Аманқарағай элеваторы» АҚ қаржылық тұрақтылығын көтеру жөніндегі іс-шаралар 52
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64

Кіріспе
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыздығы және оның сақталуы, материалдық құндылықтардың қалыптанған қорларының жағдайы, банктік несиені қолдану тиімділігі және оның материалдық қамтамасыз етілуі, мекеменің төлем қабілеттілігі тұрақтылығының бағасы саналады. Қаржылық жағдайды анықтайтын факторларды талдау өндірістің резервтерін табуға және тиімділігін арттыруға әсерін тигізеді.
Айналым қаражаттарын оңтайлы қолдану өндіріс көлемін ұлғайту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, кәсіпорынның пайдалылығын арттыру сияқты өндірістік кәсіпорынның шаруашылық ісінің негізгі көрсеткіштеріне әсерін тигізетіндіктен айналым қаражаттарын тиімді қолдануға ерекше назар аударылады. Айналым қаражаттарын тиімді пайдалануға талдау жасау кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға және қосымша резервтерді табуға көмектесуі керек.

1 Кәсіпорынның қызметін қаржылық жағдайын реттеу
1.1 Кәсіпорындар қызметін қаржылық талдаудың негіздері және олардың тиімділігі
Кәсіпорынның (акционерлік серіктестік немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік, толық серіктестік немесе өндірістік кооператив болсын) құрылтайшылық құжаттарында құрылтайшылардың есептік саясат, кәсіпорынның қаржылық есебі, ірі және аса ірі мәмілелердің жасалуын мақұлдайтын, сондай-ақ басқа түрдегі қаржылық реттеуге қатысуы туралы жағдайларды бекітетін ережелері берілуі керек.
Осылайша, құрылтайшылық құжаттарға, жарғылық капиталға, акцияларды орналастыруға қатысты өзгерістер тек қана акционерлер шешімімен енгізілетіндігі жайлы заңда бекітілген. Акционерлердің қоғамдық ревизорды, есептік комиссияны және қаржылық есеп беруді бекітуі өте маңызды болып табылады. Мәселе мынада, бақылаудың тікелей басқарудан маңыздылығы кем емес, және бұл жағдайдағы қаржылық реттеу бақылау түрі сипатына ие болады. Акционерлер сондай-ақ қоғамдық аудиторды да бекітеді, ал аудиттің табиғаты кәсіпорынның қаржылық жағдайын тексеру мен оны жақсартудың мүмкін болған жолдарын көрсетуден тұрады. Осы ұсыныстардың негізінде акционерлер жыл сайынғы жиналыстарда кәсіпорынның қызметінің бағытын қалай қарай бағыттау керек екендігі туралы шешім қабылдайды, осылайша бақылау тікелей басқаруға көшеді.

1.2 Қаржылық тұрақтылықтың экономикалық маңызы
Қаржылық тұрақтылық тек пассивтік жағдаймен ғана емес, сонымен қатар мекеменің тұрақты дамуымен өлшенеді
Белгіленген қаржының тұрақтылық критериі мекеме үшін өркендеуді ескере банкрот болатын пикараның өтпеуі үшін төлеуге қабілетті кәсіпорынның өнімділіге негізінде тепе-теңдікті сақтау үшін және кем дегенде кәсіпорынның жабдықтаушыларға, кредиторларға және мемлекетке салық төлеуге жеткілікті.
Қаржылық тұрақтылық негізінде «іс-әрекетінің тоқтамаусыз қаржылық қамтамаусыз ету мерзімінің жеткіліктілігі өз құралдарының керек әдісіне ауысуы сияқты жолдары бар. Қаржылық тұрақтылық негізінде меншікті және қарызға алынған құралдардың қатынасымен анықталады.
Кейбіреулері мынаны ескереді: «қаржылық тұрақтылық дегеніміз ол- активтерге (басты қорлар, материалдық емес активтер) салған ақшалай қаражат өз шығындарын өтейтін иеленуші субъект, жақталатын дебиторлық және кредиторлық қарыздарды болжытпай орындауға және белгіленген шарт бойынша оларды мерзімінде төлеуге міндетті [8].

