Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық социологиясы

Тип: Реферат

Объем: 8 стр.

Полный просмотр работы

Ерте түркі дәуiрiндегi әлеуметтiк – құқықтық ойлар. Ерте түркі жазбаларындағы әлеуметтiк – құқықтық идеялар

Ерте түркі мемлекетінде VI – VIII ғасырларда тасқа қашалып жазылған Орхон – Енисей жазба ескерткiштерiнiң дүние – жүзiлiк өркениет тарихында алатын орны ерекше.
Бұл ескерткіштер жазба мәдениетінің ғана емес, сол кездегі саяси ойдың да асыл мұрасы болып табылады. “Күлтегін”, “Білге қаған” және “Тоны көк” шығармаларында сол бір тарихи кезеңнің саяси тынысы, түркі халықтары өміріндегі аласапыран оқиғалар, ел билеушілерінің отаншылдық, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным – сенімі, ұлыс аралық қарым – қатынастар, жеңістері мен қателіктері баяндалады.

Ерте түркі өркениетінің саяси-әлеуметтік саладағы құнды табыстарына олардың қоғамның жаңа әлеуметтік-саяси құрылымын қалыптастыруын жатқызуға болады. Олардың түркілер қоғамындағы шешуші роль атқаратын қаған бастаған империялық ақсүйектер билігін қалыптастыруы — орасан зор Түркі империясының өмір сүруімен тығыз байланысты. Жоғары биліктегі қағанның ең басты міндеті де “ел жұртының қамын ойлау, халқын асырау, елді қорғау, күші мен ісін мемлекет мүддесіне жұмсау” болған. Қаған басына қойылған мәңгілік тасқа ойып жазылған мақтау сөзде, “ол өзінің халқын армансыз асырады” деп айтылады. Жоғары биліктің қаған мен бектердің қолына шоғырлануы да оларға ел тағдыры мен қауіпсіздігі, халықтың бейбіт тұрмысы үшін саяси – құқықтық тұрғыдан да зор жауапкершілік пен міндеттер жүктеген еді.

Қазақстан аймағындағы алғашқы адамдар, тас дәуiрiнен бастап еңбек құралын сапасына қарай таңдады, осыдан сезiмдi мәндi әрекет процесі басталды. Қола дәуiрi тарихта жалпы тұрғындардың бақташы тайпалардың бөлiнуiмен және алғашқы ең үлкен қоғамдық еңбек бөлiнiсi болуымен белгiлi. Бұл сол-ақ екен материалдық мәдениеттiң дамуына, өркендеуіне қуатты қозғаушы күш берді. Тері шалбарлар пайда болды және көрші халықтар мұны жылдай-ақ қабылдады.