2 «Аманқарағай элеваторы» АҚ қаржы жағдайының сипаттамасы мен бағалау
2.1 «Аманқарағай элеваторы» АҚ - ның негізгі экономикалық көрсеткіштері мен оның сипаттамасы
«Аманқарағай элеваторы» - ашық акционерлік қоғам болып табылады, ол құны тең көрсетілген акциялардың белгілі санға бөлінген жарғы капиталы бар қоғам деген сөз. Қоғамға қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және оларға жататын акциялардың бағасы шегінде қоғамның қызметіне байланысты залал тәуекелдігіне тап болады.
Бұндай қоғамға қатысушылардың оларға жататын акцияларды басқа акционерлермен келісім жасамай иеліктен шығаруға мүмкіндігі бар. Кәсіпорынның шығаратын акцияларға ашық жазылуды және олардың еркін сақталуын қазіргі заңнамада белгіленген шарттарға сәйкес жүргізуге құқығы бар. Акционерлік қоғамның жоғары органы оның акционерлерінің жиналысы болып табылады.

2.2 «Аманқарағай элеваторы» АҚ қаржы жағдайын жалпы бағалау
Қаржы жағдайын талдаудың қазіргі әдістемесі үшін негізгі бастапқы мезеті бухгалтерлік тепе-теңдік нысаны болып табылады. 1-ші кестеде біріктірілген түрдегі тепе-тең нысаны көрсетілген, сондай-ақ тепе-тең бөлімшелері мен бөлімшелер ішіндегі баптардың кейбір мейлінше маңызды топтары бойынша қортынды шамасының шартты белгісі беріліп отыр.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін, аналитикке нақты инструменттер (құралдары) қажет. Бұл сапада индекстер қатысады, яғни екі қаржылық сандық мінездеменің қарым-қатынасы. Біздің зерттеуімізге барлық қаржылық коэффициенттерді нақты топтарға біріктіруге болады: өтімділік коэффициенті; төлемқабілеттілік және қамтамасыз ету коэффициенті; аударымдылық және тиімділік коэффициенті.

3 «Аманғарағай элеваторы» АҚ қаржылық тұрақтылығына талдау жасау және оны көтеру жолдары
3.1 Абсолютті және қатынасты көрсеткіштер негізіндегі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы көбінесе капитал көздері құрылымының қолайлылығына және кәсіпорын активтері құрылымының қолайлылығына тәуелді болады, ол бірінші кезекте негізгі және айналымдағы қаражаттардың ара қатынасына, сонымен қатар кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің теңеуіне байланысты. Қорлардың қалыптасуында процесстер көздерімен қамтамасыз етілуін және есеп беру кезеңіндегі шығындарды абсолютті коэффициенттер көмегі арқылы қаржылық тұрақтылығын анықтаймыз.
Қаржылық коэффициенттер өзімен кәсіпорынның қаржылық жағдайының салыстырмалы көрсеткіштерін ұсынады. Олар қаржылық жағдайының абсолютті көрсеткіштерінің қатынастары түрінде немесе сызықты комбинация түрінде есептеледі.

3.2 «Аманқарағай элеваторы» АҚ қаржылық тұрақтылығын көтеру жөніндегі іс-шаралар
«Аманқарағай элеваторы» АҚ қаржылық тұрақтығын бекіту. Әр аналитикалык негізгі мақсаты талдау жасау мен оның қорытындысын көрсету ғана емес, сонымен қатар оның негізінде ұсынуларды келістіру және көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі жолдарды немесе талдау жасап жатқан объектісіне сапалы сипаттама беру болып табылады.
Сондықтан осы жоғарыда көрсетілген кәсіпорынның қаржылық талдау негізінде, оның басқармасына қаржылық жағдайын жақсартудағы ұсыныстармен бөлісуі керек. Осы талдаулар қаржылық тұрақтылықты және өтімділігін көтеру үшін нақты шаралар пайдалану қажеттілігін көрсетеді. Ол үшін жинақтарды және шығындарды қалыптастыратын негізгі қайнар көз салмағын көтеру қажет.
Оған үш жолмен жету мүмкін:

Қорытынды
Кәсіпорынның қаржылық талдауы қаржымен басқару бойынша қызмет және өнер сияқты қаржылық менеджменттің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіпорын қаржылық жағдайының талдауы кезінде мыналар жүргізіледі: кәсіпорын қаржылық жағдайының ағымдағы және перспективті бағасы; өндірістің тиімді даму мүмкіндігін анықтау мақсатымен қаржылық ресурстарды қолдану және құрылымы; қаражат көзін анықтау және олардың мобилизациялау мүмкіндігінің бағасы; кәсіпорын қаржылық жағдайының болжамы. Талдаудың үш негізгі деңгейі көрсетіледі: